Айналаны қоршаған дүние
Сабақтың тақырыбы: Айналаны қоршаған дүние
Сабақтың мақсаты:
- Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру
- Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін . дамыту.
- Бір затпен екінші затты ажырата білу.Табиғатқа деген құштарлығын арттыру.Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:Сыныпты сабаққа дайындау. Оқушылардмен амандасу, түгендеу.
ІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.Өтілген материалдарды еске түсіру, сұрақтар қою.
ІІІ Жаңа сабақ: — Балалар,табиғат құбылыстарына нелер жатады? -Адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады? — Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?Ендеше балалар, бүгін біз сендермен «Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар» а) Табиғат, табиғат құбылыстары, табиғат заттары туралы.Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік береміз.
Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс
ІҮ. Қорытындылау:Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?-Табиғат дегеніміз не?-Табиғат құбылыстары деген не? —Табиғат заттарына нелер жатады?-Табиғи нешеге бөлінеді?Оларды ата.-Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:
Ү Бекіту кезеңі: біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.Табиғаттың екіге бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.