1 –сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен тесттер жинағы
1 –сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен тесттер жинағы
№ 1 Қазақ тілі. Тест. 1-сынып
1.Сөйлеу не үшін қажет?
а) ойнау ә) сөйлеу б) ән айту
- Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
а)тіл ә) ауыз б) көз
- Тіл арқылы не үйренуге болады?
а) білім алады, ғылымды үйренеді
ә) ойнайды, жүгіреді, көреді
- Сөз неден құралады?
а) дыбыс ә) сөз б) буын
- Дауысты дыбыстарды тап
а) а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,э,е,и,(у),ю,я
ә) б,в,г,ғ,д,ж,з,й,л,м,н,ң,р
б) к,қ,п,с,т,ф,h,ц,ч,ш,щ,(у)
- Жуан дауысты дыбыстарды тап
а) а,о,ұ,ы ә) ә,ө,ү,і,е б) е,и,у,ю,я
- Жіңішке дауысты дыбыстарды тап
а) а,о,ұ,ы ә) ә,ө,е,ү,і б) и,у,ю,я
- И дыбысы жуан естілетін сөзді тап
а) сақина ә ) инелік б) икем
- И дыбысы жіңішке естілетін сөзді тап
а) тиін ә) жиын б) қиын
- У дыбысы жуан естілетін сөзді тап
а) жусан ә) серуен б) дәуіт
№ 2 Қазақ тілі. Тест. 1-сынып
1.У дыбысы жіңішке естілетін сөз
а) әуен ә) қауын б) жауын
- У дыбысы қай сөзде дауысты дыбыс қызметін
атқарады?
а) саулық ә) жуан б) дәуіт
- У дыбысы қай сөзде дауыссыз дыбыс қызметін атқарады?
а) ауа ә) ту б) жу
- Жуан айтылатын сөзді тап
а) жолбарыс ә) түлкі б) елік
- Жіңішке айтылатын сөзді тап
а) бүркіт ә) қоян б) құлын
- Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды
тап
а) а-ә,о-ө,ұ-ү,ы-і
ә) ұ-у,ү-і,ы-ұ,ү-у
б) ұ-і,ү-ы,у-ы,у-і
- Сөз неге бөлінеді?
а) әрі ә) дыбыс б) буын
- Қай сөз буынға дұрыс бөлінген
а) оқу-шы ә) о-қу-шы б) о-қ-у-шы
- Қай сөз дұрыс тасымалданған?
а) құ-рылысшы, құры-лысшы, құрылыс-шы
ә) шебер-хана, ше-бер-хана, шеберха-на
б) кітап-хана, кі-тап-хана, кітапха-на
- Жақсылық сөзін қалай тасымалдауға болады
а) жақ-сылық, жақсы-лық
ә) жа-қсы-лық, жақс-ылық
б) ж-ақ-сы-лық, жақс-ылық
№ 3. Қазақ тілі. Тест 1-сынып
- Тасымалдауға болмайтын сөзді тап
а) күн,әже,емен,түн,ата
ә) оқушы,бала,тиын,жүрек,ұстаз
б) толқын, қала, бақыт, еңбек,өрмекші
- Бір буынды сөзді тап
а) жер ә) кітап б) күнделік
- Екі буынды сөзді тап
а) тал ә) Отан б) жауқазын
- Үш буынды сөзді тап
а) қала ә) балалық б) ақын
- Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
а) 40 ә) 42 б) 39
- Қазақ әліпбиінде қанша дауысты дыбыс бар?
а) 10 ә) 15 б) 12
- 7. Қазақ әліпбиінде қанша дауыссыз дыбыс бар?
а) 20 ә) 22 б) 25
- Мәтін неше түрге бөлінеді?
а) 1 ә) 2 б) 3
- Сөйлем неден құралады?
а) әріп
ә) буын
б) сөз
- Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай
жазылады?
а) бөлек
ә) бірге
б) жұптасып
№ 4 Қазақ тілі. Тест 1-сынып
- Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады
а) нүкте, сұрақ, леп белгісі ә) үтір,дефис,қос нүкте
- Хабарлы сөйлемді тап
а) Оқушылар мектепке келді?
