«Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша қорытындылау сабағы
Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша қорытындылау сабағы
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: «Оқушылардың жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруге ықпал ету.
- Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру.
- Тәрбиелік: Оқушыларды логикалық ойлауға, байқампаздыққа, ұйымшылдыққа, патриоттыққа, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Оқытудың әдістері: Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, шығармашылық жұмыс.
Оқытудың формасы: Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
Пәнаралық байланыс: Спорт, саясат.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Слайд-презентация
- Бағалау жетондары
- Семантикалық карта
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқушыларды сабаққа әзірлеу;
ә) сабақтың мақсат, міндеттерін түсіндіру
№ | Мақсаты | Мұғалімінің әрекеті | Оқушы әрекеті | Тапсырма түрі | Әдісі | Жүйесі | Тәрбиелік мәні | Көрнекілік | Ұпай | Уақыт |
1 | Білім | Балалар, бүгін біз бір үлкен тарауды тәмәмдағалы отырмыз. Ол қандай тарау? | «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы | Ұжым | Сұрақ-жауап | Оқушы-мұғалім | Ұйымшылдық | Слайд № 3
| ||
Бұл тараудан сендер не үйреніп шықтыңдар. | — Жай бөлшектерді және аралас сандарды қосуды, азайтуды, көбейтуді бөлуді. — Санның бөлігін табуды; — Бөлігі бойынша санды табуды; — Бірлесіп орындалатын жұмыстарға арналған есептер шығаруды. | |||||||||
Осыдан, біздің сабағымыздың мақсаты туындайды Сабақтың мақсаты: — «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша негізгі ережелерді еске түсіру; — Жай бөлшектерге амалдар қолдануға арналған есептерді шығару. Сабақтың міндеті: — Математикалық диктант жазу; — «Күн сәулесі» ойыны арқылы ауызша есептеулер жүргізу; — «Тау шаңғысы» ойыны арқылы жай бөлшектерге амалдар қолдану. — Семантикалық картамен жұмыс. — Сөзжұмбақ шешу.
|
1. Р е п р о д у к т и в т і к д е ң г е й | ||||||||||
№ | Мақсаты | Мұғалімінің әрекеті | Оқушы әрекеті | Тапсырма түрі | Әдісі | Жүйесі | Тәрбиелік мәні | Көрнекілік | Ұпай | Уақыт |
Балалар, биылғы жылы Қазақстанда қандай елеулі оқиғалар болды? | 7-ші қысқы Азия ойындары. Бүкілхалықтық Президент Сайлауы, Тәуелсіздіктің 20 жылы | Ұжым | Сұрақ-жауап | Оқушы-Мұғалім | Патриоттық сезімдерін ояту | Слайд №4 | ||||
7-ші қысқы Азия ойындары туралы кім сипаттама беріп кетеді. | 7-ші қысқы Азия ойындары үстіміздегі жылдың 30-қаңтары мен 6-ақпан аралығында еліміздің қос астанасы Алматы мен Астанада өтті. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. | Ұжым | Сұрақ-жауап | Оқушы-Мұғалім | Патриоттық сезімдерін ояту | Слайд №5 | ||||
Осы 7-ші қысқы Азия ойындарының бойтұмары не болып табылады? | Қар барысы. | Ұжым | Сұрақ-жауап | Оқушы-Мұғалім | Қар барысы Слайд №6 | |||||
Әрине, қар барысы. Қар барысы бізге математикалық диктант алып келіпті. Диктант 7-ші қысқы Азия ойындарына байланысты 7-тапсырмадан тұрады. Дәптерлерінді ашып, соған жазайық: 1. және бөлшегін қосыңдар. 2. және бөлшектерінің айырымын табыңдар. 3. Мына сандарға кері сан жаз. 5; ; . 4. 33- санының бөлігін табыңдар. 5. Бөлгіш 45, бөлінгіш . Бөліндіні табыңдар. 6. және бөлшегін көбейтіңдер. 7. және бөлшегінің айырмасын табыңдар | 1. 2. 3. 4. . 5. 6. 7. | Ұжым | Практикалық | Оқушы-дәптер | Шапшаңдық | Диктант мәтіні | ||||
Енді, өз қателерінді жылдам тексеріп жіберіңдер. | Оқушылар тақтаға ілінген дұрыс жауаптан қателерін тексереді. | Ұжым | Салыстыру | Оқушы-дәптер | байқампаздық
| Слайд №7 | ||||
2. А л г о р и т м д і к д е ң г е й | ||||||||||
2 | Түсіну | Балалар, мынау қандай белгі? | 7-ші қысқы Азиада ойындарының эмблемасы. Ол Азиада әтетін елдің ерекшелігін көрсетеді. | Ұжым | Оқушы-Көрнекілік | Оқушы-Мұғалім | Патриоттық сезімдерін ояту
| Азиада логотипі Слайд №8 | ||
Барлық Азия елдерінің эмблемасының басты элементі не болып табылады. | Күн | Ұжым | Проблемалық сұрақ | Оқушы-Мұғалім | Ізденімпаз | |||||
Дұрыс, жоғарыдан жарқырап тұрған күн сәулесі. Біз де «Күн сәулесі» ойынын ойнайық. | Оқушылар ауызша есептеп, бағаннан дұрыс жауапты тауып, жанына белгі қояды. | Ұжым | Практикалық | Оқушы-көрнекілік | Ойлау қабілетін дамытады | «Күн сәулесі» ойыны Слайд №9 |
№ | Мақсаты | Мұғалімінің әрекеті | Оқушы әрекеті | Тапсырма түрі | Әдісі | Жүйесі | Тәрбиелік мәні | Көрнекілік | Ұпай | Уақыт |
Қазақстан қысқы Азия ойындарына алғаш рет қашан қатысты? | 1996 жылы | Слайд №10 | ||||||||
Ол қай жерде өткенін білгілерін келе ме? олай болса мына семантикалық картаны дұрыс шешсеңдер, 1996 жылы 3-ші қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың қаласының аты шығады. Бұл қала әлемге «Шығыстың мұз қаласы» деген атпен белгілі.
| Семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек. Жауабы: Харбин | Жеке дара
| Практикалық
| Оқушы-көрнекілік
| Ойлау қабілетін дамытады | Семантикалық карта Слайд №11
|
3. Э в р и с т и к а л ы қ д е ң г е й | ||||||||||||
3 | Қолдану. | 7-ші Қысқы Азиада олимпиадасында спорттың неше түрі бойынша ойын жүргізіліді? | 11 ойын түрі бойынша спорттық іс-шаралар жүргізіледі. | Ұжым | сұрақ-жауап | Оқушы-Мұғалім | ой — өрісін арттырады. | |||||
Осы ойындардың бірі – тау шаңғысын ойнайық. | Ұжым | практикалық | Оқушы-тақта –көрнекілік | логикалық ойлау, зеректілік
| Слайд №12 | |||||||
4 | Талдау | Сөзжұмбақ шешу 1. Жай бөлшектер туралы толық мәліметті арифметика кітаптарына енгізген кім? 2. Бөлшек сызығының үстіндегі сан. 3. 1 бүтіннің ¼ бөлігі қалай аталады? 4. Алым, бөлім атауларын енгізген 13 ғасырдағы грек математигі. 5. алымы 1-ге тең бөлшек не деп аталады? 6. Тең бөліктер қалай аталады? 7. Бөлшек сөзін енгізген италия ғалымы? 8. 5 сынып математика оқулығының авторы. Ерекше торкөзден Олимпиада ойындарының штаб пәтері орналасқан қаланың атын оқуға болады. | Ұжым | Ізденіс | Оқушы-көрнекілік | Тапқырлық, ойлау қабілетін шыңдайды. | Сөзжұмбақ Слайд №13 | |||||
№ | Мақсаты | Мұғалімінің әрекеті | Оқушы әрекеті | Тапсырма түрі | Әдісі | Жүйесі | Тәрбиелік мәні | Көрнекілік | Ұпай | Уақыт |
4. Ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ д е ң г е й | ||||||||||
5 | Жинақтау | Үйге тапсырма. 1. Қытайда өткен VI қысқы Азия ойындарында Қазақстан 18 алқа иеленді. Оның бөлігі алтын, бөлігі күміс, қалғаны қола медаль. Қазақстан неше алтын, неше күміс, неше қола медаль иеленді? 2. 7-ші қысқы Азиадамен байланыстырып, санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табуға арналған есептер құрастырып, соны шығарып келу. | Ұжым | Шығармашылық | Оқушы | Оқушы ізденеді, зерттеулер жүргізеді. | Слайд №14 | |||
6 | Бағалау. | Сабақ барысында сұраққа жауап берген, есеп шығарған оқушыларға жетондар таратылады. Бағалау оқушылардың жинаған жетондары арқылы жүргізіледі. «3» бағасы – 1-2 жетон жинаған «4» бағасы – 3-5 жетон жинаған «5» бағасы – 6 –ден көп жетон жинаған оқушыға қойылады. | Оқушылар мына үлгідегі жетондарын санап, бағалау шкаласына сай өздерінің бағаларын анықтайды. | Слайд №15 | ||||||
Қорытындылау | «Балалар 7-ші қысқы Азия ойындарында қанша алқа иелендік? Біздің спортшылар не үшін, қандай мақсатпен Азиадаға қатысты?» деген сауалды тастай отырып, мұғалім сабағын «Біздің спортшыларымыз еліміз үшін қолдан келген күш жігерлерін аямады. Сендер де болашақта еліміздің рухын биіктету үшін білім алып, жақсы азамат болып өсулерің керек» деген сөзбен қорытындылайды. | Ұжым | Сұрақ-жауап | Оқушы-Мұғалім | Өз ойын еркін жеткізу, қорытынды жасау | Слайд №16 |