ЗАТ ЕСІМДІ ҚАЙТАЛАУ Ашық сабақ
ЗАТ ЕСІМДІ ҚАЙТАЛАУ Ашық сабақ
Сабақтың максаттары:
- Зат есім, олардың сұрақтары,жалқы есім мен жалпы есім,олардың жазылу емлесі жайлы алган білімдерін кеңейту.Теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеріп,өз ойларын мысалдар арқылы дәлелдеуге үйрету;
- Оқушылардың ойын дамытып,сөздік қорын молайту;
- Ана тілінің қадір-қасиетін жете түсінуге және оны өзгеге жеткізе білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі.Аралас сабақ
Сабақтың әдісі.Баяндау, талдау, Венн диаграммасы,топтастыру,5 жолды өлең.
Көрнекілігі.”Сөз таптары” деп аталатын карта, Жалқы есім” , ”Жалпы есім” , ”Көптік жалғау” ,
”Септік жалғау” , ”Тәуелдік жалғау” , ”Жіктік жалғау” деген короналар, ”Зат есім” сөзжұмбағы, карточкалар.
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім:-Балалар, біздің бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.
Сабағымызды ана тілімізге арналған әнімізбен бастайық.(Оқушылар әнді орындайды)
Мұғалім: Қасиетті тілімізді әнге қосып шырқап отырған қай ауылдың балалары екен?
Оқушы: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көнілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,-деп
ұлы бабамыз Абай айтқандай, енді сүйіп,ана тілін қадірлеп,ардақ тұтар №104 қазақ орта мектебінің 3-А сынып оқушылары.
Мұғалім:”Ана тілін білмейінше, өзге пәндері түсіну мүмкін емес”- деп, Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай,дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу үшін,қазақ тілінің үйрететін мәселелерін зер салып меңгеруңміз керек.
Өткен сабақта”Сөз таптары” деген таруды бастап, зат есім тақырыбын өткенбіз.Бүгінгі сабаққа, картада Қазақстан жері қаңдай кең болса, ”Сөз таптары” деген де сондай кең ұғым ғой деп, сөз таптарын Қазақстан картасына бейнелеп алып келдім.
- Мынау – аумағы ұшқан құстың қанатын талдырған, жүгірген аңның тұяғын тоздырған ауқымы кең”Сөз таптары” деп аталатын мемлекет. Оның 9 аймағы бар. Енді осы мемлекетке саяхат жасар болсақ, ең бірінші болып зпт есім аймағына ат басМысалыын тірейміз.Зат есім дегеніміз не? Ол туралы осы зат есім аймағынан келген оқушыларға сөз берейік.
Ортаға короналар киген оқушылар шығады.
Зат есім:Картадан көсетіп: “Сөз таптары” деп аталатын улкен мемлекеттің бірінші аймағы “Зат есім” –біздің ел.
Біз бүкіл жанды-жансыз заттар мен құбылыстарды кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар арқылы бүкіл әлемге танытамыз.Біз Жалпы және Жалқы болып екіге бөлінеміз. Мынау – менің Жалпы және Жалқы деген ұрпақтарым.Ал мыналар менің жалғауларым. Енді осыларға сөз берейін.
Жалпы есім:- Зат есім біздің үлкен атамыз. Біз солардын тараған ағалы—інілі Жалпы және Жалқы деген ұрпақтарымыз.Екеуміз екі түрлі болсақ та керекпіз. Мысалы мен – Жалпы деген аталарың боламын.Мен Жалқы інім сияқты көптен бөлініп дараланбаймын. Мен үшін бәрі бір деңгейде, бәрі жалпы. Сондықтан да жалпы атанғанмын.Мысалы: Ы. Алтынсариннің “Өзен”өленің алып қарашы:
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бірқалыпты,
Аралап тау мен тасты арқырығын,-дегенде тауы мен тасы, өзені мен суы, желі- мен үшін жалпылау ұғымдар.
Мұғалім:Ия,балалар, біркелкі заттарды жаппай атайтын зат есімдер жалпы есім деп аталады. Адамның туытстық атаулары:ата,әже,аға,тәте. Географиялық атаулар:таулар,өзендер,қалалар.Мамандық атаулары:мұғалім,ұшқыш,дәрігер.Адамдарға берілген жалпылама атаулар: оқушылар,ұлдар,қыздар.Енді жалқы есім деген қонағымызға сөз берейік.
-Мен – зат есімнің “Жалқы есім ”деген ұрпағымын.Мен бүкіл адамзат баласын,асқар-асқар тауларды, айдын шалқар көлдерді,мемлекеттерді,әсем қалаларды,кітап, газет-жорнал,ән,күй,би аттарын жекелеп,даралап көрсетемін.
Ірілігім сол емес пе, ылғи бас әріптен бастап жазыламын
Мұғалім:-Ал,енді зат есімнің жалғаулары қандай қызмет атқарады екен?
Көптік жалғау:-мен зат есімді көбейтіп байлығын арттырады.
Септік жалғау:-мен зат есімді жан-жағындағы елдермен байланыстырамын.
Тәуелдік жалгау:-мен зат есімге жеке меншіктік қасиет беремін.
Жіктік жалғау:-мен зат есімге баяндылық қасиет беремін.
Мұғалім:-Ой,рахмет сіздерге!Біздің балаларға өздерініз туралы жақсымағлұмат берініздер.Жоғары шығып отырыныздар.Біздің оқушылар сіздермен әлі де терең танысқылары келеді
II Топтастыру.
Жалқы
жіктеледі Жалпы
тәуелденеді Зат есім негізгі
септеледі туынды
Көптеледі
III Венн диаграммасы.
Жалпы Жалқы
IV”Зат есім” сөз жұмбағын шешу
1.Қала аты
2.Әкенің әкесі
3.Менің қалам
4.Зат есімнің жалғауы
5.Бақша өсімдіктері
6.Менен кіші қыз
7.Жүз жасаған ақың
V Сюжетті сурет бойынша мәтін құрау.
Жалқы есім мен жалпы есімді,тәуелдеулі зат есімді табу
VI Құрманғазы Сөзіне 5 жолды өлең құрау.
VII Карточкамен жұмыс.Жұрнақтар арқылы туынды зат есім жаса мал,ән,комбайн,күре,тара,кітап,(малшы,әнші,комбайншы,күрек,тарақ,кітапхана)
VIII Сабақты қорыту.Бүгінгі сабақта зат есім жайлы білімді тиянақтадық.
IX Оқушылардың білімдерің бағалау.
X Үйге тапсырма.Жалқы есім мен жалпы есімді қатыстырып 5 сөйлем құрап жазу