Құстардың көктемгі тіршілігі
Сабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыл құстары туралы түсінік және барлық құстардың пайдасы жөнінде мағлұмат беру. Көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру. Оқушыларды Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері, «Орманға саяхат» плакаты, құстар жайлы мақал-мәтелдер, жұмбақтар сөзжұмбақ, үнтаспа.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, жұмбақ, мақалдар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Балалар бір-біріне жақсы тілек айтады.
2.Үй жұмысын тексеру: Үй құстардың көктемгі тіршілігі.
— Қандай үй құстарын білесіңдер ?
— Не үшін адамдар үй құстарын бағады?
— үй құстардың пайдасы неде?
- Жаңа сабақ. Әңгімелеу:
— Табиғат деген не? ( бізді қоршаған орта, тау, күн, ауа, жер, су адам, өсімдіктер, жануарлар)
Табиғаттың бір бөлігі – құстар. Бүгін сабақта құстар туралы
айтамыз.
Құстар 2 топқа бөлінеді: үй құстары және жабайы құстар.
Қазір сөзжұмбақ шешіп алайық. ( Тақтада )
Қ а р а т о р ғ а й
Т ү й е қ ұ с
С а у ы с қ а н
Т ы р н а
А қ қ у
Қ а Р л ы ғ а ш
Жұмбақтар шешу:
- Көктемде құстар келгенде ең алдымен келетін құс қандай?
- құстың ең ірісі, өзі ұшпайды.
- өзі сақ, өзі ұсақ, шықылықтап тұрмайды, құйрығы ұзын, өзі ала.
- бұл су құсы, аспанда бұрыш жасап тізбектеп ұшады.
- көлдің көркі, сәні екен,ұшқанда сазды ән екен, ақындар оны мақтаған, адамдар қорғап сақтаған.
- түсі қара мақпалдай, төсі ақ сыр жаққандай, ұшса оқтай зулайды, көктем жұлдыз аққандай.
— Тігінен қандай сөз шықты? ( ҚҰСТАР). Дұрыс, бүгін құстар туралы білімдерімізді кеңейтеміз.
- – Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? ( көктем)
Ал көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Оқушы: Сәуір келді, тіршілікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды.
Бар өңір құлпыра бастады, төсіне құйып ап жаңбырды.
Оқушы: Жыл құстары келді деп, балдырғандар мәз болды
Қос қанаты желпілдеп, көлге үйрек-қаз қонды.
Оқушы: Ұшып келген ең алғаш, қараторғай қырағы
Ұяларға қонақтап, дейді – «менің тұрағым»
- Мәлімет: – Балалар, құстардың пайдасы туралы әңгімелейік. Жер бетінде құстардың 8600-ге жуық түрі бар, ал біздің елімізде 500-ге жуық түрі бар. Табиғатты қорғап, күтсе ғана ол көбейеді. Азайып кеткен құстарды «Қызыл кітап» тізіміне алып, оларды көбейту шаралары жасалады. Қорықтар жасалады. Қазақстанда 5 қорық бар, бізге жақыны Қорғалжын қорығы. Онда құстардың 100 шақты түрі бар.Құстар табиғатқа сән береді.Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйіне әсер етеді. Ал енді құстардың дауыстарын тыңдайық. ( магнитофон арқылы). Құстар ағаштағы, жердегі зиянды құрттарды жейді. Жапалақ әр ай сайын 150-дей тышқан жейді екен, қараторғай 22 тонна шегірткені азық етеді.
— Халық «Көкек келді – көктем келді» дейді. Көкек туралы не дейміз?
Оқушы: Жаршысымын көктемнің
көкек дейді мені жұрт
өз атын айтар құс менмін
көктемді күтсең – мені күт.
Оқушы: Көкек өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, пайдалы құстардың біріне саналады. Ол күніне 39 шегіртке, 43 жұлдызқұрт, 50 шытырлақ қоңыз, 4 өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.
Сергіту сәті: Қане қанат жазайық, Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
- Құстар туралы мақал-мәтелдер де бар. Еске түсірейік.
- Бұлбұл үнді, жылан тілді.
- Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
- Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді. 4. Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.
- Қарға баптанып, сұңқар болмас, есек мақтанып, тұлпар болмас.
- Өлеңге енсе, сөз сұлу, аққу жүзсе, көл сұлу.
- — Балалар, неге «құстар – біздің досымыз» дейді деп ойлайсыңдар?
Ата- бабаларымыз өз балаларына құстардың атын қойып, батыр ұлдарын сұңқарға, әнші қыздарын бұлбұлға, сұлу қыздарын аққуға теңегендерінен біле аламыз. Мысалы: құстардың атын қойған қандай кісі аттарын білеміз? ( Аққу, Тоты, Қарлығаш, Қарлыға, Торғай, Бүркіт, Сұңқар). Ал, бұлбұлша сайрайтын қандай әншілерді білеміз?
