Малдың төлін сүюі

Сабақтың тақырыбы : Малдың төлін сүюі.

Сабақтың мақсаты: а) Жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы түсінік беру.

Ә) Оқушылардың сөздік қорын дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Б) Оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, адамгершілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білім беру

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастру кезеңі

А) психологиялық дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ешкі әңгімесін оқыту

Үш қатарға түліктің суретіне қарап сипаттама беріледі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мақсат қою: сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

А) Төрт түлікті атау

Ә) Малдың адамға қандай пайдасы бар

Б) Малдың төлін атау

— Сиырдың төлі

— Бұзау

— Жылқының төлі

— Ешкінің төлін сүюі

— Мақал-мәтел айтқызу

  1. Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл-көсір.

4) Ертегіні түсіндіру

Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса сөз жуан айтылады.

Балалар бүгін біз сендермен малдың төлдерін қасқырдан құтқарамыз.

Қасқыр қандай аң?

Ол қайда мекен етеді.

Сиырдың баласын судан өткізіп анасына қосу үшін

№1тапсырма

Оқулықтан «малдың төлін сүюі» өлеңін мәнерлеп оқиық.

  • Сиырдың адамға пайдасы туралы айтайық

2) Құлынды құтқару

—  Малдар туралы мақал айт.

Ер қанаты ат

3) Қозыны құтқару

Өлең оқыту.

ІV) Дәптермен жұмыс

Көркем жазу.

Өріс толы қойы бар ,

Қойы бардың тоны бар.

Оқушыға тақтаға орындатып жуан айтылған сөздерден жуан дауыстылардың астын сызу.

4) Лақты құтқару

Оқушыларға лақ туралы өлең айтқызу.

Сергіту сәті

Ойын: сөз ойла, көп ойла.

Кім туралы сөздер ойлату

Жұмбақ шешу

  1. Сабақты бекіту.

Көру диктанты.

Сөздер жаздыртып ішінен жуан дауысты дыбыстар тапқызу.

VІ. Үйге тапсырма

Ереже жаттау.

Малдың төлін сүюі әңгімелеу

VІІ. Бағалау.

 

Алматы облысы

Сарқан ауданы

Сарқан қаласы

Ақын Сара атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Дюсембекова  М.Б.