Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Бүгінгі күні біз әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір- Жаңа ғасыр-Жаңа мың жылдықта өмір сүріп отырмыз.Үшінші мың жылдықтың жастары қандай болмақ?Бұл бүкіл адам затты ойландыратыны анық жағдай.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді » деп есептейді: Ұрпақ тәрбиесі-бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған.Жаңа білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Сондақтан жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып,педагогикалық мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі,алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.Осы жағдайларды ескере отырып, өз тәжірибемде профессор Жауынбай Караевтың «Деңгейлік саралау технологиясын » қолданып жүрмін.Мұндағы мақсатым –өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Бұл технологияда біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді,өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына көмектеседі.
2 сыныптан бастап математика, ана тілі, қазақ тілі, дүние тану пәндері бойынша деңгейлік тапсрмалар беріп оқушыларды қалыптастыра бастадым. Мысалы: ана тілі пәні бойынша көбінесе мәтінмен жұмыс жүргізуді деңгейлік тапсырма арқылы беремін.
1 деңгейде мәтінді мәнерлеп түсініп оқу;
2-3 деңгейде мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру немесе табиғатты суреттеген дерді тауып оқу;
4 дейгейде осы мәтінге баға беру сияқты жұмыстар орындалады.Егер өлеңмен таныссақ,осы өлең ұйқасына салып өлең құрау сияқты шығармашылық жұмыстар тапсырылады.
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өзіндік жұмыс жасау, тіл дағдыларын қалыптастыруда, өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуы қажет. Сол себепті, сабақта Эльконин –Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолданамын.
Сын тұрғысынан ойлау өз алдына сұрақтарға жауап іздеп жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айту, ойын жеткізу, оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдау , сол пікірлерді салыстыру.
Мысалы: 2 сыныпта ана тіліне «Киіз үй.», «Шаңырақ.», «Кереге.», «Уық.» тақырыптарын өткенде сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойыншы «инсерт» немесе «түртіп алу», «бес жол өлең», «Венн диограммасы» әдістерін қолданып жүрмін.
Оқулықпен жұмыс кезінде оқи отырып өздеріне таныс емес сөздерге белгі қойып оқу және мына кестеге түсіру.
Білетінім | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
киіз үй шаңырақ | уық, бақан үзік түндік | сықырлауық сүйектері |
Оқушыларды сөйлету арқылы талдау жасауда Венн диаграммасын қолдандым, яғни салыстыру. Венн диаграммасын мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беруде де қолдануға болады.
Киіз үй 1. түндік 1. жылы 1. жарық қабатты
- көшпелі 2. адамдар 2. терезе үй
- жинайды тұрады 3. балкон
- құрады 3. Есік 4. еден
- жиһаз 5. бұрыш
- қабырға
- төбе
Бес жолды өлең:
- Не? Киіз үй.
- Қандай? Әдемі, кең.
- Не істеді? Көшеді, тігеді, жинайды.
- Сөйлем құрау. Әдемі киіз үйді жайлауға тігеді
Топтастыру арқылы сызба құрастырылды.
шаңырақ |
кереге |
түндік |
бақан |
Ірге киіз |
сықырлауық |
үзік |
уық |
Киіз үй
|
Қазақ тілі пәнінде жаңа сабақты бекіту кезінде суреттер, дидактикалық материалдармен өз бетінше жұмыс істеледі, өткен материалдарды пысықтау кезінде ойын элементтері қолданылады, ал диктант жазғаннан кейін қатемен жұмыстар жүргізіліп отырылады.
- Диктант жазғанда «өзінді-өзің тексер» жаднамасын беріп, сол бойынша жұмыс істеу.
- Әрбір сөйлемді мұқият оқы.
- Сөйлем соңына нүкте қойдың ба, қадағала.
- Әріп тастаған жоқсың ба, қадағала.
- Жалпы, жалқы есімдердің жазылуына назар аудар.
- Дауысты (о-ө,ы –і, ұ-у, е-и), дауыссыз ( н-ң, т-д, п-б, с-з) дыбыстарның емлесінің жазылуына назар аудар.
- Тасымалға назар аудар.
- Катар келген дауыссыз дыбысқа назар аудар.
- Диктант жұмыстарын тексеру барысында жіберген қателерді жинақтау.
А.
Дауысты дыбыс емлесі | Дауыссыз дыбыс емлесі | ||||||
О-ө | Ы-і | Ү-ұ | Е-и | Н-ң | Т-д | П-б | С-з |
Б.
Бас әріптің жазылуы | Әріп тастау | Тасымал | Қос сөздер | Қатар келген дауыссыз дыбыстар | Тапсырма | Қатар сөздер |
В.
Тапсырмалар жинақтау:
- «ң» әріпінің астын сызу.
- «ң» дыбыстары бар сөздерді есте сақтап жазу.
- Көп нүктенің орнынан «ң» әріптерін қойып жазу.
- Журнал, кітаптардан «ң» дыбысы бар сөздерді жинақтау.
- «ң» әрпі бар сөздерді жазғызу.
Сонымен қатар 2-сыныптан бастап әр оқушыда «Сөз қобдишасы» жазу кітапшасы бар.Оған әр оқушы өзінің оқыған кітабы туралы өз пікірлерін, кітабының авторын,кейіпкерлерін жазады.Әр оқушы оқыған кітаптары бойынша талдау жасап тұрады.
Бірнеше жыл бастауыш сыныптарында жұмыс істеген тәжірибемнен туындаған түйін , біздің ескермей жүргеніміз мыналар:
1.Даму жан-жақты емес,сыңар жақты;
2.Тапсырма жалпы беріледі;
3.Іс ұжымдасып атқарылмайды, біріккен әрекет қана бар;
4.Өзара шынайы сұхбат жоқ,тек мәлімет алмасу ғана;
5.Басты мақсат адам тәрбиелеу емес,жоспарды орындау;
Осы сәтсіздіктерден құтылу үшін, менің ойымша, ұстаздар үнемі ізденісте болуы керек.
Не ұнайды? Неге ұнайды? Қандай жауап таптың? Қорыта келгенде, өзіңді қалай тануға болоды? «Тек әрекет жасау арқылы ғана» деп Гете айтқандай, жоғарыдағы технологияларды қолдану жұмыстарының барлығы мұғалімдердің бастуыш сыныптағы оқушының тұлғалы қабілеттерін айқындаудағы бірлескен және жеке іс-әрекеттерінің нәтижесі болары анық. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отыруы мүмкін. Бірақ, ең бастысы технологияларды тиімді,жүйелі қолдану керек. Міне осы мақсаттағы жұмысқа айрықша назар аударып, шығармашылық ізденіспен қимылдасақ, жеміссіз болмайтыны белгілі.