Түбірлес сөздер

Тақырыбы Түбірлес   сөздер

Мақсаты:  Оқушылардың    білімін  жетілдіру ,  бір  түбірден  бірнеше

түбірлес  сөз  құрату  ,білімдерін  сайысқа  түсіріп  білімді  болуға  бейімдеу ,өзіне деген                  сенімділікқасиеттерін  қалыпастыру.

Білуге  үйренуге  деген  қызығушылығын   арттыру.

Жарысуға, жеңімпаз  болуға  ұмтылу  дағдыларын  дамыту.

Сабақтың түрі:сайыс сабағы

Сабақтың  барысы:                   

Жүргізуші:  Біліммен  тәнті  етеді  тектілер

Мұратына  білім   қолды  жеткізер

Бар  ізгілік  тек  білімнен  алынар

Білімменен  аспанға  жол   салынар

Армысыңдар  қасиетті  ұстаздар!

Бармысыңдар,

Бала  қыран,  жас  шәкірт

Намыс  туын  жоғары   ұстаңдар!

Бүгін  сендер  сайыс  сабағын  тамашалайсыздар

Ашық  жарқын   жүзді  ,

Әділқазылар  біздің.

Тыңдап  баға  беруге,

Шақырайық  төрге  ,

Төрелік  өздеріңде!

Ал,келіңдер,  келіңдер  ,келіңдер

Біріңе   бірің  еріңдер ,

Біліміңді  тексеріп ,

Ойын   ойнап  көріңдер.

Зеректілер  тобы:Біздің  тобымыз:Зеректілер

Біздің  ұранымыз               «Ана   тілі    асыл  нәрі  бабамның»

Өнерімен   өрге  шығар   білетіндер ,

Сайыста  білімдімен  белдесіңдер

«  Алғырлар»  қабыл  алшы

Сәлемін  беріп   тұрған   «Зеректілер»

«Алғырлар»  тобы :Біздің  тобымыз    «Алғырлар»

Біздің  ұранымыз:          «Ана  тілің  арың  бұл   ұятың   боп  тұр  бетте

Өзге  тілдің  бәрін  біл   өз   тіліңді  құрметте»

Құлақ  салып  тыңдап  қал

Өнер  деген  жұмбақ  бар .

Шеттерінен  қырағы   команданың  ұланы.

Өнерімен  өрге  өрлеп,  биік  шыңға  шығады.

 

Топ   басшыларының   сайысы   .

Тірек  сөздерден  мәтін  құрастыру

Алматы

Алматы   әсем   қала  .  Алматы  Алатаудың   бөктерінде  орналасқан  .Алматының  көшелері

түп-түзу  Алматыда әйгілі         «Медеу»  мұз  айдыны  бар  . Алматы  білім  және  ғылым

орталығы .

Астана

Астана  әсем  қала  . Астана  Есіл  өзенінің  бойында  орналасқан . Астана  тәуелсіздігіміздің

Тірегі  ,еліміздің  жүрегі .Жайнай  бер,  жайна  Астана  .

2- сайыс  жүйрік  ой

Түбір  дегеніміз  не?

Жұрнақ  дегеніміз  не?

Түбірлес  сөз  дегеніміз  не  ?

Туынды  сөз  дегеніміз  не?

41-жаттығутүбірлес  сөздерді  теріп  жаз

Өнер ,өнерлі,  өнерпаз  ,өнерші

Жұмыс  ,жұмысшы  ,жұмыскер ,жұмыстан

3- сайыс  өнер  алды  қызыл   тіл

Әр  топтың  бір  оқушысы  тақпағың  айтады  .

Туған  тілім                                          Үш  бақытым

42 -жаттығу  өз  бетінше  орындау  .

Осы     кезде  тақтада әр  топтың  сайыскері

І  карточкамен  жұмыс  істейді.

Бала  ,балақан  ,балақай  ,балалық

Өнер ,өнерлі  ,өнерпаз , өнерші ,

Ән ,әнші ,әнқой ,әнді

Су ,суат ,сулы  ,сушы  ,сусын

4 -cайыс              «Білгенге  маржан  ,білмегенге  арзан»

Бастауыш  дегеніміз  не?

Қаратпа  сөз  дегеніміз  не?

Жай  сөйлем  дегеніміз  не ?

Түбірлес  сөз  дегеніміз  не ?

5-сайыс  46-жаттығу  суретке  қарап әр топ  өз мәтінің  құрастырып  айтады               Шаңғышы

1топ  Қыс  келді . Күн  суытты . Далада  қалың  қар  жауды .Біз  достарымызбен  шаңғыларымызды алып ,шаңғы  тебуге  бардық

2топ  Ақпан  айы  . Далада  сары  аяз .Біз  мектепте  ұйымдастырылған  шаңғышылар  жарысына қатыстық .Жарыс  қызықты  болды .Бәріміз  мәреге  бірінші  жеткіміз  келді .Менің  досым  Сұлтан  мәреге бірінші жетті  .

6 сайыс.  Ұлылардың  ұрпағымыз  кешегі , ой  қалдырған  ,сөз  қалдырған  еселі  дей келе  келесі  сайысымызды  бастаймыз  Мақалдардың  жалғасын  табындар .

1.Оқу-білім  азығы  ,білім-                          1.Оқу  инемен  құдық-

2 .Оқусыз білім  жоқ ,білімсіз-2.Оқу  — білім  бұлағы

3.Қына тасқа  бітеді ,                                       Білім-

Білім-                                                                      3.Талант  қартаймайды ,

Білім —

 

Үйге  берілген  тапсырма:   133- бет   47-жаттығу

Қорытынды:     Бір ата ,бір ананың  түлегіміз ,

Бір  болсын  қайда  жүрсек  тілегіміз

Бірлік барда  тірлік  деген  бабам ,

Бірлікпен  бірге  соқсын  жүрегіміз ,-дей келе  бүгінгі  сайыс сабағымызды  аяқтаймыз .

Сөз  кезегі  әділ-қазылар алқасына  береміз