( Б. Төлегенова, Р. Бағланова, К. Байсейітова, т.б.)
Көп әндер, өлеңдер бар құстар туралы: «Бозторғай», «Ақ көгершін», «Аққулар»,»Көкек», «Құстар қайтып барады.» Бұл әнді жазған: сөзі – Тұманбай Молдағалиев, әні – Нұрғиса Тілендиев.
- Құстарға қарап, адамдар ауа райын болжауға үйренген:
- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді дейді.
- Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны дейді.
- Қарға қарқылдаса, қар жауады.
- Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер бауырлап ұшса жаңбыр жауады.
- Көкек қатты әрі жиі шақырса – күн жылынады.
- Шағала келсе сең бұзылады.
- Бозторғай ән салса, күн ашық болады.
- Оқулықпен жұмыс. 104 бет.
— Оқулықтағы мәтінді оқыту.
— Мәтін бойынша әңгіме жүргізу.
— Құстар болады: отырықшы ( қыстап қалатын), жыл құстары.
— Қандай қыстап қалатын құстарды білесіңдер? ( торғай, сауысқан, қарға, шымшық, қайшыауыз, көгершін ( кептер), тоқылдақ, суықторғай т.б. Осы құстар кішкене әңгімелесейік.
Оқушы: Мен торғаймын, торғаймын
Суықтан да тоңбаймын
Құрт-құмырсқа, шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.
Оқушы: құрт іздеп інінен, қарағайлы үнгіден
Тоқылдақ – құс дәрігер, қашанда ол әбігер.
Оқушы: Бейбітшілік құсы менмін көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.
- Ал енді балалар , жыл құстарды атап шығайық. ( көкек, қарлығаш, ләйлек, қараторғай, ақтұмсық қарға, аққу, сайрауық, тырна, ұзақ, бұлбұл, т.б.
Оқушы: Қазақ халқында шынайы тазалықтың, сұлулықтың, бақыттың белгісі – аққу. Аққу киелі құс, оны атуға болмайды. Аққуды – құс патшасы дейді. Сәуірдің аяғында оралады. Ұясын аққу суы таза, тұщы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды.
Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары домбыра, қобыз құрылысына ұқсас.
Мұғалім : Қарлығаш өте сүйкімді және пайдалы құс. Ұяларын шатыр астына балшықтан салады. Ертеде Жоңғар шапқыншылығы кезінде, ел жерінен қаша жөнелген екен. Ал Төле бидің шаңырағына қарлығаш ұя салған екен. Сонда Төле би атамыз орнынан қозғалмай , қазақ үйін жықпады. Қалмақтың әскер басы себебін сұрағанда, Төле би айтты: «Қарлығаш шаңырақ басына ұя салды, балапандары әлі жас, ұша алмайды»- депті. Сонда жаудың әскер басы Төле бидің ісіне риза болып, адамгершілігіне таң болыпты. Содан кейін халық қарлығашты — әулие құсы деп атап кетіпті.
- Енді викториналық сұрақтарға жауап берейік.
- Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? ( бүркіт)
- Құстың негізгі мекенін атаңдар. ( Ұя)
- Қай құста мүлдем ұя болмайды? (көкек)
- Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? ( 960)
- Құстардың неше түрі бар? ( 2 түрі: жабайы, үй)
- Алдымен қай құс ұшып келеді? ( қараторғай)
- Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі неде?
- Қандай құс хат тасушы атанған? ( көгершін)
- Балалар, сендер құстардың дауыстарын ажырата аласыңдар ма?
Қазір үнтаспадан құстардың дауыстарын тыңдайық.
Енді сәйкестендіру тесті беріледі. Қай құс қандай дыбыс шығарады?
Тақтада: бұлбұл қарқылдайды
Торғай сайрайды
Қарға тыраулайды
Тырна қаңқылдайды
Қаз шырылдайды
Тауық бырқылдайды
Үйрек шықылықтайды
Сауысқан шақырады
- Қорытынды: Балалар, сонымен неге құстарды – біздің досымыз деп айтамыз? ( Еламан)
Сұрақ-жауап: 1. Ұя бұзуға бола ма?
- Ұядан жұмыртқасын алып, жаруға бола ма?
- Құстарға қандай қамқорлық жасау керек?
- Құстардың пайдасы неде?
Оқушы: Құстар тойын құттықтап, қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап, біз оларды қорғаймыз!
Құстарға жасаған сыйлығымыз бар. Ол : үйшіктер, жем шашарлар.
Енді «Көктем вальсі» әнін айтып берейік.
Үйге: 104-105 бет, оқу. Бағалау.
Мұғалім – Дусенбаева Рауза Ареновна.