«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық сайысы
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» интеллектуалдық сайысы
Бұл сайысты жалпылама-қорытынды сабақ ретінде, өткен материалды бекіту ретінде өткізуге болады. Тақтада 30 ұяшық беріледі. Әр ұяшықтағы ұпай саны жасырылған сұрақтың күрделілігіне қарай 100 ден 500 ге дейін жазылған. Мектеп бағдарламасының 4 пәні бойынша, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстан тарихынан, танымдық қабілеттерін дамыту үшін «ең, ең» деген тақырыптар бойынша сұрақтар кездеседі.
1 тақырып «Тарих» пәні.
100 ұпай – Томирис патшайым басын қан толған ыдысқа салып «Енді тойғаныңша іш!» деген парсының патшасы кім еді? Жауабы: Кир.
200 ұпай – Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? Жауабы: 1941-1945
300 ұпай — «Тарихтың атасы» атанған ежелгі грек ғалымы? Жауабы: Геродот
400 ұпай – Саналы адам осыдан неше мың жыл бұрын пайда болды? Жауабы: 40 мың жыл бұрын
500 ұпай – Ежелгі Грекияда пайда болған Олимпиялық ойындарға кімдерге қатысуға тыйым салынды? Жауабы: әйелдерге
2 тақырып «География» пәні.
100 ұпай – Жер көлемі бойынша дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет? Жауабы: Ресей
200 ұпай – Мына таулардың қайсысы биік – Эверест әлде Джомолунгма? Жауабы: бұл екі атау бір тауға тән
300 ұпай – Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? Жауабы: 71% — су, 29% — құрлық
400 ұпай – 1867 жылы 30 наурызда АҚШ Ресейден сатып алған штат? Жауабы: Аляска
500 ұпай – Ең алғаш географиялық картаны жасаған? Жауабы: Эратосфен
3 тақырып «Биология» пәні.
100 ұпай – Қандай құстың қанаттары болмайды? Жауабы: Киви
200 ұпай – Ертегілердің кейіпкері, құйрығы айыр құс? Жауабы: Қарлығаш
300 ұпай – Ең кіші құс. Ұзындығы 5,7 см, салмағы 1,6 г.
400 ұпай – Көп елдерде бұл құсты-бейбітшілік нышаны, ал француздар оны «ұшатын тышқан» дейді? Жауабы: кептер
500 ұпай – 1928 жылы бірінші рет А.Флеминг табиғи саңырауқұлақты ашты. Бүгінгі күнге дейін медицинада қолданылып келеді. Жауабы: пенициллин.
4 тақырып «Қазақстан».
100 ұпай – Қазақстанда қанша облыс орталығы бар? Жауабы: 14
200 ұпай – Астана қаласының символы, елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі? Жауабы: Бәйтерек
300 ұпай – Қазақстан тәуелсіздік алған күнді ата. Жауабы: 1991 жыл, 16 желтоқсан.
400 ұпай – Еліміздің Конституциясы неше бап, неше бөлімнен тұрады? Жауабы: 9 бөлім, 98 бап.
500 ұпай – 1992 жылы, 2 наурызда қандай оқиға болды? Жауабы: Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.
5 тақырып «Ең, ең».
100 ұпай – дүние жүзіндегі халық ең көп шоғырланған ел? Жауабы: Қытай
200 ұпай – ең алғашқы ғарышкерді ата. Жауабы: Ю.Гагарин
300 ұпай – ең ірі су балығы? Жауабы: Кит
400 ұпай – ең кіші планета? Жауабы: Плутон, 2324 км
500 ұпай – аспандағы ең жарық жұлдыз? Жауабы: Сүмбіле (Сириус)
6 тақырып «Математика» пәні.
100 ұпай – қай екі санды қосқанда да, көбейткенде де бірдей нәтиже шығады? Жауабы: 2+2=4, 2*2=4
200 ұпай – Бір тонна мақта ауыр ма, әлде бір тонна темір ауыр ма? Жауабы: Бірдей
300 ұпай – Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Жауабы: 5 бұрыш
400 ұпай – Үш түйеқұс ұшып келе жатыр . Аңшы олардың біреуін атып алады. Олардың қаншасы қалды? Жауабы: түйеқұс ұшпайды
500 ұпай – Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? Жауабы: 3 кг