Қызықты математика
Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты:
- Оқушылардың алғашқы алған білімдерін бекіту.
- Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу қабілеттерін дамыту.
- Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезім тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.
Түрі: жарыс
Әдіс –тәсілдері: талдау, көрнекілік, сұрақ-жауап, ішінара-ізденушілік, өз бетінше жұмыс, т.б.
Көрнекілігі: логикалық тапсырмалар түрлері, ат макеттары, тақта, эмблемма, ойындар, шоколадтар, мақал, сөзжұмбақ, ребус, әуен, таға –фишка ретінде.
Барысы: І. Қызығушылықты ояту.
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Алдағы уақытта не істейтінімізді сендер өздерін біліп, табу керексіңдер. Ол үшін мен сендерге тапсырма беремін.
* Тапсырма: Берілген сандардың орналасуы бойынша сөздерді оқы.
(тапсырманы әртопқа үлестіру)
Т | Р | А | Ж | А | С | Ы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3, 1 АТ
4, 5, 2, 7 , 6 ЖАРЫС
-Балалар бұл сөздер сендерге таныс па? –Сонда бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар бүгін ат жарысы, «Бәйгеде» жарысқа түсеміз. Бұл қандай ойын? (Ұлттық)
- Міне аттармен жарысамыз.Шаптырым жеріміз 8 километр. Әрине әр кл-де көптеген қызықты тапсырмалар орындаймыз, кім мәреге бұрын жетеді, сол жеңімпаз болады.
- І топ – Тор атпен шабасыңдар, ( қоңыр түсті ат)
- ІІ топ – Күрең қасқа атпен шабасыңдар, (қызыл, қызылғылт ат)
Бәйгемізді бастайық!
1 километр тапсырмаысы: «Математикалық» сөзжұмбақ.
Тапсырма: берілген өрнектерді шешіп, жауабын сөзжұмбаққа сөзбен жазыңда
- 4+3
- 5-5
- 10-9
- 2+4
-Қандай сөз шықты?
— Жылқы қандай жануар?
(4түліктің бірі, қасиетті, пайдалы,
Жесең ет, мінсең көлік, ішсең қымыз)
|
|
|
|
(екі топты тексеру, аттарды жылжыту)
2 километр тапсырмасы: «Теңсіздіктер мен теңдіктер»
Тапсырма: мына теңгелерді пайдаланып, теңдіктер мен теңісіздіктер құрыңдар.
-Қай топ көп құрады екен байқайық. -Жарайсыңдар, балалар!
3километр тапсырмасы: зейінділікке тапсырма.
1-топ. 2 топ.
Неше үшбұрыш? (5) Неше төртбұрыш? (5)
4 километр тапсырмасы: Қызықты сұрақтар.
Тор ат тобына 1-топ-
- Ағашта 4 құс отыр; 2 торғай, қалғаны қарға. Неше қарға отыр? — 2-
- Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. Неше жасыл қызанақ қалды?
- Екі таяқтың неше шеті бар?
Қүрең қасқа ат 2 топқа-
- Сен, мен және біз. Нешеуміз?
- Аслан- 4 жаста, Дариға -9 жаста. Кім үлкен? Кім кіші?
- Бірінші Назар базарға бара жатыр, екінші Назар базардан келе жатыр. Қай Назар тауар алды? Қай Назар тауар алған жоқ?
Сергіту сәті:
1) Бұл шеңберде нүкте нешеу,
Сонша қолыңды көтер дереу.
2) Қанша шаршы көріп тұрмыз,
Сонша алға еңкейеміз.
3) Кесінді нешеу болса,
Сонша секір қуана.
- Бұрыштарды санайық,
Сонша отырып, тұрайық.
-Демалдық па , балалар, ендеше бәйгеміз жалғасады.
5 километр тапсырмасы: «Бос орынды толтыр».
Тапсырма: неше ондық барын, неше дм. барын анықтау.
60 = онд 50 = онд
80 = онд 90 = онд
100 = онд 10 = онд
40см = дм 6дм = см
9дм = см 80см = дм
—Жарайсыңдар , балалар!
6 километр тапсырмасы: Ребус шешу.
(әр топқа екі түрлі тапсырма)
100-зім, 100-і 100-зіп, 100-зік
Айырма, азайту
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі (аттың шабысыны келтіру)
7 километр тапсырмасы: «Боя әрі ойла».
Тапсырма: өрнектердің мәнін тауып тиісті түспен боя.
-Бұлар қандай көлік түрлері? Жарайсыңдар!
8 километр тапсырмасы.
Тапсырма:І топ – артық затты тап, түсіндір неге артық.
Тапсырма: ІІ топ- әр топтағы заттарды бір сөзбен ата. Неліктен олай? –Мадақтау.
Қорыту:
-Жарайсыңдар, балалар! –Қайсы топ жеңді екен?
-Балалар бүгін не білдіңдер? – Не үйрендіңдер? — Не істедіңдер?
-жарайсыңдар, ұлттық ойынымыз «Бәйге» ұнады ма?
-енді менің сендерге жүлдеге беретін сиқырлы сыйлығым бар. (Шоколад үлестіру, мақалдың әріптері бар)
К Ү Ш – Б І Л І М Д Е
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
-Кімнің шоколадында әріп кездесті. Қане сол әріптерден сандарды өсу ретімен қойып, мақал құрайық. ( кітап формасындағы плакатқа жабыстыру)
-Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Ал білімді қайдан аламыз?
-Ендеше балалар, көп кітап оқып білімді болайық. 1-1-ге шапалақтайық.
-Сабағымыз аяқталды. Мадақтау.