Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов.
Әдебиеттік оқу 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов.
Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсатын таныстыру; оқушыларды
мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік:
Туған жер туралы білімдерін кеңейтіп ашу.
- Дамытушылық:
Оқушылардың сын тұрғысынын ойлауын дамыту,
шығармашылық жұмыс істеуге үйрету, ойын
жүйелі жеткізуге дағдылану.
- Тәрбиелік:
Адамгершілікке, туған елге сүйіспеншілігін
дамыту, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық автор суреті, мақал – мәтелдер жинағы.
Туған жер туралы ақындардың өлеңдер жинағы (Ф.
Оңғарсынова, Ө. Тұрманжанов, С. Жиенбаев).
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, дискуссия, ой қозғау топтастыру,
белгілеу.
Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту.
— Сабақтың мақсатын хабарлау. Топтарға бөлу.
— Ж. Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері» мәтінімен танысамыз.
ІІ. Мағынаны тану.
- Кіріспе әңгіме (автордан деректер)
а) топртарға бөліп тапсырма беру.
1 – топ. Туған жер дегенді қалай түсінеміз?
2 – топ. Кешкі қарбалас үстінде ауыл суреті. Қартқожаға қалай көрінеді?
(ойларын жазу)
3 – топ. Қартқожақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін автор қалай
сипаттаған? (тауып оқу).
- Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді оқып беру.
Мәтінді оқу барысында белгілеу «+» білемін, «-» білмеймін.
ә) Сұрақ – жауап арқылы мәтіннің мазмұнын беру.
б) Сөздік жұмысы.
Қотан –қой кіретін үй маңы.
Үй басы – әр үй
Ет бауыр жақын – өте жақын туыс.
Шерсіз – қайғы – мұңсыз.
Балапан жүректі – сәби, жас жүректі.
Қас қарайды – кеш болды.
Жетесіз – ақылсыз.
в) Мәтінді оқушыларға оқыту (жеке, топпен, терме, тізбектей).
ғ) Оқушылардың топпен жасаған жұмыстарын оқытып, талдау.
ІІІ. Ой толғаныс.
Эссе жазу.
1 – топ. 4 – 5 сөйлемнен тұратын «Туған жер» мәтінін құрастыру.
2 – топ. Тірек сөздерден өлең жолын құрастыру (Құшағы кең мақтан етем, өскеніме, шаттанамын).
- Қортындылап, туған жер туралы ақын өлеңдерін оқыту.
Ұжыммен ( І. ІІ, ІІІ)
О, туған жер кең пейіл, құшағың кең
Саған көңіл бұлқынар күш – ағыммен
Сағынышты қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.
(Ф. Оңғарсынова).
- Бағалау топпен.
VI Үйге тапсырма.
а) Сауатты оқу, мазмұнын айту.
ә) (абзацты жаттау).