Қосу мен азайту. Бекіту

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту. Бекіту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :бірнеше бірлікке арттыру мен кемітуге арналған есептерді шығару дағдыларын бекіту.

Дамытушылық :1 8 сандарын қосу және азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімдерін, теңдік, теңсіздік құрастыра білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік : өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, іскерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : интерактивті тақта

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру бөлімі :Психологиялық дайындық.

Сәлем дейік қолымызбен,

Сәлем дейік көзімізбен,

Сәлем дейік аузымызбен,

Қуансын бар әлем бізбен!

1.Бүгінгі математика сабағында бізге бір қонақ келді, оның кім екенін білу үшін біз мына суретті құрастыруымыз керек. Ол суреттер жай құрастырылмайды, ол үшін есеп шығаруымыз керек, әр есеп сайын біздің суретіміз шығады.

Ауызша санау.

10 ға дейін санау/ кері санау.

№ 1.екі көршілес жүзімде жазылған сандарды қосып, нәтижесін төменгі жүзімге жаз: Тақтаға шыққан оқушы мынадай жүзім алады

 

2
1
1
2
3
1
0
2

 

 

 

 

 

(суреттің бір бөлігін ілу, жүзім тарату.)

 

№ 2 оқулықпен жұмыс. Өрнектерді пайдаланып, теңсіздіктер құрастыр:

5+4                       6-3                        8+2

9-5                    4+3                          2+4

(суреттің бір бөлігін ілу, жүзім тарату.)

№ 3 қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыр:

а)Болғаны – 6

Келді-3

Барлығы — ?

Шешуі: 6+3=9

Жауабы: 9 бала

ә) Болғаны – 8

Кетті – 2

Қалды — ?

Шешуі: 8-2=6

Жауабы:6 бала

(суреттің бір бөлігін ілу, жүзім тарату.)

 

№4 кестелерді толтыр:

Қосылғыш07345
Қосылғыш52631
Қосындының мәні

 

Азайғыш109876
Азайтқыш63242
Айырманың мәні

(суреттің бір бөлігін ілу, жүзім тарату.)

№5 Салыстыру.

7+0*7-0         5-5*5-2

6+0*6+2        4+4*4+0

3+2*3+0        8+0*8-8

№ 6 Ауызша. Сандардың құрамын анықта:

а)

 

 

 

 

 

 

ә)

(суреттің бір бөлігін ілу, жүзім тарату.)

№7   логикалық есеп. Қарындаштардан суреттегі фигураларды құрастыр. 5 бірдей шаршы шығатындай 2 қарындаштың орнын ауыстырып қой.

 

 

 

 

 

 

(суреттің бір бөлігін ілу, жүзім тарату.)

Қорыту.

  • Балалар ненің суреті шықты?
  • Осы жылы ұлу жылы, бізге кім екен қонаққа келген?
  • Алдымызда қандай мейрам күтіп тұр?
  • 22 наурыз қазақтың жаңа жылы, жаңа ұлу жылы келді.

Үйге тапсырма: № 3, б.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды, жүзім алғандарды бағалау.