Сезім мүшелері. Құлақ-есту мүшесі.Мұрын-иіс сезу мүшесі
Пәні: Дүниетану, 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері. Құлақ-есту мүшесі.Мұрын-иіс сезу мүшесі
Сабақтың максаты: Қоршаған дүниені толық танып білу үшін сезім мүшелерінің, оның ішінде есту сезім мүшесі — құлактың ,иіc сезу мүшесі — мұрынның алатын орнын түсіндіру.
Баланы сұраққа толық жауап беруге дағдыландыра отырып, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; гигиеналық тәрбие беру.
Көрнекілігі: әртүрлі иісті заттар,үнтаспаға жазылған дыбыстар,слайдтар.
Tүpi: аралас сабақ
Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер: сұрак-жауап, тусіндіру, әңгімелеу.
Сөздік жұмысын жүргізу: құлақ,есту,дауыс,үн,жағымды, жағымсыз,хош иіс,ащы иіс.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Баланың сабакка зейінін аудару;
Партада дұрыс отыруын қадағалаймын.
П. Өткен сабақты қайталау.
Оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін сұрактарға жауап ала отырып қорыту;
III. Жаңа сабақ.Үн таспадан түрлі дыбыстарды тыңдатып, олардың ненің дыбысы, ненің үні екенін анықтату;
- Оқушыларға өздері өмірден білетін түрлі дауыстар мен дыбыстар туралы айтқызу; Мәселен, құстар сайрайды, ит үреді, т.б.
- Музыка тыңдату арқылы оқушының эмоциялық көңіл-күйіне әсер ету. Музыка әуенінің турлі дыбыстардан тұратынына көңіл аударту;
- Әңгімелесу:
-Осы дыбыстарды , дауыстарды қалай, ненің көмегімен анықтадың?
-Құлақ арқылы біз адамның сөзін,малдың дауысын,музыканы,сыбдыр мен сылдырды айыра аламыз.Құлақ-есту мүшесі.
-Дыбыстар сендерге қалай әсер етеді?
- Оқулықтағы сүрет бойынша әңгімелеу.
- 5. Оқушылардың өміp тәжірибесін пайдалану. Күнделікті өмірде үйінің маңайынан,
жүрген жолдарынан қандай табиғат дыбыстарын, жануарлардың үндерін еститіндігін
сұрау. Сол туралы оқушылардың еркін сөйлесуіне жағдай жасау;
Дәптермен жұмыс:
Сүреттер мен тапсырмаларды пайдалана отырып, адам қолымен жасалған заттар туралы
мағлумат беру;
Қорытындылау: Оқушыларға құлақты таза ұстау ережеін түсіндіру.
Сергіту сәті :
— Екі қолың не үшін қажет?
— Елге көмек беру үшін.
— Екі көзің не үшін қажет?
— Жақсыларды көру үшін.
— Екі құлағың не үшін қажет?
— Ақыл — кеңес тыңдау үшін.
— Жарайсыңдар,балалар,ендеше сабағымызды жалғастырайық.
1.Әр партаға неше түрлі иісті заттарды беріп, олардың иіci туралы оқушыларды сөйлету (хош иісті, жағымды, жағымсыз, т.б.).
Сұрақтарға жауап алу.
-Иісті қалай сезесің?
—Адам мұрнымен иісті ажыратады және тыныс алады.Мұрын-иіс сезу мүшесі.
-Иісті сезудің қандай пайдасы бар?
-Егер мұрныңды жауып қойып, затты ұстап көрсен, оның қандай қасиеттерін, не белгілерін сезіне аласың?
Осы сұрақтар негізінде оқушылардың өздерінің не білетіндігіне сүйеніп, иісті білудің пайдасын айтқызып, олардың өз тәжірибелерінен мысал келтіруіне мүмкіндік беріледі. Сабақта оқушылар өздерін еркін ұстауға, ойын іркілмей айтуға үйренуі тиіс. Сонымен қатар иістің күнделікті өмірдегі маңызын тереңірек түсінуге жағдай жасалынады.
2.Оқушыларға тазалықты сақтау туралы тәрбие беру мақсатын жүзеге асыру.Ережені оқу.
3.Сабақтың қорытынды бөлімінде сурет бойынша жұмыс.
— Балалар,неліктен бұл суреттерде пеш,ит және фильтр(сүзгі) салынған? Мұрын және осы заттардың арасында қандай ортақ қасиеттер бар?
Оқушылар қиналып жатса,көмектесу.
Тыныс алған кезде ішке жұтқан ауаны мұрнымыз жылытып,тазалайды.
- Үйге: Сурет бойынша әңгімелеу.