Еліміздің мемлекеттік рәміздері
3ә сыныбының әдістемселік оқу пәніне арналған қысқа мерзімді жоспар.
Сабақтың тақырыбы: Еліміздің мемлекеттік рәміздері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Тақырыптың Мағынасы туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: 2. Есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілік: 3. Елін, жерін, отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың тіндеттері: Оқушыларды сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету, топпен жұмыс істеуге , ізденуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
- Топтасып жұмыс істей білуге үйрету.
- Әр бала өз ойын еркін жеткізе біледі.
- Шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқыту технологиясы: АКТ, СТО.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Диалогтық сұрақ-жауап
Топпен жұмыс: Ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Балаларға таратылатын ресурстар.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, музыка.
Сабақтың жоспары
Уақыты | Сабақтың ұйымдастыру формасы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | |
1 | 1 мин | Ұйымдастыру | а)Сәлемдесу | Сәлемдесіп болған соң, сынып назары сабаққа ауады. |
2 | 2 мин | Топтастыру | 1.Алғырлар 2.Тапқырлар 3.Ойшылдар | 3-топқа бөлінеді |
3 | 3 мин | «Миға шабуыл» сөзжұмбақ шешу | Әр топқа сөзжұмбақ беріледі. Iтоп. «Қазақстан» II топ.«Маңғыстау» IIIтоп. «Туған елім» | Ойлана отырып сөзжұмбақты шешеді. Шешуіндегі сұрақтарға өз білгендері бойынша жауап берді |
4 | 6 мин | Негізгі бөлім | Тақырып туралы мәлімет беру | Түсініксіз сөздер туралы толықтыру. Білетін өлеңдері, мақал-мәтел |
5 | 2 мин | Сергіту сәті | ||
6 | 20 мин | Топтық жұмыс | Әр топқа тақырып бойынша ресурстар таратылады. I топқа: Еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы әңгімелеу II топ: ҚР мемлекеттік туының белгілерін атап бер. Постерге түсіріп қорғау. IIIтоп. Елтаңбаның белгілерін кестеге түсіріп әңгімелеу.
| Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды постерге салғандары бойынша қорғап шығады. |
7 | 6 мин | Сабақты бекіту Шығармашылық жұмыс. I топ. Отан дегеніміз не?Оны қалай түсінесіңдер? Iiтоп. 1.Біз тәуелсіз елміз. (мәтін) III топ. Астана-бас қала. | ||
8 | 2 мин | Сабақты бағалау | ||
9 | 2 мин | Кері байланыс парақшасы | Стекерлер таратады | Әр топ келесі топқа өз пікірлерін жазады. |
10 | 1 мин | Үйге тапсырма | Әңгімелеу | Бостандық таңы атты мәнерлеп оқу |