Су. Судың қасиеті

 

Атырау облысы  Индер ауданы  М. Сиранов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кабиева Айнур Кайраковна

 

«Ғылым айдынында мен өзімді жағада ойнап жүрген сәби сияқты елестетемін. Құдды теңіз жағасынан тас тауып алып, соны қызықтап жүргендеймін»,- деген екен Ньютон. Иә, ғылымды, білімді көмілген күміс пен қазына іздегендей оқып-үйренсе, үздіксіз ізденіс үстінде жүрсе, бақыт жолына қолымыздың жетері анық. Жүсіп Баласағұн: «Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас» депті. Білімді адам – білікті маман. Ал білікті маман – өз ісінің күшті, мықты, берік адамы. Әлемдік өркениет көшінен қалмау үшін біздер, ұстаздар, білім мен білікті тең ұстауымыз керек. Қазір қарманған адам ғана қарап қалмайды, өз еңбегінің жемісін, рахатын көреді. Осы жолда менде адамзатқа Алланың берген сара жолы біреу ғана дер болсам, сол жолда өмірлік бағытың мен бағдарыңды айқындай білу, талантыңды танытып, қабілетіңнің қайнар көзін ашу, туған елің мен жеріңе, айналаңа жақсылық жасау, жігерің мен намысыңды жасытпай рухыңды биік ұстау, арман-мақсаттарыңа қол жеткізу, адамшылық пен парасаттылықтың пернесін теңдей басып, көпшіліктің жүрегінен жол табу – екінің бірінің басына  жазыла бермейтін бақыт. Осы қызметте ұстазі  білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана  кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді балаларға арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, сан алуан мінезі бар балаларға халқымзыдың салт – дәстүрі мен бай мұрасын, ауыз әдебиетін, тарихын танып білуге талпындырсам, тілін құрметтеуге әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің ақталғаны деп білемін. Адам баласы алған тәрбиесін өз мақсатына жету үшін білім кілті арқылы ашып, пайдаланады. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерлеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Ұстаздар  алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана биікке ұмтылады. Жас ұрпақты өмірге дайындап, олардың «Сегіз қырлы, бір сырлы» талантты, білімді азамат болуы үшін тәрбиенің барлық түрін ұштастыра жүргізуім қажет. Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған оқушыларым. Тәуелсіз еліміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – оқытудың жаңа әдіс — тәсілдерін қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау – бүгінгі ұстаздар

 

қауымының басты парызы екені баршаға аян. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы – қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі ұстаздың қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. «Адамның адамшылығы … жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы оқушыларым да сондай боп шығарын түсінем. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол  жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным. Абай атамның «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым. Осы ұстанымға жету мақсатында өз көзқарасым мен шешімдерімді заманауи талаптарға сай өзгерте отырып, еңбек етемін. Сол еңбегімнің бір көрнісі дүниетану  пәнінен «Су. Судың қасиеті» деген тақырыпта  өткізген сабақ жоспарымды ұсынамын.

 

Сабақ бойынша түсінік хат

Мен өзім дәріс беретін 3 «а» сыныбыма төмендегідей психологиялық-педагогикалық мінездеме берер едім.

Сыныптағы оқушылар саны: 20 оқушы, жас шамалары: 9 — 10.

Сыныптың құрамы: ұл балалар -11, қыз балалар — 9.

Сынып 2012 жылы қалыптасты. Осы 3 «а» сынып оқушыларымен 3 жыл бойы жұмыс жасап келемін. Қазіргі уақытта оқушылармен өзара сыйластық, достық,  бір-біріне сенімді қарым-қатынас орнаған. Оқушыларым мектептің өміріне,  әртүрлі мектепаралық іс-шараларға, аудандық сайыстарға белсене қатысады.

Сыныпта оқуға ынталандыру: оқушылар жаңа материалды есте сақтауға, білімдерін толықтыруға, оларды өзінің күнделікті жұмысында пайдалануға тырысады. Көпшілігі қосымша тапсырмаларды орындауға әзірлеуге қатысады, пәндік олимпиадаларға қатысады.