ә) Сендер жарысқа қатыстыңдарма?
б) Ауа райы қандай тамаша!
- Сұраулы сөйлемді тап
а) Атам ауылдан келді
ә) Сен сабағыңды оқыдың ба?
б) Алақай, ауылда той болады!
- Лепті сөйлемді тап
а) Балалар мұражайға барды
ә) Олар қай үйде тұрады?
б) Бүгін күн қандай жақсы!
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай
білеміз?
а) оқу ә) жазу б) сұрақ қою
- Жолдағы сөздерді оқы .Олардың ретін цифрамен белгіле .
Жапырақтар , бастайды, сарғая , күзде.
- Жолдағы сөздерді оқы .Олардың ретін цифрамен белгіле .
Демалдым , жазда , мен ,лагерьде.
- Жолдағы сөздерді оқы .Олардың ретін цифрамен белгіле .
Подьезде , Еркін , тұрады , екінші .
- Оқушылар аулаға гүл… сөйлемді аяқта
а) отырғызды ә) су құйды б) шашты
- Тиісті сөзді тап. Бақта … сайрады
а) қарлығаш
ә) бұлбұл б) аққу
№ 5 Қазақ тілі. 1-сынып
- «Биік» сөзінің қарсы мағынасын тап
а) қашық ә) аласа б) жақын
- «Жақын» сөзінің қарсы мағынасын тап
а) алыс ә) таяу б) төменде
- «Батыр» сөзіне мағынасы жуық сөзді тап
а) әлсіз ә) батыл б) момын
- «Әдемі» сөзіне мағынасы жуық сөзді тап
а) сұлу ә) көріксіз б) жуас
- Әр түрлі мағына білдіріп тұрған сөзді тап
а) түс ә) тамақ б) кел
- Әртүрлі мағына білдіріп тұрған сөзді тап
а) таң ә) жаз б) кітап
- Заттың атын білдіретін сөзді тап
а) оқушы ә) әдемі б) оқыды
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай
сұрақтар қойылады?
а) кім? кімдер? не? нелер?
ә) қандай? қай?
б) не істеді? қайтті? неғылды?
- Адамдарға қандай сұрақ қоямыз
а) кім? кімдер?
ә) не? нелер?
б) қандай? қай?
- Кез-келген заттарға қандай сұрақтар
қоямыз
а) кім? кімдер?
ә) не? нелер?
б) не істеді? қайтті?
№ 6 Қазақ тілі. Тест 1-сынып
1.Көп затты білдіретін сөзді тап
а) кітап ә) балалар б) киім
2.Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) мұғалім ә) парта б) киім
- Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) дәптерлер ә) әншілер б) күйлер
- Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) оқулық ә) бала б) көрші
- Нелер? Сұрағына жауап беретін сөзі тап
а) ойыншықтар ә) аталар б) әжелер
- Кісінің аты-жөнін білдіретін сөзді тап
а) Асылхан ә) мектеп б) жер
- Жер-су аттарын білдіретін сөзді тап
а) Астана ә) қала б) ауыл
- Үй жануарларының аттарын білдіретін
сөзді тап
а) Құлагер ә) түйе б) сиыр
- Кісінің аты-жөнін білдіретін сөзді тап
а) Абай Құнанбаев ә) көпір б) сағат
- Жер-су аттарын білдіретін сөзді тап
а) Алатау ә) жайлау б) өзен
№ 7. Қазақ тілі. Тест 1-сынып
- Заттың қимылын білдіретін сөзді тап
а) компьютер ә) оқыды б) жиырма
- Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай
сұрақтарға жауап береді?
а) кім? кімдер? не? нелер?
ә) қандай? қай?
б) не істеді? неғылды? қайтті?
- Не істеді? Сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) жазды ә) жеті б) жұмсақ
- Қимылды білдіретін сөзді тап
а) жаттады ә) ауа б) қатты
- Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тауып белгіле
Сәуле гүлге су …
а) алды ә) берді б) құйды
- Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тап
Оқушылар сабаққа …
а) ойнады ә) жүрді б) дайындалды
- Заттың сынын білдіретін сөзді тап
а) мемлекет ә) көркем б) үйретті
- Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұраққа
жауап береді
а) кім? кімдер? нелер?
