ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
ДҮНИЕТАНУ ПӘНІНЕН ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
№ | Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары | Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Оқып үйренудің нәтижесі | Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау | Барлығын қосқанда | Негізгі дерек көздер | |
1 | Тақырыбы: Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер Мақсаты: Өсімдіктердің өмір сүру ұзақтығы жайлы білуі тиіс
| 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалог 2.Оқыту мен оқуда АКТ- ды пайдалану Суреттер көрсету , пікір алмасу Топпен жұмыс 3.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: «Өсімдік түрлері»- ой қозғау, топтастыру, 4.Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау. Өзара бағалау. Өзін-өзі бағалау | Өсімдіктерді өмір сүруіне қарай топтарға ажырата алады; Олардың өсіп-өніуіне байланысты қажеттілігін сипаттай алады;
| Формативті бағалау, «Бағдаршам»
| Тренинг «Шаттық шеңбері», Сұрақ — жауап – «Өсімдік түрлері», «Суреттер сөйлейді» суреттер; «Өсімдіктер көрмесі» -топтық, мәтінмен жұмыс І – топ: Біржылдық өсімдіктер туралы оқиды, суретін салу; ІІ – топ: Екіжылдық өсімдіктер туралы оқиды, сурет салады; ІІІ – топ: Көпжылдық өсімдіктер туралы оқиды, сызбасын толтыру; Үй тапсырмасы: А – Мәтінді оқу,әңгімелеу, В -Емен мен күнбағысты салыстыру, С— «Әр топтан 10-нан өсімдік атауын жазу » дерек; « Бағдаршам» арқылы бағалау | Компьютер, оқулық, үлестірмелі материалдар,ватман, маркер | |
2 | Тақырыбы: Жабайы және мәдени өсімдіктер Мақсаты: Оқушыларда жабайы және мәдени өсімдіктер туралы түсінік және өсімдіктердің адам өмірдегі маңыздылығын қалыптастыру | 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалог «Кім білгіш?» ойыны. 2.Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану: «Жабайы және мәдени» аудио –визуалды демонстрациялау 3.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: «Өрмекші» әдісі. Топпен жұмыс істеу- коллаж 4.Талантты және дарынды балаларды оқыту : «Венн диаграммасы» толтыру. 5.Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау . Бағалау парағы, жұптық бағалау. | Оқушылар жабайы және мәдени өсімдіктер туралы түсінік алады.
| Жұптық бағалау, Формативтік бағалау | Тренинг «Тілектер елі», түрлі түсті стикер арқылы топқа бөліну; «Кім білгіш?» ойын ойнау арқылы үй тапсырмасын тексеру; топтық жұмыс АКТ арқылы «Жабайы және мәдени өсімдіктер» таныстырылым; әңгімелесу; Топпен жұмыс – І – топ- коллаж: «Жабайы өсімдіктер» — топтастыру ІІ –топ – коллаж .« Мәдени өсімдіктер»-топтастыру С оқушы — сызба толтыру; Үй тапсырмасы : 81-83 бет мәтін оқу, сұраққа жауап беру, В оқушы 5 мәдени өсіімдік жазу, талдау Жұптық бағалау | Компьютер, оқулық, түрлі суреттер, үлестірмелі бағалау парақтары, тірек – сызбалар. | |
3 | Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік ортасы. Мақсаты: көгал, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсінігін қалыптастыру;
| 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер:Диалогтік оқыту 2. Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану: Көгал суреттері, әңгіме ; 3. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу: деңгейлік тапсырмалар 4. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: «миға шабуыл» 5.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Өзін өзі бағалау. Кері байланыс
| Оқушыларда көгал, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы түсінік қалыптасады, көк шалғынның сұлулығын түсінуге үйренеді | Формативті бағалау, кері байланыс- смайлик | Тренинг «Қара жорға» биі, жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлінеді; Тақырыпты ашу – «Көгалдағы жануарлар мен өсімдіктер»; АКТ арқылы шолу жасау; әңгіме; А -шалғынның маңыздылығын атау; В -Орманның рөлін сипаттау, сызбаға түсіру; С- тіршілік ортасын сипаттап, сурет салу; Топ арасында «Мен –саған, сен -маған»ойын жүргізу; Топтарды аралап, әрбір топ мүшесінің жұмысын қадағалаймын. Баяу жұмыс істейтін оқушыларға жетелеуші сұрақтар дайындаймын. Үй тапсырмасы 83 – 86 бет оқу; 86 бет тапсырма орындау; Смайлик арқылы бағалау. | Оқулық, үлестірмелі қағаздар, компьютер, тақырыпқа байланысты суреттер,бағалау парақтары. | |
4 | Тақырыбы: Өсімдікті қорғау қажет. Мақсаты: Оқушылардың білімін тереңдетуге және пысықтауға, табиғатты құрметтеуге және аялай білуге үйрету . | 1.Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану: суреттер көрсету; «Константинополь»-ойын шартымен таныстыру 2. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалогтік оқыту: сұрақ-жауап. 3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: Ой қозғау 4.Талантты және дарынды балаларды оқыту: Әр топ өз жұмыстарын қорғайды 5.Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау. Өзін- өзі бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» . | Өсімдіктердің өсіп-өну ортасы жайлы білімдерін пысықтайды , табиғатты құрметтеуге және аялауға үйренеді.
| формативті бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек» | «Сәлемдесу» ойыны. Өсімдік түрлеріне қарай топқа бөлу, АКТ арқылы таныстырылым «Табиғатты аялайық!» көрсету, пікірлесу; «Константинополь» ойыны. Сұрақ-жауап барысында өздерін көрсете біледі. Топпен жұмыс істеу барысында топ мүшелері өз шығармашылықтарын көрсете алады: А оқушы: сурет салады, В оқушы: жұмбақ шешеді, С оқушы: өлең жазады; Үй тапсырмасы: 87-88 бет оқу, мазмұндау;тапсырма орындау «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау. | Оқулық, үлестірмелі қағаздар, компьютер, суреттері, «Білім ағашы», түрлі-түсті маркерлер, ватман, бағалау парақтары, | |