Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адам,қоршаған орта туралы білімін кеңейту,ежелгі адамдар,олардың тіршілігі туралы мағлұмат беру арқылы танымдық әрекеттерін дамыту,тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ежелгі адамдар» бейнетаспасы.
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық көңіл күй.
2.Зерттеу жұмыстарын талдау.
3.Адам-ақыл-есі бар тіршілік иесі.Қайталау.
-Сөздікте «Адам – сөйлеу,ойлау қабілеттері бар,құрал-жабдықтар жасап,оларды пайдалана алатын тіршілік иесі» делінген.Сонымен адам-табиғаттың бір бөлігі.Осыны дәлелдеңдер.(Адам тыныс алады,дамиды,өседі,өмірге бала әкеледі,өледі).
-Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы неде?
-Айырмашылығы мынада:Адам-ақыл-есі бар тіршілік иесі.
4.Жаңа сабақты меңгеру.
1.Уақыт машинасымен өткен өмірге саяхатқа шығу.
-Тарих дегеніміз не?(Тарих-бұл адамзат қоғамының өткені туралы ғылым).
-Тарихи дереккөз деп нені айтады?
-Тарихи деректемелерге қолжазбалар,кітаптар,монеталар,т.б. жатады.
-Тарихтан өткен өмір туралы не білгілерің келеді?
2.Оқушылардың жауаптарын толықтыру.
а) Адам қолымен еңбек етудің арқасында денесін тік ұстап жүре бастады.
ә )Миы дамып,ойлау,сөйлеу,қиялдау қабілеті дамыды.
б)Адам шығармашылығы мен іскерлігінің арқасында еңбек құраодарын жасай бастады.
5.Оқулықпен жұмыс.
а)Мәтіннің бірінші бөлігін оқыту.
ә)Ежелгі адамды көз алдарына елестету.
б)Кестені толтыру.
Ежелгі адам | Қазіргі адам | Ұқсастығы |
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 |
Мәтінді оқып,қазіргі адам мен ежелгі адамның ұқсастығы мен айырмашылықтарын кестеге толтырады,талдау жұмысын жүргізеді,қорытынды шығарады.
6.Сабақты қорытындылау.
1.Ежелгі адамдардың іс-әрекеттері.
2.Миллиондаған жылдар бойғы адамзаттың дамуы.
Өлеңді талдау.
Адам болсам десеңіз,
Бес нәрседен қашық бол-
Өтірік,өсек,мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Абай
7.Үйге тапсырма беру.
Мәтінді оқу.