Үлгерімі: Сыныбымда 5 «үздік», 7 «екпінді»,  ал қалған оқушыларым  «жақсы оқушылар»  қатарына қосылуға тырысуда

Тәртіп: сынып оқушылары белсенді, бір – біріне жылылық сыйлайды, өздерін ересектерше ұстағанды ұнатады. Сабақтарда өте белсенділік, ұйымшылдық  танытады.

Қызығушылықтары: сынып көпшілігі бірдей музыка тыңдайды және бірдей би билегенді ұнатады,  ұқсас фильмдер көреді. Сабақтан бос кезде саяхатқа шыққанды ұнатады, түрлі үйірмелерге қатысады, мысалы: баскетбол секциясына, еркін күрес, домбыра және баян  үйірмелеіне қатысуда

Тұтас алғанда сынып көпшілдігімен, бірлігімен, топтасқандығымен, өзара сыйластық танытып, бір-біріне қолдау көрсететіндігімен ерекшеленеді.

Сабақтың тақырыбы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығының 7-қосымшасын басшылыққа ала отырып 3 сынып бойынша жасалған ұзақ мерзімді жоспарынан алынды. Ол II тоқсанның «Су. Судың қасиеттері» деп аталатын сабақ. Бағдарлама бойынша пәннің мазмұнын меңгеру үшін 2 сыныптарға аптасына 1 сағаттан, жыл бойына 34 сағатты құрайды. Сабақта дүниетану оқулығы басшылыққа алынды, авторлары: К.Жүнісқызы,  Н.Жапанбаева  Атамұра баспасы — 2013 ж.

 Дүниетану
ТақырыбыСу. Судың қасиеті
СілтемеДүниетану 2-сынып, Атамұра баспасы  2013   К.Жүнісқызы. Н.Жапанбаева
Жалпы мақсаттар Оқушыларды судың қасиеттерін білу. Тәжірибелер арқылы судың қасиетін бөліп тізіп айту,  мысал келтіру.
Оқыту нәтижесі1.Оқушылар судың қасиетін бөліп көрсетеді

2.Судың жағдайын дәлелдейді, мысал келтіреді

3. Сусыз өмірдің қаншалықты маңызды екені туралы түсінеді

Негізгі идеяларБалалардың табиғатқа, деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, табиғатты және суды  қорғай білуге тәрбиелеу.
Тапсырмалар

 

·          «Кір жаятын жіп» әдісі

·         «Миға шабуыл» стратегиясы

·         «Сұхбат алу» әдісі

·         «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы

·          «Ойтолғаныс» стратегиясы

·         «Лездеме» әдісі

·         Топтық жұмыс

Бағалау критерийі

 

МадақтауҰпай саныБаға
Жарайсыңдар!7-85
Құттықтаймыз!5-64
Әлде де талаптан!3-4 3
Дайындалу керек!1-2

Формативті бағалаудан жиынтық бағалауға

Оқушылар жауаптарына қарай балықтың суреттерін жинайды.

                        Жүргізетін жұмысым

 

УақытМұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушылардың іс-әрекеті
3         минут

 

 

 

І. Психологиялық дайындық

—          Бізге тамақ не ушін қажет?

—          Үлкен болып өсу үшін!

—          Жарық бізге не үшін қажет?

—          Айналаны көру үшін!

—          Су бізге не үшін қажет?

—          Сусынымыз қану үшін!

—          Ауа бізге не үшін қажет?

—          Демалуымыз үшін!

—          Ауа  туралы не білетінімізді еске түсірейік

Мұғаліммен сәлемдесу.

—          Оқушылармен амандасу

—          Оқушыларды жұмбақ шешу арқылы,  4-топта бөлініп, отырғызу.

