Егіншілік пен мал шаруашылығы
Сабақтың тақырыбы: Егіншілік пен мал шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Қазақстандағы егіншілік және мал шаруашылығы туралы ұғымдарын кеңейту
- Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- Табиғатты қорғауға, адам еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: INSERT, Бес жол өлең, Венн диаграммасы, тест, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, суреттер, сызбалар, энциклопедиялар (5 дана)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру) 1 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . «Суқойма өсімдіктері мен жануарлары» тақырыбына шағын тест алу 5 мин
- Өзен, көл, батпақ не деп аталады?
А. Көл
Ә. Су
Б. Суқойма
- Мөлдір ағын сулар мен тоғандарда не өседі
А. Гүл
Ә. Жапырақ
Б. Балдырлар
- Суда жүретін қаз, үйрек, аққу балапандарын немен қоректенеді?
А. Балықпен
Ә. Құртпен
Б. Нанмен
- Судың тыныш жағалауын қандай аңдар мекендейді?
А. Қоян, түлкі
Ә. Ондатр
Б. Қасқыр, түлкі
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру, меңгерту 20 мин
- Оқушының қызығушылығын оятып, зейінін, логикалық ойлауын дамыту мақсатында «Лото» ойынын ойнату. 2 мин
Шарты:
- Оқушыларға жануарлар бейнеленген карточка үлестіру;
- Карточкадағы суреттің мағынасын ашатын сипаттау сөздер айту, ал оқушылар сол суретті фишкалармен жабу;
- Көлденеңінен кез келген бір қатар жабылса сол жеңімпаз атанады.
- Жеңімпаздарға сыйлықтар беру;
Мысалы:
- Балапандарын балықпен қоректендіреді. Біріккен сөз. (Бірқазан)
- Үй жануары. Төлі-лақ (Ешкі)
- Өте шапшаң орман жануары, саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды кептіреді. (Тиін)
- Құстың ұрпағы (Балапан)
5.Қалың шөп арасына ұя салады, киелі құс (Аққу)
- Ертеде бұл жануарға соқа жегіп, жер жырттқа, алып күш иесі (Өгіз)
- Үй құсы, шөже (Тауық)
- Бостандық құсы (Қыран)
9….. қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті. (Қарға)
- Төрт түліктің бірі, сүтінен шұбат жасалады
- Балапандарын басып шығарып, балықпен қоректендіреді. (Құтан)
12Дала жануары, құйрығының ұшы қара, біріккен сөз (Қарақұйрық)
ІІ. Мағынаны тану. Сыныпта үш орталық құру. Бұл жұмыс сыныпта жүелі қалыптасқан, оқушылар шартын біледі. Үш топта 5-6 баладан болады, орталықтың спикерлерін сайланып, бағалау парағымен таныстырылады.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні | 1-тапсырма | 2-тапсырма | 3-тапсырма | 4-тапсырма | 5-тапсырма |
Әр топтың өз тапсырмалары бірнеше данадан партада дайын тұрады.
1-орталық: «Білім» орталығы
2-орталық: «Шығармашылық» орталық
3-орталық: «Ақпарат» орталығы
1-орталық – «Білім» орталығы
1- тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау
2-тапсырма: INSERT стр-сы Мәтіннен оқығандарын талдап кестені толтырады.
Ү- білемін | — — білмеймін | + мен үшін жаңалық | ? мені таң қалдырды |
2-орталық: «Шығармашылық» орталық
1-тапсырма: Өзіңе ұнаған мақал-мәтелдерді көшіріп ал, мағынасын топта аш.
А) Ел көркі — мал, өзен көркі— тал
Ә) Бақпаса мал өспейді,
Баптамаса егін өспейді.
Б) Ат қадірін білмесең,
Жаяушылық көрерсің.
Ас қадірін білмесең,
Ашаршьшық көрерсің
- Қауын, алма, бидай, жылқы, сиыр, түйе, тауық сөздерінің таңдаған біреуіне ребус құр
- “Бес жол өлең” стр-сы
Сөздер: Күріш, қой, ешкі, тауық, жүгері
3-орталық: «Ақпарат» орталығы
Орталықта екі түрлі тапсырма бар
- Дарынды оқушыларға: Балаларға арналған танымдық энциклопедиялар «Аруна» баспасы
- Үлгерімі төмен балаларға:
1.Суретті бояу
- Мал шаруашылығының дамуына нелер қажет? (топтастыру)
ІҮ.Сергіту сәті: 1 мин
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық
Ү. Қорытынды. Венн диаграммасы 7 мин
Интербелсенді тақтадағы суреттерді көре отырып оқушылар ойларын жинақтап қорытынды жасайды.
Егіншілік Мал шаруашылығы
Ортақ қасиеті
Бағалау: Спикерлер бағалау парағы арқылы қорытынды жасайды 5 мин
Үйге тапсырма: 1 мин
1.Мазмұнын айту
- Мал шаруашылығында, егін шаруашылығында қолданылатын машиналардың суретін салып келу.
- Ауылда малды қалай бағады?(Әңгіме жазу.)