Әтешке арналған бұршақтар
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық .
Білім бөлімі: Экология. Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Әтешке арналған бұршақтар»
Мақсаты: Үй құстары, олардың адам өміріндегі мәні және оларды күту туралы балалардың білімін кеңейту және жүйелеу. Қамқор көзқарасқа, үлкендерге үй құстарын күтуге көмектесуге ынталы болуға тәрбиелеу. Алақан арасында домалақтау, есіп балшықты үзіп әр көлемді дөңгелектер жасау.
Билингвалдық компоненттер: Қаз- гусь, тауық- курица, әтеш- петух, сауысқан- сорока, қарлығаш- ласточка.
Керекті құралдар: Үлгі жұмыс, саз балшық, қағаз майлықтар, суреттер, тақтайшалар.
Әдіс- тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап алу.
Инклюзивтік әлеумет: Ұйымдастырылған оқу- іс әрекетіне белсенділігі төмен балармен жеке жұмыс жасау.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әреті |
Мотивациялық қозғаушы
Іздену Ұйымдастыруш
Рефлексивті түзетүші
| Әтештің қатты айғайлап шақырған дауысы естіледі. Алтын айдарлы әтеш шыға келеді. – Мұнда барлық балалар оянды ма? Ал келген қонақтар түгел оянып келді ма? Күн баяғыда шыққан. Біздің құс қорада барлығы ояу. Ой балалар! Келген қонақтар сәлеметсіздерме! Балалар сендер өте ақылды, зерек бала екенсіңдер ғой. Мен сендерге кеше берген уадемді орындап бүгін қонаққа келдім, сендермен бүгін, өзім жайлы және өзімнің достарым жайлы айтып, ойын ойнасам болама? Ал қонақтар сіздер рұқсат етесіздер ме? Жылдың қай мезгілі? Өте дұрыс, қыс мезгілі не арнаған тақпақтарын кім айтады? Жарайсыңдар бәріміз бірге бейне таспаға қарайық. Бейне таспадан не көрдік? Үй құстары және дала құстары болып бөлінеді. Құстар табиғатқа сән береді олардың әуені табиғатты құлпыртып адамдардың көңіл күйін көтереді, дала құстарының түрлері өте көп олар өз азықтарын өздері тауып жейді. Ал үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады, Оларға адамдар қамқорлық жасайды.Арнайы қора салады,Уақытымен жем су береді. Д/о «Бұл қандай құс» Ойын: «Етек- етек» Ойынның шартын түсіндіру. Кім айрылса етектен Шығып қалса жетектен Соны ұстайды, қара құс Қайдан іздеп табамыз. Балапандарым бір- бірімізді жібермейік қара құс келеді. Бізге көмектесіңіздер . «Қиқ,қиқ» буркіт көмекке келеді. Сен тағыда шабуыл жасадың ба? қара құс балапандарға тимеймін дегенің қайда? Балапандар айтыңдаршы қара құсты жібере саламызба? Жоқ бұны тектен –тек жібере қоймаймыз сендер жұмбақ жасырыңдар. Шешуін тапсын
Балалар жұмбақтарын айтады. Рахымет бүркіт қош бол! Ойын ұнады ма? Балалар,менің қарным ашты есіме сендер, берген кешегі жемдер түсті.
Шип, шип шөжелерім Сары алтындай балапаным Тез жетіңдер жем беремін Дәнге толы алақаным, Менің қолымда не көріп тұрсыңдар? Сендермен үй құстарына арналған бұршақтар жасаймыз ол үшін жеңімізді түремізде балшықтың кішкене бөлігін үзіп алып Екі алақан арасында домалақтап есу арқылы кішкене бұршақтар жасаймыз Жұмысым ұқсады ма? Өнер орталығына жақындаймыз Үн таспа қойылады. Балалар жұмыстарыңды аяқтаған болсаңдар қолдарымызды сүртіп, сендердің жұмыстарыңды бағалаймыз. -Сендерге бүгін қонаққа қандай үй құсы келді? — Ол қандай құстар туралы айтып берді? — Үй құстары қайда тұрады? — Оларға кім күтім жасайды? — Кімнің үйінде үй құстары бар? -Сендер үлкендерге оларға тамақ беруге көмектесесіңдерма? — Мен енді қайтайын, қош сау болыңдар!
| Келген қонақтарыңмен сәлемдеседі. Ғажайып сәтке келген әтешке таңырқай қарайды Ия, ия Сәлеметсізбе!
Ия Ия Қыс
Балалар өз тақпақтарын айтады. Бейне таспадан көргенін баяндайды. Әңгімені тыңдайды
Кеудесі қайқандап, жүреді байпандап (қаз) Шашы жоқ тарағы бар Егіні жоқ орағы бар (қораз) Бұрап қойған сағаттай айқайлайды таң атпай (қораз) Секектеп бір тұрмайды өреден құрт ұрлайды (сауысқан) Бұдыр бұдыр балшығы жинады да талшықты,ұқсатып қамытқа,үй салды жабыққа (Қарлығаш)
Әтештің бұршағы
Әтеш
үй құстары, дала құстары қорада адамдар
ия
сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
1, Нені білу керек: Үй, дала құстарын ажарата білді
2,Нені білді: Саз балшықтан үй құстарына бұршақтар жасауды.
3, Нені игерді: Құстарға қамқор болуды түсінеді, қойылған сұрақтарға жауап бере алады.