—          Оқушылар  бағалау критерийлерін ескере отырып, белсенді қатысады жақсы  бағалануға ұмтылады

6 минутІІ.  Үй тапсырмасы

(Постер қорғату)

І топ – Ауаның қасиеті

ІІ топ – Ауаның маңызы

ІІІ топ – Ауа неліктен ластанады және оны қалай қорғаймыз?

ІҮ. Су асты тіршілігі үшін ауа қажет пе?

«Кір жаятын жіп»

Ауаның қасиетін айту, жазу

 

 

 

—          Ауаның қасиеті, ауаның маңызы, ауаны ластанудан сақтау, таза ауа денсаулық кепілі – атты тақырыптар бойынша оқушылардың алған білім, білік дағдылары туралы постер қорғату

№ 1 слайд арқылы ауа туралы түсініктерін бекіту, ауаның қасиетін еске түсіру.

3 минут

 

ІІІ. Мағынаны тану

 Қызығушылықты ояту

Бейнеролик көрсету:

«Су – тіршілік көзі»

1.       Бейнероликтен не көріп, тамашаладық?

2. Су, толқын, тау, қар, мұз, табиғат көрністерін

Оқушылар табиғаттың көп бөлігін су алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көлдер, мұхитар мен теңіздерді құрайды. Барлық жануарлар және өсімдіктер, жанды заттар сулардан тұрады. Адам организімінің 86% судан тұрады. Адам күніне 1,5-2 л су ішеді.
7 минут

 

 

 

ІҮ. «Миға шабуыл»

Тәжірибе жасау арқылы судың қасиетін анықтау

1.       Судың түсін анықтау

2.       Судың дәмін анықтау

3.       Судың иісін анықтау

       Пішінін анықтау

 Тәжірибе барысын түсіндіре және көрсере отырып орындау

Су – түссіз, иіссіз, дәмсіз, пішіні жоқ.

 

Табиғатта су үш күйде болады: сұйық, бу, қатты.

 

6 минутҮ. Оқулықпен жұмыс

1. Мәтінді іштен  оқып,тақырыпқа байланысты жұптық «сұхбат алу» әдісі бойынша екі оқушыға диалог құрату.

Сурет бойынша әңгіме құрату

1.       Суретте қай мезгіл бейнеленген?

2.       2. Суда балалар қай мезгілде    шомылады?

3.       Судың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

4.       Ал, екінші суретке назар аударайық?

5.       Қыста су қандай күйге ие болады?

А  деңгейлі оқушымен жұмыс:

— Судың тағы  қандай қасиетін анықтауға болады?

-Су не үшін қажет деп ойлайсың?

В деңгейлі оқушымен жұмыс

-Қандай  нақыл сөздер білесің?

— Су — тіршілік көзі, сусыз өмір жоқ, т.б.

Бұл тапсырмаларда  А, В деңгейлі оқушылар өз ойын ауызша қорғайды.

Й қасиетін анықтауға болады?ҮІ. «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы

 

Дәптермен жұмыс

 

1.       Күннің жадысы мен сабақтың тақырыбы

2.       Су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, мөлдір

3.       Табиғатта су үш күйде болады: сұйық, қатты, бу

7 минут

 

 ҮІІ. Ойтолғаныс

(Постер қорғату)

1-топқа:Судың неше күйі бар?

 2-топқа:Судың қасиеті

3-топқа: Судың пайдасы

4 –топқа:Шайнектегі су қайнағанда неге азаяды?

Оқушылардың сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту

Шайнектегі су неге азаяды? Себебі:  1. су қайнап буға айналып, ұшып жатыр.

2.       Шайнектің қақпағын ашсақ, тамшы болып құйылады. Оны 3-ші сыныпта оқисыз.

7 минутҮІІІ. Сабақты бекіту

Лездеме

1 топ:«Жер бетінде су жойылып кетсе, онда,,,,,» деген ойды аяқта

2 топ:Дүние жүзі судан неліктен тапшылық көруде?

3 топ:   Су туралы қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

4 топ: «Сусыз тіршілік жоқ» деген мақал тегін айтылмаса керек.

