Қонақжай. Сыйластыққа себеп көп
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Қонақжай. Сыйластыққа себеп көп
Сабақтың мақсаты :1)Оқушыларға қазақ халқының қонақжай,жомарттығы туралы кеңінен түсінік беру.
2)Қазақ отбасының сыйластығы,салт-дәстурлері туралы білімдерін кеңейтіп,өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
3)қонақжай,кеңпейіл болуға үйрету.
Түрі :сұрақ-жауап,ой толғау, ашық пікір.
Көрнекілігі: сызбалар,суреттер,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ.Өтілген материал бойынша жұмыс. «Отбасының берекесі»мәтіні бойынша 3-4 оқушы мазмұнын айтады. «Бәйге» ойыны бойынша өткен сабақта алған білімдерін тексеру.
10 20 30
40 50 60
- Жануарлар топтарын ата
- Қазақстан кітабына құстардың неше түрі енгізілген ?
- Жер бетінде жануарлардың неше түрі бар ?
- Отбасы-шағын мемлекет дегенді қалай түсінесің ?
- Омыртқасыз жануарларды ата.
- Біздің өлкеміздегі қорықты ата.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Ой шақыру.
- Үйге қыдырып келген адамды кім дейді ?
- Сіздер ол адамға қалай қызмет көрсетесіздер ?
- Сіздер үйге қонақ келгенді жақсы көресіңдер ме ?
- Қонақты көп күтетін үйді қандай үй дейді ?
- Қазақ отбасында қандай салт-дәстүрлер қалыптасқан.?
ІУ. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқыту. 2-3 оқушыға мазмұнын айтқызу.
У. Көрініс. «Қазақтың қонағы неше түрлі болады ?»
УІ.Сәйкестендіру.
«Қай мүше кімге ұсынылады ?»
Құда-құдағайға құйымшақ
Қызға бас,жамбас,жауырын
Келінге төс
Күйеу балаға ұлтабар
УІІ. Мақалды жалғастыр. Құтты қонақ келсе,
(қой егіз табады).
Келгенше қонақ ұялады,
(келген соң,үй иесі ұялады.)
Қонақ аз отырып,
(көп сынайды ).
УІІІ. Қорытынды.
Үйге келген қонаққа қандай жақсы сөздер айтамыз ?
Қонақ кетерде қандай ілтипат көрсетеміз ?
ІХ. Үйге.Мәтінді мазмұндап келу. «Қонақжай» тақырыбында шығарма жазып келу.