Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Пәні: Әдебиеттік оқу. 2 сынып
Сабақ тақырыбы: Мамытбек Қалдыбаев «Еліктің лағы»
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік мақсаты: Әңгімені мәнерлеп оқуға дағдыландыру, оның мазмұнын түсіндіру, негізгі идеясын ашу, талдауға үйрету,мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу.
- 2. Дамытушылық мақсаты: Сөздік қорларын жетілдіру, елестеу, өз ойларын еркін айта білу, қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы, табиғатқа деген көзқарастарын қалыптастыру. аң-құсқа қамқорлық жасап, күтуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушылардың өзара орнын алмастыру
Өзара оқытуды ұйымдастыру
Өзара бақылау жүргізу
Топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, сурет, информатика.
Жабдықтар: мәтін бойынша салынған суреттерден буклет, лақтың суреті, бұлбұлмен тоқылдақтың костюмдері, компьютер, кезендік тапсырмалар,А- 3 қағаз түрлі-түсті және әр түрлі кескіндегі жапсырылатын қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару. (сын тұрғысынан стратегиясы байланысты тапсырмалар берілді.)
Оқушыларға енді топпен жұмыс жүргізілетіні туралы мағлұмат беріледі. Топқа бөлу мына тәртіппен өтеді.Оқушыларға 1,2,3 сандары таратылып, әр топқа біркелкі сандар отырып топтасады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
— Үйге қандай тапсырма берілді?
-«Бұлбұл мен тоқылдақ»
Ой толғаныс
«Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалды рөлге бөліп оқу.Мысалды көрініс ретінде көрсету,мінездеме беру. Бұлбұлдың және тоқылдақтың салынған суреттерін көрме қылып көрсету.
I топ Мысалды рөлге бөліп оқу, бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беріңдер
II топ. Мысалды көрініс ретінде көрсету.
III топ Орман құстары бұлбұл мен тоқылдаққа мінездеме беріңдер. Бұлбұл – әнші, өнерлі
тоқылдақ – дәрігер, еңбекқор (бұлбұлдың және тоқылдақтың салынған суреттерін көрме қылып көрсету.)
Әр топтың суретін көрмеге ілу. Құрастырған диалогтарын айтқызу, тосын сұрақтар қою, суретте жетіспеген элементтерді тауып айтқызу, көрмені бағалау.
.
III Қызығушылықты ояту кезеңі «Ой шақыру» стратегиясы
— Орманда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?
— Балалар, мына суретке қарайықшы нені көріп тұрсыңдар?
— Лақ
— Ол ненің лағы?
— Ол еліктің лағы.
— Қайда мекендейді?
— Орманда мекендейді
Топ бойынша жұмыс. Топта ақылдаса отырып, А3 қағазын толтырады.
Оқушылардың алдарында жатқан суретпен (топқа бөлгенде қолданған бұлбұлдың және тоқылдақтың салынған суреттерін ) шағын сұхбат жүргіземін.
Бұлбұлдың және тоқылдақтың салынған көрмедегі суреттері бойынша қысқаша диалог құрастыруға 5-7 минут уақыт беріледі. Зерттеуге алған Назерке, Жандос, Аида сынды оқушылардың іс-әрекеті сараланып отырады. Сонымен қатар, топтың табысты жұмысы шындыққа негізделетінін оқушыларға ескерту.
ІV. Жаңа сабақ
— Ендеше балалар бүгінгі сабақта өтетін тақырып: Мамытбек Қалдыбаев жазған «Еліктің лағы»
А) Автордың өмірбаяны.
Қазақтың көрнекті жазушысы. Балаларға арналған көптеген шығармалары бар. Оның ішінде «Үлек», «Уәде» т. б. шығармалар бар.
«Еліктің лағы» мұғалімнің оқуы. (Компьютерге мұғалімнің даусымен жазылған мәтінді оқушылар тыңдай отырып көрініс көреді)
Ә) Оқушыларды тізбектей оқыту
Б) Сөздік жұмыс
Шоқы — тік, биік төбе
Нысаны — көздеп ататын жер
Қарауыл – күзет
V Мәтінмен жұмыс. Ойын: «Ыстық орындық»
1 топ – мәтіннен аңшының сыртқы бейнесі сипатталған тұсын тауып оқы.
2 топ – мәтінге сүйеніп аңшының көңіл күйін айт.
3 топ – аңшы елікті неліктен атпады?
VI «Ой — шақыру.» /сұрақ — жауап арқылы/
1 — топ. Сол күні ауа райы қандай еді?
(түсінгеніңді айту)
2 — топ. Аңшы неліктен мылтығын қолына алды?
Ол неге ызаланды? /мәтіннің ішінен тауып оқыту/
3 — топ. Түймебай нені көріп қалды? Аңшының елікті атуға неге батылы бармады? /түсінгенін айту/
VII «Ой қорыту».
1 — топ. Аңшының орнына сендер қайтер едіңдер? (Өз ойыңды білдір)
2 — топ. Аңшының сыртқы бейнесін сипатта.
3 — топ. Аңшыға мінездеме беріңдер.
VIII Сергіту сәті . Өлең құрастыру.
…..лағым
…..бұлағың.
Су іше ғой , қанеки,
….. тұрамын
Аңшы – ержүрек, ұстамды, қайырымды
IХ. Сабақты қорытындылау: «Аңшы қандай болу керек?»
Мейірімді
Епті
Мерген
Төзімді
Батыл
Бақылаушы
Аңшылық қазақ үшін демалу, серуендеу, көңіл көтеру, спорт түрі. Азаматты ептілікке , қайсарлыққа , мергендікке үйрететін спорт түрі. Бір кездері аңшылық кереметті кәсіп болған. Аңшылар өз отбасын , ел жұртын қиын – қыстау кезде аң – құспен асыраған. Аңды қыран құспен, итпен , жүйрік тазымен аулаған.
Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма «Еліктің лағы» мазмұнын айту, аңшының суретін салу.