 

1 топ: Судың маңызы

1. Сусыз тіршілік ету мүмкін емес

2. Су тазалық пен денсаулықтың көзі

3. Өзен, көл табиғаттың көркі

4. Су қатынас жолы

5.  Суды ластаудан сақтау,үнемдеу әр адамның міндеті

2 топ:Жер шарының 70%   су алып жатыр.

Ендеше қазіргі таңда көптеген елдерге тұщы су қоры жетіспейді.

Теңіз мұхит сулары ащы. Жер бетіндегі судың 3% ғана тұщы су.

3 топ:Тыйым сөздер:

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Бұлақ көрсең көзін аш.

Судың да сұрауы бар.

Түнде суға барма.

4 топ: Ғалымдардың бақылауы бойынша, мысалы, ит тамақсыз 30-40 күн, ал сусыз 3-4 күн ғана шыдайды екен

2 минут

 

ІХ. Бағалау критерийі

 Жинаған балықтарын санап, ең көп жинаған оқушыларды бағалау

 6 – 8  ұпай – «5»  

 4 – 5  ұпай – «4»

       2 – 3  ұпай – «3»

Үйге тапсырма1.Судың қасиетін оқу және мазмұнын айту.

2. «Сусыз-тіршілік жоқ» тақырыбына  әңгіме жазу

Пән мұғаліміА. Кабиева

 

Сабақтың қорытындысы бойынша балалардың жұмысы мен сабақтың нәтижесіне қысқаша рефлексия

Бұл сабаққа оқушылар дәстүрлі сабаққа қарағанда үлкен қызығушылық  және өз бетіндік ізденіспен келді. Атап айтар болсақ үй тапсырмасы бұрынғыдай 3 — 4 оқушыны тұрғызып түсінегенін баяндату емес, « Ауаның қасиеті, ауаның маңызы, ауаны ластанудан сақтау, таза ауа денсаулық кепілі» – атты тақырыптар бойынша оқушылардың алған білім, білік дағдылары туралы постер қорғатып, № 1 слайд арқылы ауа туралы түсініктерін «кір жаятын жіп» әдісі арқылы бекіту, ауаның қасиетін еске түсіру.  тек оқулық материалымен шектеліп қалмай өз бетімен іздене отырып, сол тақырыпты жан-жақты толық талдауға арналды. Олар интерактивті тақтамен жұмыс істей отырып уақытты тиімді пайдалана алды.  Мағынаны тану сатысында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Су – тіршілік — көзі» атты бейнеролик көрсетіп, ашық сұрақтар беріп отырдым. Осы мезгілде «Су. Судың қасиеті» туралы оқушыларға қысқаша мағлұмат бердім. Табиғаттың көп бөлігін су алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көлдер, мұхитар мен теңіздерді құрайды. Барлық жануарлар және өсімдіктер, жанды заттар сулардан тұрады. Адам организімінің 86% судан тұрады. Адам күніне 1,5-2 л су ішеді — деген  мағлұматтар беріледі. Келесі жұмыс  «миға шабуыл» стратегиясы бойынша  судың қасиеттерін анықтау мақсатында оқушылармен бірлесе тәжірибе барысын түсіндіре және көрсете отырып  орындау. Осы кезде оқушылар да су туралы мынадай түсінік қалыптасады: су – түссіз, иіссіз, дәмсіз, пішіні жоқ. Табиғатта су үш күйде болады: сұйық, бу, қатты. Осы тәжірибе барысында оқушылар көзбен көріп, қолмен ұстап, судың қасиеттерін анықтау мақсатында ой – өрістері, сөздік қорлары молайып, сабаққа деген қызығушылықтары оянды. «Сұхбат алу» әдісі бойынша мәтінді іштей оқып, тақырыпқа байланысты екі оқушы диалог құрады, оқулықтағы мәтін де берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап алынады. Берілген сурет бойынша әңгіме құрату: Суретте қай мезгіл бейнеленген? Суда балалар қай мезгілде шомылады? Судың денсаулыққа қандай пайдасы бар?  Қыста су қандай күйге ие болады? —  ашық сұрақтар беріліп, оқушы ойын  жинақтау.   А және В  деңгейлі оқушымен ауызша жұмыс жүргіледі:

— Судың тағы  қандай қасиетін анықтауға болады?

