Ауа райы
Пәні: Дүниетану, 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауа райы
Сабақтың максаты: Оқушылардың ауа райы туралы білімдерін кеңейту;
Ауаның температурасы мен жануарлар және өсімдіктердің тіршілігінің арасындағы байланысты анықтау;
Оқушыны сұраққа толық жауап беруге дағдыландыра отырып, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Көрнекілігі: термометр, жыл мезгілдерінің суреттері, түрлі түсті қарындаштар, қағаз парағы.
Tүpi: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрак-жауап, тусіндіру, әңгімелеу.
Сөздік жұмысын жүргізу: ауа райы, Термометр, температура, жауын — шашын.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
Оқушыларды түгендеймін.
П. Өткен сабақты қайталау.
Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін сұрактарға жауап ала отырып қорыту;
III. Жаңа сабақ.
- Кіріспе әңгіме.
Балалардың ауа райы туралы жалпы түсініктерінің деңгейін анықтау. Жазғы, күзгі, қысқы, көктемгі ауа райының белгілерін атап беруін сұрау.
— Ауа райын білу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Осы сұрақ төңірегіндегі балалардың жауаптарын тыңдау.
- Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді бөліктерге бөліп оқып беремн;
ә) Әр бөліктің мазмұны бойынша әңгіме жүргіземін;
б) Негізгі сөздерді бөліп аламын: ауа райы, термометр, жауыш- шашын, жел, бұлтты, т.б.
Термометрмен таныстыру, бөлменің, даланың ауа райын термометрмен өлшеп, практикалық жұмыстар жасау. Ауа райының шартты белгілерімен таныстыру, оны бақылау күнделігінде өалай белгілеу керек екенін көрсету.
- Жеке оқушымен жұмыс:
Әр оқушы жыл мезгілдерін атайды. Әр оқушы өздерінің жыл мезгіліне тән ауа райы туралы жлспар бойынша айтады:
а) Күн.
ә) Бұлтты.
б) Жауын — шашын.
в) Термометр.
г) Жел.
д) Жер.
Мысалы, күз мезгәлә бойынша мынадай үлгіде әңгіме жүргізу керек: «Күз келді. Күн төмен түсе бастады, оның сәулесі жер бетін жаздағыдай жылытпайды. Күн салқындай бастайды. Ауаның орташа температурасы күндіз + 10◦С», түнде +7◦С. Аспанда қою қара ұлттар жиі пайда болады. Жаңбыр жиі жауады, кейде арты қарға айналады. Суық жел соғады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, аңдар қысқа дайындалады. Жапырақтар сарғайып, гүлдер, шөптер солады, жұрт соңғы өнімдерді жинайды».
Сергіту сәті :
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
— Жарайсыңдар,балалар,ендеше сабағымызды жалғастырайық.
- Бақылау күнделігімен жұмыс:
Оқушылар сүреттер мен тапсырмаларды пайдалана отырып,жұмысты аяқтайды.
- Сабақты қорытындылау.
Сұрақтар қою:
а) Ашық және бұлтты күндердің айырмашылығы қандай?
ә) Жаз бен күзге қандай табиғат құбылыстарының белгілері ортақ.
б) Найзағай деген не?
в) Бұлттылық деген не?
- Үйге тапсырма: Мәтінді мазмұны бойынша әңгімелеу.