Тәрбие сағатының тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Елін сүйген, елі  сүйген Елбасы

Мақсаты: «1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні » мерекесінің мәнін ашу Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы , туып өскен , оқып білім алған ,                     қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Оқушылардың бойына Елбасына деген сүйіспеншілік ,құрмет сезімін  қалыптастыру.  «Қазақстан-2050 стратегиясы» Жолдауын талдап, оқушыларды казақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Қазақстанның даму жолдарын айтып өту.
Қазақстан Республикасының өткені мен бүгінгі тарихындағы дамуына деген қызығушылықтарын арттыру.Оқушыларға отанын сүюге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті,  тіл, туған жертуралы өлеңдер.
Тәрбие сағатының барысы: 

Сәлемдесу!

Оқушылар ҚР әнұранын айтады.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» деп аталады.
Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді назарымызды президентіміздің туып өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильміне аударайық (үзінді ).
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6-шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата-анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды армандады.
(Слайдтан туып өскен жерінің табиғат көрінісін көрсету)
Ерте есейген Сұлтан мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
Жұбайы Сара Алпысқызы Халықаралық «Бөбек» қорын басқарады. Елбасымыздың үш қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
(Слайдтан отбасымен түскен фотоларын көрсету).
1-жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан Әбішұлы Қарағанды металлургия зауытында шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметін атқарды. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітіреді.
2-жүргізуші: Елбасымыздың қызмет еткен кезеңдері:
(Слайдтан қызмет еткен кезеңдерін көрсету)
1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973-1977жж – Қармет комбинатының партком хатшысы.
1977-1979 жж – Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-ші хатшысы.
1979—1984 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.
1984-1989 жж – Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
1989-1991 жж – Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.
1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1-жүргізуші: 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпыхалықтық саулау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%, 1999 жылы 10-қаңтарда 79,78 % , 2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%, 2011 жылы сәуір айының 3-нде де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
(слайдан дауыс беру кезеңі мен ант қабылдау сәті көрсетіледі).
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктерге тоқталсақ:
— Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;
— Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті;
— Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекеттке айналды;
— ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;
— Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет- Қазақстан;
«Қазақстан- 2050» стратегиясына  тоқталып  кетсек

— Жолдау туралы не естерінде  қалды?
Оқушыларға өз ойларын айтқызу

ҚАЗАҚСТАН  2050

 

 

 

30 елдің құрамына      3 тілді  еркін       елдің денсаулығын жақсарту

                                          меңгеру

— Біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қандай елде?

Тәуелсіз дегенді  қалай  түсінесіңдер?
Қандай  рәміздеріміз бар?

— ҚР — ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
— Біздің тұңғыш президентіміздің аты — жөнін білесіңдер ме?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Қазақстан туралы не білеміз?

Туған  жер,  Отан және  тіл  туралы өлеңдерді  айтады.

Сендер  еліміздің көркеюіне қандай  үлес  қосып  жатсыңдар?

Біздің  Елбасы  сияқта  болу  үшін  қандай

Қорытынды:

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сабағымызды «Елбасы арманы» әнімен аяқтаймын.