-Су не үшін қажет деп ойлайсың?

-Қандай  нақыл сөздер білесің?

— Су — тіршілік көзі, сусыз өмір жоқ, т.б.

«Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы арқылы дәптермен жұмыс орындату:                    Су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, мөлдір.

Табиғатта су үш күйде болады: сұйық, қатты, бу.

«Ойтолғаныс» стратегиясы арқылы жаңа сабақты қорытындылау мақсатында постер қорғату, ҮІ топқа төрт  түрлі тапсырма беріледі:

1-топқа:Судың неше күйі бар?

2-топқа:Судың қасиеті

3-топқа: Судың пайдасы

4–топқа:Шайнектегі су қайнағанда неге азаяды?

Бұл тапсырма да оқушылардың сөздік қорларын молайту, сөйлеу мәдениетін дамыту. Өтілген материалға шолу жасалып, ой қозғалды. Оқушылар «Лездеме» әдісіне белсене, таласа-тармаса қатысты. Қате жауаптар бірден «Жоқ! Дұрыс емес!» деп қайтарылып тасталмай, балаға ойлануға мұрсат берілді. Мағынаны тану бөлімінде «ал, бүгінгі сабақ мынандай» демей, сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, ұғындырылды.  Ең бастысы дәстүрлі сабақтарда кездеспейтін «Бағалау критерийімен» таныстырылды. Оған оқушылардың қосатын түзетулері мен өзгерістері  «бар-жоқ» екені анықталды.

Оқушылар сабақ үстінде жақсы жауаптары үшін суреттер арқылы формативті бағаланып отырса, сабақ соңында жинаған суреттері арқылы жиынтық баға қойылды.

Сонымен бұл сабақ бойынша оқушы өз бетімен ізденуге үйренді. Әркімнің өзіндік пікірі бар екенін ұқты және сол пікірге құрметпен қарауға, өзгені тұүсінуге, сөзін бөлмеуге, бір-біріне шыдамдылықпен қарауға үйренді. Постер қорғағанда қатесіз, әдемі жазуға тырысты. Сабақтың әр кезеңіне өз үлестерін қосуға үйренді. Дейтұрғанмен сабақ барысында қиындықтар кездесті. Ашық сұрақтар кезінде оқушылар өз ойларын тиянақты жеткізе алмады. Сыни тұрғыдан ойлауы мардымсыз жағдайда болды. Болашақта оқушыларға берілетін  әрбір тапсырманың   сыни тұрғыдан қамтылуын ескеремін.

 

 

 

 

Сабақ сәттерінен

                     

                                      

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

Р/сСабақтың тақырыбыОқып үйренудің мақсатыОқуда

қолданылатын әдіс — тәсілдер

Оқып үйренудің нәтижесіБағалауНегізгі дереккөздерМодульдер
1Ауа. Ауаның қасиетіАуаның қасиетін білу  Ой қозғау

«Кім көп біледі”

ойыны

  Ресурспен жұмыс

∙  Оқулықпен жұмыс

∙  Топтық жұмыс

-Электронды оқулықпен жұмыс

1. Оқушылар ауаның қасиеті туралы тәжірибе жасайды

2. Ауаның қасиеті туралы өз беті мен қорытынды жасай алады.

