Негізгі және туынды зат есім.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты:      Зат есім түрлері туралы білімдерін кеңейту,

негізгі  және  туынды зат есім туралы түсінік

қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік:

Сұрақ – жауап әдісімен өткен сабақтағы білімдерін

қайталау. Негізгі және туынды зат есім туралы

түсінік беру, сөйлем ішінен зат есімді табу.

  1. Дамытушылық:

Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін,

логикалық  ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік

дағдыларын қалыптастыру.

  1.         Тәрбиелік:

Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа,

ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар, суреттер.

Сабақтың түрі:               Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:              Үлестірмелі көрнекілік, сұрақ – жауап, ізденушілік.

Сабақтың барысы:         І. Қызығушылығын ояту.

— Оқушылардың назарын сабаққа аударып, топқа бөлу.

— Топтарға сұрақтар беру ( карточкаларға жазылған тапсырмалар ).

І -топ.

— Сөз таптарын ата.

— Зат есім дегеніміз не?

— Адамға және мамандыққа байланысты қандай сұрақ қойылады?

ІІ- топ.

— Зат есім сұрақтарын ата.

— Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтарқойылады?

— Жалқы есім дегеніміз не?

ІІІ- топ.

— Жалпы есім дегеніміз не?

— Зат есім түрлерін ата.

— Көптік жалғауларын ата.

а) Балалар, 5минут ішінде зат есімге қатысты не білесіздер, соны жазыңдар.

б) Сол жайлы көршіңізбен бөлісіп талқылаңдар, пікірлесіңдер.

Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңдер.

ІІ. Мағынаны таныту.

Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау (мысал келтіру)

Топпен жұмыс.

І – топ. 19 – жаттығу. (орнында орындаймыз).

Қосымшалы сөздерді көшіріп жазу. Сөз құрамына талдау.

ІІ, ІІІ топ 22 – жаттығу

ІІ – топ  негізгі зат есімді жазады.

ІІІ – топ  туынды зат есімді жазады. (Әр топтан оқушыларға оқыту)

21 – жаттығу. (Жаңылтпашты жатқа жазу)

Туынды зат есімді табады.

Өрмекші туралы не білеміз?

 

 

 

Шығармашылық диктант (Туынды зат есімді жасау)

оқу………                     көл………..                 бай………….                іс…………..

ойын………                 өнер……….                жылқы………..         балық…………….

ІІІ  Ой толғаныс.

Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.

— Бүгін қандай тақырыппен таныс болдық?

— Негізгі зат есім дегеніміз не?

— Туынды зат есім дегеніміз не?

— Ережені қорытып айту.

  1. IV. Бағалау.
  2. Үйге тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрап келу.