Тақырыбы: Сусыз тіршілік жоқ.
Тақырыбы: Сусыз тіршілік жоқ. Мақсаттары: алған білімдерін пысықтай отырып, тақырыптың мазмұнын меңгерту; ә) Жануар тіршілігін зерделеуде білім, білік, дағдысын қалыптастыру, тапсырманы орындау арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту; қорғап,аялауға,үйрету,тәрбиелеу. Суды үнемдеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жануарлар суреті, энциклопедия, тест. әңгімелеу, ой-толғау, топтастыру, Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ. Пәнаралық байланыс: Әуен. Сабақтың формасы: жеке, жұптық, топтық. Сабақтың барысы Бір,екі,үш Бойға жинап күш. Дүниетану сабағын бастаймыз. Білімнен біз қашпаймыз. -Мәтін мазмұнын мәнерлеп айтқызу. — 3 оқушыға айтқызу. Сұрақ- жауап. 1.Қыс түсісімен жануарлар қайда тығылады? (Ініне)
2.Тиін,тоқылдақ ұяларын қайда салады? (Ағаш қуысына)
ІѴ.Жаңа сабақ. Ой шақыру. Балалар,қазір мен сендерге жұмбақ жасырайын,сол жұмбақтың шешуі арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз. Жұмбақ Дәмі де,иіс де жоқ, Пайдаланбас кісі жоқ. (Су) 1.Адам өміріне не қажет? (Оқушылар 5 жағдайды айтады) Тірек сызба сызылады.
жарық жылу АДАМ ауа тағам су Ендеше осы аталан 5 жағдайдың қайсысы шөл далада келе жатсақ керек болады? — Су — Ендеше бүгінгі сабағымыз да суға қатысты. «Сусыз тіршілік жоқ» деп аталады Ѵ. Дәптермен жұмыс. 1.Күн жадынын жазу. 2.Жаңа тақырыпты жазу. Судың қанша түрі бар. 1.Сұйық 2.Бу 3.Қатты(мұз)
ѴІ.Оқулықпен жұмыс. — Мәтін мазмұнын айтып түсіндіру. Кесіртке шөлді жерлерде қалай тіршілік ететінін әңгімелеу. Табиғаты қолайсыз, суаттардан алыс жатқан жерлерде тіршілік ететін жануарлар бар. Кесірткелер шөлді жерлерде көптеп тірішілік етеді. Кесірткелер,тышқандар өздері жейтін азықтың құрамындағы ылғалды қанағат етеді.
Қосаяқ- қосаяқтылар тұкымдасына жататын онша ірі емес кеміргіштер тобы. Бұлардың қысқа денесінде үлкен басы, үлкен құлағы және үлкен шығыңқы көздері болады. Қосаяқтар 3 метрге дейін секіреді. Ақбөкен- сүтқоректілер тобына жатады. Ақбөкендер үйір болып тіршілік етеді. Олар 10-12 жыл өмір сүреді. Ақбөкендер үшін өте қауіпті жау қасқыр. Ақбөкендер сусыз тіршілік ете алмайды.
Түйе шөлге өте төзімді келеді. Түйелер қоректенгенде майды өркешіне жияды. Суға кезіккенде олар шөлін әбден қандырып алады. ѴІΙ.Оқушылармен жұмыс. — Оқушыларға оқыту. — Іштей оқыту. — Дауыстап оқыту.
ѴΙΙІ.Су туралы тыйым сөздерге тоқталу. — су ішкен құдығыңа түкірме — судың бетін ашық қалдырма — түнде суға барма — суды ластама — суды үнемде
ΙХ.Суға байланысты мақал-мәтелдер. 1.Сулы жер –нулы жер. 2.Жылап жүріп арық қазсаң, Күліп жүріп су ішерсің. 3.Сумен ойнама,батарсың, Отпен ойнама,жанарсың. 4.Бұлақ көрсең,көзін аш. 5.Сағасыз су болмас, Ағасыз ел болмас. Х. «Кім жылдам» ойыны. Мына есептерді шығарып,жетпейтін әріптерді жазып,суды қалай үнемдеу керектігін біле аламыз. С-8, Т-9, Е-13, Г-5, І-6, Ж-3, А-1, Б-11, Д-10, Ы-4, Ұ-14,М-12
5+4 6+7 4+5 2+4 3+2 4+2 3+5
1+2 7-6 9+2 7+3 3+1
10+4 10+2 1+3 7+2 8-7
Жауабы: Су тетігін жабуды ұмытпа !
ХІ.Сергіту сәті. Ал,балалар бір ауық Дұрыс бұрысты ұғалық. Дұрыс болса,отырып, Бұрыс болса,тұралық. — Суды жейміз. (тұр) — Суды ішеміз. (отыр) — Сумен жуынамыз . (отыр) — Су қатпайды. (тұр) — Су сұйық зат. (отыр) ХІІ.Шығармашылық тапсырма. Сурет бойынша ертегі құрастыру.
ХΙІІ.Семантикалық картамен жұмыс.
ХΙѴ. Сынау (интерактивті тақтадан көрсетіп қоямын). 1. Жануарларға қандай жағдайлар қажет? 2. Шөлге шыдамды жануар? 3. Жарықсыз не өсе алмайды? 4. Жапалақ немен қоректенеді? ХѴ. Қорытынды. Су туралы өлең оқу
Су жүргізер тіршіліктің тамырын Су жоқ болса,тіршілік тамам,бауырым. Судың біз біле тұра маңызын, Көп болған соң ұмытамыз қадірін,- дей келе, «Сусыз тірішілік жоқ дейміз» су бар жерде бау-бақша,орман-тоғай,бітік шыққан егін,маңырыған мал бар.
Сондықтан қазақ: «Сулы жер –нулы жер» дейді. — Судың қажеттілігі туралы не білеміз? — Суды ішеміз,жуынамыз. — Сумен өсімдіктерді,бау-бақшаларды суарамыз. — Сумен ас әзірлейміз. — Сумен кір жуамыз. — Суға жануарлар да,адамдар да шомылады.
Су- тазалық пен денсаулық көзі.Суды үнемдеп,таза ұстауымыз керек.Сусыз тіршілік жоқ. Ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады,ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.
Үйге: мазмұнын айту (87-88 беттер) Бағалау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||