Өсімдік мүшелері. Тамыр.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік мүшелері. Тамыр.
Сабақтың мақсаттары:
- Оқушыларға өсімдік және оның мүшелері жайында ұғым қалыптастыру. Тамыр туралы түсінік беру.
- Оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
- Табиғатты сүюге,аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, суреттермен жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.
- Топқа бөліну.
- Үй тапсырмасын тексеру.
1-топ: өсімдіктің балауса шағы
2-топ: өсімдіктің «жастық шағы»
3-топ: өсімдіктің «қартайған шағы» туралы әңгімелеу.
III. Білімдерін жан-жақты тексеру. Ой қозғау стратегиясы.
«Бәйге ойыны»
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Өсімдік қандай ағзаға жатады?
- Өсімдік мүшелерін ата. Ауаның қасиетін ата.
- Өз жеріңде таза ауа болу үшін не істеуге болады?
- Судың қасиетін ата.
- Судың үш күйін ата.
- Топырақ деген не?
- Топырақтың құрамын ата.
- Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?
- Өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
- Оларды қорғау үшін неістеу керек?
- IV. Жаңа білімді меңгерту.
Сұрақ-жауап бойынша:Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?
Сызбаны оқушыларға толтырту.
|
Миға шабуыл. Қызығушылықтарын арттыру. Сөзжұмбақ шешу.
Т | Ұ | Қ | Ы | М | |||
С | А | Б | А | Қ | |||
Т | Ұ | М | А | Н | |||
Т | О | П | Ы | Р | А | Қ | |
Т | Е | Р | Е | К |
- Күзде себілетін дән.
2.Өсімдіктің барлық мүшесін бір-бірімен жалғастырып тұратын мүшесі.
3.Табиғат құбылысы.
4.Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат.
- Ағаш.
- Сызба бойынша тамыр туралы түсінік беру.
- Сурет бойынша түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс. Тізбектей оқыту. Талдау.
1-топ: Ағаштар
2-топ: Бұталар
3- топ: Шөптер
Тақтамен жұмыс.
1 тапсырма:Ағаштарға, бұталарға, шөптерге нелер жатады?
2тапсырма: Ауызша әңгімелеу.Сол өсімдіктер туралы жалпы түсінік беру.
3тапсырма: Жеке оқушылармен жұмыс:
А) тест орындату.
Ә үлестірмелер беру.
Сергіту сәті.
4- тапсырма: Әр топқа жеке тапсырмалар (топпен орындау, тақтаға ілу.)
1-топ: Суреттегі өсімдіктің тамырын сипаттау.Сол өсімдік туралы әңгімеле.
2-топ: Бұтаның тамыры қандай тамыр түріне жатады? Бұтаны сипаттау.
3-топ: Шөптесін өсімдіктер туралы әңгімеле.
Өсімдік неге тірі ағза?
Сызба толтырту
- Сабақты бекіту.
Г) Дәптермен жұмыс.Танымдық диктант.
Өсімдіктің жер асты мүшесін … дейміз.
Тұқымынан тікелей шығатын тамырды… дейді.
Шашақ тамырлы өсімдіктер:
Шөлді жерде өсетін өсімдіктер:
Сызба толтыру.
V.Бекіту
|
|
VI.Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Тамырдың суретін салу.
VII.Бағалау.