ә) не істеді? қайтті? неғылды?
б) қандай? қай?
- Қандай? сөзіне жауап беретін сөзді тап
а) сүйкімді ә) балапан б) берді
- Қай? Сөзіне жауап беретін сөзді тап
а) кешкі ә) телефон б) он бес
№ 8 Қазақ тілі. Тест 1-сынып
- Заттың сапасын білдіретін сөзді тап
а) ақылды ә) өсімдік б) жүрді
- 2. Заттың түсін білдіретін сөзді тап
а) жануар ә) қызыл б) жеті
- Заттың дәмін білдіретін сөзді тап
а) тәтті ә) тамақ б) жүзді
- Заттың көлемін білдіретін сөзді тап
а) үлкен ә) сусын б) көлік
- Заттың пішінін білдіретін сөзді тап
а) қарындаш ә) сопақ б) түсінді
- Заттың сынын білдіретін сөзді тап
а) қайратты ә) наурыз б) тоқсан
- Тиісті сөзді тауып белгіле
Біз … оқушымыз
а) ақылсыз ә) әдепті б) нашар
- Тиісті сөзді тауып белгіле
Біздің туымыздың түсі …
а) қызыл ә) ақ б) көгілдір
- Тиісті сөзді тауып белгіле
… тау
а) биік ә)алыс б) жақын
- Тиісті сөзді тауып белгіле
… алма
а) қызыл ә) ақ б) қоңыр
№ 9 Қазақ тілі. Тест 1-сынып
- Заттың санын білдіретін сөзді тап
а) көгілдір ә) тоқсан б) биледі
- Заттың санын білдіртетін сөздер қандай
сұраққа жауап береді?
а) кім? не? кімдер? нелер?
ә) қандай? қай?
б) неше? қанша? нешінші?
- Есептік сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қанша? ә) нешеу? б) нешінші?
- Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қанша? ә) нешеу? б) нешінші?
- Нешеу? сұрағын қандай сандарға дейін қоюға
болады
а) 5 ә) 6 б) 7
- «Қос» сөзі қандай санды білдіреді?
а) біреу ә) екеу б) үшеу
- Заттың санын білдіретін сөзді тауып белгіле
Құстың қанаты, аяғы …
а) біреу ә) екеу б) төртеу
- Заттың санын білдіртетін сөзді тауып белгіле
Бір аптада … күн бар?
а) 5 ә) 6 б) 7
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
а) бірінші ә) екінші б) үшінші
- Бір жылда неше ай бар?
а) 10 ай ә) 12 ай б) 15 ай
№10. Қазақ тілі. Тест 1-сынып
Жыл бойы өткенді қайталау
- Жуан айтылатын сөзді тап
а) оқушылар ә) әншілер б) күйшілер
- Жіңішке айтылатын сөзді тап
а) теңізшілер ә) малшылар б) доптар
- Мына сөйлемде неше сөз бар?
Оқушы кітап оқыды.
а) 2 ә) 3 б) 4
- Біз саяхатқа шықтық ( тиісті тыныс белгісін
тауып белгіле)
а) . ә) ? б) !
- Сен театрға барасың ба ( тиісті тыныс белгісін
тауып белгіле)
а) . ә) ? б) !
- Бүгін күн қандай тамаша
а) . ә) ? б) !
- «Татулық», «ынтымастық» сөздерінде неше
буын бар?
а) 2 ә) 3 б) 4
- Заттың атын білдіретін сөзді тап
а) дүкен ә) жасыл б) сексен бес
- Заттың қимылын білдіретін сөзді тап
а) секірді ә) машина б) сары
- Заттың сынын білдіретін сөзді тап
а) үлгілі ә) шұбат б) көмектесті
- Заттың санын білдіретін сөзді тап
а) жетінші ә) атамекен б) тәрбиеледі