Жапырақ

 

Сабақтың тақырыбы:                    Жапырақ.

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:                       Өсімдік мүшелерінің ішінде жапырақтың

атқаратын қызметімен, сыртқы құрлысы және

түрлерімен таныстыру.

 

Дамытушылық:              Өсімдік пен адам өміріндегі жапырақтың рөлі

туралы алған білімдерін кеңейту.

 

Тәрбиелік:                      Табиғатқа, жасыл желекті қорғауға деген

сүйіспеншіліктерін арттыру.

 

Сабқтың көрнекілігі:      Интерактивті тақта, слайдтар.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

 

Сабақтың түрі:              Жаңа білімді бекіту.

 

Сабақтың әдісі:            Сұрақ-жауап, иллюстративті, әңгімелеу.

 

Сабақтың барысы:      1.Ұйымдастыру кезеңі.

                                      Оқу құралдарын алдырып, түгелдеу.

Оқушылардың зейінін, ынтасын сабаққа

аудару.

 

1 слай:                          2. Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

 

 

  1. Өсімдік мүшелерін ата.
  2. Өсімдіктің жер асты бөлігі қалай аталады?
  3. Сабақта өсімдіктің қандай мүшелері орналасқан

 

  1. Тұқым, сабақ, тамыр, жапырақ, жеміс
  2. Тамыр деп аталады.
  3. Бұтақ, жапырақ, гүлдері, жемістері, тұқымдары,

 

2 слайд:              3. Психологиялық дайындық.

 

Үлкенге сіз,

Құрметпенен сіздерге,

Бас иеміз біз,

Қайырлы таң.

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін,

Мерекелі осы күн.

 

Қолдарына жапырақтар ұстаған балалар дөңгелене тұрып, көршілеріне жақсы сөздер айту арқылы бір-біріне жапырақтарын береді. «Ақ-Баян, сенің даусың әдемі,» т.с.с.

«Жылы лебіздер» тренингі жүргізіліп болғасын оқушылар орындарына отырады.

-Балалр, сендер бір-бірлеріңе жылы лебіздер айтып, не сыйладыңдар?

Дұрыс айтасыңдар. Жапырақ. Ендеше, қолымыздағы жапырақтарымызға мұқият қарайық.

Жапырақты жеуге бола ма?

Жапырақты тәтті деуге бола ма?

Күзде жапырақ қандай болады?

Күзде жапырақ не істейді?

Сарғайған жапырақ не істейді?

 

3 слайд:           4. Ой ашар. Өлең құрастыру.

 

«Жалғасын тап»

 

Мені адам …

Тәтті екен …

Сарғайып …

Үзіліп …

 

Жауабы: жемейді, демейді, пісемін, түсемін.

 

 

4 слайд:                5. Жаңа сабақ.

 

Үйеңкінің жапырағы                    терек                        емен суреті

 

Жапырақтар

 

 

Талшынның жапырағы                        Ақжелкеннің жапырағы

 

Слайдтағы жапырақтарды көрсетіп. Ағаш көркі-жапырақ демекші, жапырақ өсімдікке сән береді. Жапырақ шаң-тозаңды жұтып, ауаны тазартады, шуды бәсеңдетеді. Оның пішініне әр түрлі болады.

Мысалы: үйеңкінің жапырағы, еменнің жапырағы, теректің жапырағы, ақжелкеннің жапырағы.

 

  1. Ой толғаныс. Оқулықпен жұмыс.

 

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
  2. Сөздік жұмыс
  3. Тірек – сызбамен жұмыс.

 

5 слайд:                   7. Сөздікпен жұмыс.

 

Мәтіннің ішінде кездескен, мағынасы таныс сөдерді тауып, мағынасын түсіндіріп көрейік.

 

Көмір қышқыл газы – газ, қышқыл тотық.

Оттегі – тыныс алу, оттың жануы үшін ауаның құрамына

кіретін газ.

Крахмал — өсімдіктен лынатын, ұн тәрізді майда ақ ұнтақ.

 

Мұғалім: Сөздік жазылған парақшаларды таратып беремін. Үй жұмысы ретінде, дәптерлеріне жазып келеді.

Оқушыларға хормен қайталату. Ойлау қабілеті тұрақсыз 1-2 оқушыға қайталату.

 

6 слайд:                   8. Мағынаны тану.

 

Өсімдік тыныс алады.

Оттегі бөліп шығарады.

Жапырақ                     Көмір қышқыл газын сіңіріп алады.

Қоректік заттар өңдейді

Өсімдікті қоректік заттармен қамтамасыз етеді

 

  1. Ой қортындылау. «Бес жолды өлең»
  2. Не?
  3. Не істейді?
  4. Қандай?
  5. Сөйлем
  6. Мәндес сөз.

 

  1. Жапырақ.
  2. Тныс алады, қоректенеді.
  3. Жасыл, сары, қызыл.
  4. Жапырақ айналадағы ауаны тазартады.
  5. Денсаулық.

 

  1. Қортынды.

— Біз , бүгін өсімдік туралы айттық. Олар адамға, жан-жануарларға да қажет. Табиғат пен адам өзара байланысты. Сондықтан әркім туған жерініңтабиғатын ялап, қорғай білу керек. Табиғат, қорғауға сендер қандай үлес қосасыңдар? Кім айтады?

 

Меруерт:       Күн, ауа, су, топырақ – бұлар тіршілік көзі. Таза

болуын қалаймын.

 

Қуанышбек:  Ата-бабамыздан қалған жерімізді, табиғатымызды

қорғаймыз.

 

Ақ – Баян:     Мен ағаштардың көп өскенін қалаймын. Жасыл

желкенді күтемін.

 

Әли:              Өзім өскен, тұрған жерімнің тазалығын сақтаймын.

 

Назерке:       Табиғаттағы аялау-барлық адамның міндеті. Онда

менің де үлесім бар.

 

Гүлайназ:     Барлық адам осылай жасайды деп ойлаймын.

Біздер – Отанымыздың болашығымыз.

 

  1. Үйге тапсырма беру.
  2. Жапырақ туралы мәтінді оқу.
  3. Сөздікті дәптерге жазу.
  4. Гербарий жинақтау.
  5. Достарына әңгімелеу.

 

  1. Бағалау.