Ғарыш дегеніміз не?

 

Тақырыбы: Ғарыш  дегеніміз  не?

Мақсаты:

Ғарыш, жер  шары, Біздің  заманымызда ғарыш  қалай  зерттелетінін және зерттеу жұмыстарын  жүргізетін  орбиталық  стансалар жайлы  анықтама  беру.Топта жұмыс  жасу  қабілетін  ояту.

Көрнекіліктер: слайд фильм, электронды  оқулық,

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен  амандасу

ә) Топты  материалдық  санау  арқылы  бөлу

ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

Сұрақ —  жауап  арқылы  өткенді  пысықтау

Тест  жұмысын  алу (әр  топқа  тест  тапсырмасын  беру)

ІІІ.Оқушыларды  шеңберге  тұрғызып  1,2,3,4  санау   арқылы  топқа   бөлу

ІV. Жаңа  сабақ

1.Мұғалімнің  кіріспе  әңгімесі

  1. Электронды оқулықтан көрсету
  2. V. Оқулықпен жұмыс

— Мәтінді  оқып  —  танысу

Топпен  жұмыс.Әр  топқа  сұрақтар  беру

  1. Қазақ ғарышкерлері кімдер,  қашан  ғарышқа  ұшты?
  2. Жердің жасанды серіктерінің  халық  шаруашылығына  пайдасы?
  3. Жарық секундына қанша  жылдамдықпен  таралады?
  4. Ғарыш дегеніміз не?
  5. Құс жолын дегеніміз  не?
  6. Неше планета  бар,  аттарын  ата?

VІ. Бекіту

  1. Не білемін?
  2. Не таңқалдырды?
  3. Не білгім келеді?

Сұрақ – жауап

Дәптермен  жұмыс

Бағалау.

Үйге  тапсырма   беру

  1. Ғарыш дегеніміз не? оқу
  2. Қосымша әдебиеттерден ғарыш  туралы  ізденіп  келу