Өлі және тірі табиғат

Сабақтың тақырыбы: Өлі және тірі табиғат

Мақсаты:
1.  Балаларға қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат туралы түсінік беру. Олардың бір — бірімен байланысы жайлы мағұлымат беру, танымдық әрекетін шыңдау.
2. Сөздік логикалық қабілеттерін, ой — қиялдарын, қызығушылық сезімін дамыту.
3.  Өз ойларын толық жеткізе білуі, дүние танымын кеңейтіп, табиғатты қорғауға, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері:электронды оқулық,  жануарлар, өсімдіктер аңдар, жемістер, көкөністер.
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.                          

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбер:
Кел, балалар келіңдер, дөңгелене тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық.
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Айналаға қарайықшы көз салып,
Бізді қоршап тұр ғой міне табиғат
— Табиғат тірі және өлі болып бөлінеді.

Жаңа сабақ.
Тірі табиғат — олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, тұқым шашады. Оларға адамдар, жан — жануарлар, өсімдіктер, құстар, жемістер, көкөністер, балықтар жатады. Электронды оқулықтан көрсету.
Өлі табиғат — қоректенбейді, өспейді, тұқым шашпайды. Оларға су, тас, тау, күн, ай, құм жатады. Бірақ тіршілік атаулы оларсыз өмір сүрмейді.
Сондықтан олар бір — бірімен тығыз байланысты.
Сергіту сәті: кәне тұрайық, біз бой жазып алайық.
Ормандағы аюдың,
Қүлпынайы көп екен.
Теріп — теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Жарайсыңдар балалар, біз қозғалып бой сергіттік, жүрдік.
Оқушының білімін тексеру.

Біз қандай табиғатқа жатамыз?
Сусыз тіршілік болама?
Тас өсіп көбейе ме?
Сиырмен бақа тірі табиғатқа жатама?
Сен тағы қандай тірі табиғатты білесің?

Сабақты қорытындылау.