Біріккен сөздер

Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер.

Сабақтың мақсаты: Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру.

Білімділік: Біріккен сөздердің екі түбірден бірігуі арқылы тұтас бір ұғым беруі, бір сұраққа жауап беретіндігі туралы түсіндіру. Өз бетімен тақырыпты меңгере отырып,  жаттығулар орындау барысында жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, сауатты, көркем жазуға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, түсіндіру, проблема тастау.

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка.

Көрнекілігі: белсенді тақта,  жеке суреттер, схемалар, тірек сызба, топтық тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Өткенді пысықтау.

Ой шақыру. «Көрші» ойынын ойнату.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту.

«Хайуанаттар бағына саяхат»

-Мынау не? Хайуанаттар бағы.

1.Өзім: бірқазан, түйеқұс, аққұтан, аққу. Жақсы! Оларды қалай жазу керек деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өздері қорытады.

Ереже:Екі не одан да көп түбірден құралған сөздерді біріккен сөздер деп аталады.  Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады.

ІV. Оқулықпен жұмыс: 32-жаттығу қарайық.

Өсімдіктің мүшелері гүл мен жапырақ бейнеленген.  «Сыңарын тап» ойыны арқылы құрастырайық.

Айнабұлақ, Жарбұлақ, Кербұлақ, Талдыбұлақ. Сыңарларын тауып, топтастырып жаздық. Оқушы жауабы:

Алакөл, Сексенкөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл.

Нұрдәулет, Бақдәулет, Есдәулет, Жандәулет.

Жалқы есімдер. Ережесі айтылады.

Енді гүлдің жапырағында аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ, қосаяқ, тасбақа сөздері жазылған, бұл сөздер де екі түбірден  құралған.

Сергіту сәті.

Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі.

Үзінді 2оқушы

  1. Тақтамен жұмыс: 33-жаттығу.

Сөздерді оқып, көшіріп жаз. 1-1-ден оқушылар тақтаға шығып жазады.

Ақ+қу, бұзау+бас, Ақ+марал, шаң+сорғыш, бал+мұздақ, егеу+құйрық, Жеті+қарақшы, шек+ара. Әр сөз неше түбірден құралған? Жақсы.

Балалар, сендерге таныс емес екі сөзге қарайық.

Бұзаубас-басы үлкен, алдыңғы аяқтарымен жер қазатын түсі сары қоңыз.

Егеуқұйрық- ауылшаруашылығына зиянды, тұмсығы сүйір, құйрығы ұзын сұр тышқан.

 (Аспан әлемінен 7қарақшыны табу.)

VІ. Мәтінмен жұмыс: 39-жаттығу. Өзім оқимын.

Кіріспе сөз айтылады. 16-17 желтоқсан-Тәуелсіздік күні!

Мәтінді көшіріп жаз. Мәтінге ат қой.

 Біріккен сөздерді тауып, олардың  қалай жасалғанын түсіндір.

Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен  Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Бұлар-Сарыарқаның  Көкшетау тауларының аралығында орналасқан ұсақ көлдер тобы. Олар суының тазалығымен, тауларымен, қарағайлы-қайыңды ормандармен ерекшеленеді.

VІІ. «Ой ашар»  Сөздік диктант.

Беташар, дәптер, жанкүйер, балық, ерекше, асатаяқ, Қаламқас,балалар,  Жұмабай, алабота, алтыбақан, тас, ақсақал, асқабақ.

VІІІ. Өздік жұмыс. «Бес жолды өлең»

  ІХ. «Ой дамыту» Шығармашылық жұмыс.

  1. Адамның ең үлкен бақыты ————-
  2. Адамға күн қалай керек болса ————
  3. Уақытыңды бос жібермес үшін ————-
  4. Дүниедегі ең тәтті нәрсе —————
  5. Ең жұмсақ нәрсе —————
  6. Ең жарық нәрсе —————

Х. Сабақты қорыту. Рефлексия .

Бүгін сабақта қандай тақырыпты өттік.

 

 

 

 

 

Не үйрендік? Сабақтың пайдасы болды ма?

ХІ. Үйге тапсырма: 40-жаттығу,  79-бет. Біріккен сөздің ережесін жаттау.

ХІ.Бағалау.