3. Ауаның қаншалықты маңызды екенін түсіндіре алады

Формативті  бірін- бірі бағалау, жиынтық бағалауДүниетану оқулығы

Авторлары:

К. Жүнісова,   Н.Жапанбаева

2013 ж. бастауыш сынып журналдары, электронды оқулық, Power Point

Диалогты оқыту тәсілі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқушылардың  жас ерекшелігіне сай оқыту және оқу. Оқытуда АКТ пайдалану
2Ауаның маңызы. Таза – ауа денсаулық кепіліАуаның қасиеті және оның маңызы туралы білімді

кеңейту

  Ойтолғаныс

«Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы

∙  Суретпен жұмыс

  Ресурспен жұмыс

∙  Топтық жұмыс

·          * Сұрақ-конверт

·  Оқулықпен жұмыс

1.Оқушылар топқа бөлініп тірі ағза үшін ауаның маңыздылығы на баға береді

2.Ауаның  маңыздылығы туралы түсінік бере алады

3.Ауа туралы білім ала отырып, ауа туралы толық қорытынды жасай алады

Вербальді бағалау, яғни «өте жақсы», «жақсы», «жарайсың», «сіздің қолыңыздан келеді»Дүниетану оқулығы Авторлары:

К. Жүнісова,

Н.Жапанбаева,  интер нет желісі, Power Point

Диалогты оқыту тәсілі. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.  Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқушылар дың жас ерекшелігі не сай оқыту және оқу. Оқытуда АКТ –ны пайдалану
3Су. Судың қасиетіСудың қасиетін білу.  Тәжірибе лер арқылы судың қасиетін бөліп тізіп айту,  мысал келтіру∙  «Кір жаятын жіп” стратегиясы

∙ «Қара-жап-айт-жаз-тексер» стратегиясы

∙  «Миға шабуыл” стратегиясы

∙  Ойтолғаныс

∙  Оқулықпен жұмыс

∙  Топтық жұмыс

— Лездеме

1.Оқушылар судың қасиетін бөліп көрсетеді

2.Судың жағдайын дәлелдейді, мысал келтіреді

3. Сусыз өмірдің қаншалықты маңызды екені туралы түсінеді

Формативті бағалау дан жиын тық бағалауға

Оқушылар жауаптарына қарай балықтың суреттерін жинайды

Дүниетану оқулығы

Авторлары:

К. Жүнісова,

Н.Жапанбаева, Биология журналдары, интернет желісі,

(youtube.com) Power Point

Диалогты оқыту тәсілі. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды балаларды оқыту.  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқушы лардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу
4Судың маңызыЖердегі тіршілік үшін судың маңыздылығын бағалауОйтолғаныс

∙ Стоп -кадр

∙  Серпілген сауал

∙  Оқулықпен жұмыс

∙  Топтық жұмыс

*Постер қорғау

* Электронды оқулықпен жұмыс

1.Тірі ағза тіршілігіндегі судың маңызын анықтайды

2.Судың өмірде  маңыздылығы туралы түсінік бере алады

3.Судың маңызы туралы қорытынды

Формативті бағалау. Пікір білдіру. Топтар бір бірін бағалауДүниетану оқулығы.

Авторлары:

К. Жүнісова,

Н.Жапанбаева,  Электронды оқулық,  Power Point

Диалогты оқыту тәсілі.  Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талант ты және дарынды балалады оқыту. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Дүниетану пәні бойынша орта мерзімді жоспар

Аннотация

 

Зерттеудің өзектілігі – тұлғаның барлық көрсету және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту басты факторлардың бірі. Осы жұмыстың арқасында танымдық әрекеттің белсенділігі артады.

 

Гипотеза – Судың қасиетін зертхана жағдайында қалай анықтауға болады? Егер болса, қандай жағдайда?

 

Зерттеудің мақсаты :

  1. Судың түсін анықтау
  2. Судың дәмін анықтау
  3. Судың иісін анықтау
  4. Пішінін анықтау

 

Зерттеудің міндеті:

  • Судың қасиетін суреттейтін, түсіндіретін материалдарды  тауып және талдау;
  • Сусыз өмірдің қаншалықты маңызды екені туралы түсіну

 

Зерттеудің әдісі:

  1. Ашық сұрақтар
  2. Гипотезаны дәлелдейтін өзіндік практикалық жұмыстар