Қазақстанның жер бедері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері
Сабақтың мақсаты:
- Қазақстанның жер бедерінің ерекшелігін физикалық картаны пайдалану арқылы түсіндіру.
- Оқушылардың есте сақтау қабілетін, танымдық әрекетін дамыту.
- Табиғатты аялауға үйрету, шығармашылық ой-өрісін арттыра отырып, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Саяхат
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой бөлісу
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, география
Көрнекілігі: физикалық карта, үнтаспа, телевизор, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Класты түгендеу
- Құралдарын тексеру
- Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бағалау
Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. (кеспе қағаз)
№1. Жер беті адамның қандай әрекеттерінен өзгеріске ұшырайды?
№2. Торрикондар деген не? Олардың қандай зияны бар?
№3 Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады?
№4 Пайдалы қазбалары қазып алынған карьердердің орнын қалай пайдаланған?
№5 Қаланың тұрғындары нені байқады?
№6 Жер бетінің шөгуі қалай тоқтады?
№7 Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруінің пайдасы, зияны.
ІІІ Сергіту сәті
Қоршаған орта – табиғат
Жануар өсімдік, адамзат
Сүю, қорғау – парасат
Білейік мұны – жамағат.
ІV Жаңа сабақ
«Кім шапшаң» ойыны
Сұрақ-жауап әдісі
Суретпен жұмыс
Жазық пен тау
Жазық пен тауды біріктіргендегі мағынасы жер бедері деп аталады. Жер бедері – жер бетінің айлы-қырлы аймағы.
- Дәптермен жұмыс
- Күннің жады
- Қазақстанның жер бедері
VІ Саяхатқа шығамыз поездбен
4 бағыт
О.С.Ш.Б.
Ақтөбе —- Сарыарқа —— Астана —— Көкшетау —— Алтай ——-
Тянь-Шань —— Тұран ойпатындағы шөлдер —— Каспий теңізі —— Каспий маңы ойпаты ——Ақтөбе
- Балалар саяхат ұнады ма? Республикамыздың орта тұсы жасыл картада сарғыш және қоңыр түске боялған. Сүйір басы – шоқы, тізіліп жатқан таулар тау жотасы.
VІІ Бекіту
Қазақстанның әсем жерлерін, тауларын тамашалау.
Табиғат туралы өлең шумағы.
VІІІ Қорытынды
Сөз жұмбақ, Алатау.
ІХ Үй тапсырмасы 36-39 бет.
Шығарма. Менің туған жерім – Қазақстан.
Х. Ән. Алатау.