Модульдік оригами техникасымен гүл шоғын дайындау

Сабақтың тақырыбы: Модульдік оригами техникасымен гүл шоғын дайындау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға модульдік оригами өнері деген сөздің мағынасын түсіндіру.

Білімділігі:Балаларға қағаздан бүктеп  гүл шоғын жасауды үйрету, өз бетінше жұмыс жасауды меңгерту.

Дамытушылық: Ойлау, шығармашылық қабілетін, қолөнерін дамыту, сөздік қорын молайту.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, іскерлікке, шеберлікке баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Оқытудың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: ереже, суреттер, тірек сызба нұсқалар, мақал – мәтелдер.   Сабақтың барысы:   1.Ұйымдастыру кезеңі.  Құрметті  оқушылар!     

                                                                             Орнымыздан тұрайық.

Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, амандасайық.

          «Келгенше қонақ ұялады,

          Келген соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.

Бүгінгі сабақ  еңбекке баулу. Еңбек туралы өлеңді айта қояйық.

Психологиялық дайындық.

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – Еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – Еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

  • Ия, адамның жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын нәрсе – еңбек.Еңбектенген  адамнан өнер туады.

«Өнер көзі – халықта», дейді дана халқымыз.

2.Жаңа сабақ

Бүгін сабақта қағазбен бүктеп гүл шоғын жасауды үйренеміз.

Қағазбен бүктеу турлері: кусудама, манигами, квиллинг, оригами.

 

Кусудама   (дөңгелек шар)

 

 

 

 

Манигами  (ақшамен буктеу)

 

 

 

 

 

 

Квиллинг   (қағазды ұзыннан, көлденең кесу, тілшелер жасау). Қағаз тілшелер өруге, бұрауға, ширатуға жеңіл). Сондықтан олардан әр түрлі құрастырма заттар жасайды.Әр түрлі дөңгелек, сопақ, бұрыш пішіндері жалғап құрастырады.

 

 

 

 

Оригами деген ол қағазды бүктеу. Бүгін біз модульдік оригами өнерімен танысамыз.Ол үшін бізге офистық  түсті қағаз  қажет. Бір қағаздан біз бүктеп 16 модуль жасаймыз.

 

Қалай бүктеп модульдік оригами жасауға болады?

1.

  1. 3.

    4.

    5.

  2. Модульда екі қалта болады

Осындай 16 модуль жасаймыз. Гүл құрастырамыз. Бірінші қатарда 8 модуль, екінші қатарда 8 модуль.

 

  1. Сарамандық жұмыс:

Бүгін біз сабақта  қайшы  және желімді пайдаланамыз. Олай болса қандай ережелерді еске түсірейік.
1.Қайшыны жолдасыңа сабымен ұсын.

  1. Қайшыны парта үстінде ашық қалтырма.
  2. Қайшыны ауызға салма.

4.Желімді дұрыс пайдалан.

  1. Гүлді дайындау

 

Енді дайын гүлімізді қатырмақағазға жапсырамыз. Сабағын, жапырағын қиып алып, желімдеп жапсырыңыздар.

«Гүл ексең – жердің көркі» деген, біз де жұмысымызды әдемі жасайық.

 

4.Сабақты бекіту. Модульдік оригами арқылы мұнадай бұйымдар жасауға болады. Слайд шоу.

а) Бүгінгі сабақта не жасадық?

б) Оригами деген не?

в) Оригами не үшін пайдаланамыз?