Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің көптүрлілігін және маңызы жайлы түсінік беру, білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өсімдіктердің адам өмірі үшін маңызын өз бетінше ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортадағы өсімдіктерді аялауға, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Болжау» стратегиясы, «Сиқырлы таяқ» ойыны, «Үндемес» ойыны, топпен жұмыс, сөзжұмбақ.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, тест тапсырмалары, слайдтар, ғылыми деректер, гербари, видеоролик.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарын аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (тест сұрақтары)
1.Топырақ деп … айтады.
А) жеміс беретін ағаштар мен бұталардың молдылығы
Ә) өсімдік тамырларының шырмалуын;
Б) жердің жануарлар ін қазатын қабатын;
В) жер бедерінің беткі құнарлы қабатын.
- Топырақтың негізгі қасиеті:
А) құнарлылығы;
Ә) қарашірік;
Б) қара қоңыр түс;
В) тыңайтқыш
- Топырақтың түсі:
А) оның құрамындағы ылғалға байланысты;
Ә) құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты;
Б) егін шаруашылыған байланысты;
В) әр өсімдіктің тіршілігіне байланысты.
- Картада қалалар қандай белгімен белгіленеді?
А) дөңгелекпен;
Ә) төртбұрышпен;
Б) үшбұрышпен;
В) жұлдызшамен.
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бастамас бұрын сабақтың тақырыбын ашып алуымыз керек. Сол үшін «Кім тапқыр» ойынын жүргізіп, сөзжұмбақты шешеміз.
- Кішкене ғана тостаған,
Жер дүниені бастаған. (көз)
- Судың да … бар.
- Отыз екі мықты,
Қаз-қатар боп шықты.
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті. (тіс)
- Иіс сезу мүшесі (мұрын)
- Пайдалы қазбалардың бір түрі (кенді)
- Дәм сезу мүшесі (тіл)
- Таппайтын тағат,
Тығулы сағат. (жүрек)
Жер бетінде өсімдіктің көптеген түрлері өседі. Өсімдіктердің көптүрлілігі сондай әр түрдің атын атап, тізіп айту қиын. Ғалымдардың есептеу бойынша біздің елімізде 6000-нан астам өсімдік түрі өседі екен. Өсімдік тұқымынан өсіп өнеді. Біртіндеп сабағы, жапырағы, гүлдері, жемістері пайда болады. Көптеген өсімдіктердің сабағы мен жапырақтары күзде қурайды. Өсімдіктер тірі ағза болғандықтан тіршілік етудің барлық кезеңдерінен өтеді. Олар көбейеді, қоректенеді, өседі, қурайды. Бұл өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдейді.
- Оқулықпен жұмыс
І топ.Өсімдіктердің көптүрлілігі. (оқу)
ІІ топ.Өсімдіктер өсетін орта жағдайларының алуан түрлілігі.(оқу)
ІІІ топ.Жұмбақ шешу.
- Топпен жұмыс
I топ өсімдік туралы өлең шығару.
ІІ топ өсімдік туралы мақал-мәтел айту.
ІІІ топ өсімдіктердің суретін салу.
Әр топқа сурет бойынша жұмыс жасау тапсырмасы беріледі.
VІ Қорытынды. «Сиқырлы таяқ» стратегиясы
-Өсімдіктің неше түрі бар?
-Өсімдік қандай жерлерде өмір сүреді?
-Өсімдік жайлы не түсіндің?
Өсімдік немен қоректенеді?
VІІ Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, түсінік айту.
VІІІ Бағалау. Үй тапсырмасы сұралған, сабаққа жақсы қатысқан
оқушыларды өз деңгейінде бағалау.
Өсімдік, гүл, ағаш, бұта, шөптесін, тамыр, жеміс,
көбейеді, қоректенеді, өседі, қурайды.