Ата Заңымыз – елдігіміздің асыл тірегі

Сабақтың тақырыбы: «Ата Заңымыз – елдігіміздің асыл тірегі»

 

Сабақтың мақсаты: 

А) Ата Заң жайлы ұғым түсініктерін қалыптастыру, онда бекітілген баланың негізгі міндеттері мен құқықтары атты тараулармен таныстыру.

 

Ә) Оқушыларға адамның ең қымбат қазына екендігін, оның өмірімен, құқықтарымен таныстыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Б) Оқушыларды Ата Заңымызды құрметтей біліп, Отанын сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, ән тыңдау, жинақтау

 

Сабақтың көрнекілігі: Рәміздер, қанатты сөздер, суреттер, ән.

 

Сабақтың барысы:

Ата Заңның ең ардақты арқауы – ел мұраты мен халық бірлігі. Мазмұнына өрнегі жарасқан Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін.

Арқа сүйер Ата Заңымызға да 13 жыл болды. Егеменді Республикамыз 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз – Конституцияны қабылдады. Конституция деген сөз латынның сөзінен шыққан, яғни орнату, құрылым деп аударылады.

15-бап «Баланың білім алуға құқығы»

20-бап Баланың міндеттері.

Әрбір бала ҚР-ның Конституциясын және Заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, ескеркіштерді сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті.

Ата Заңым

Еңсем биік, мәртебем де болды асқақ,

Ата Заңым келесің сен жол бастап,

Бостандығым, мақсат, мүддем, мұратым,

Сен арқылы асулардан алға аспақ.

Әр бабына үңілем де, ойланам,

Дастандайсың келешекті толғаған

Біліміңді ал, ғылым ізде, еңбек ет дедің – дағығ жөн сілтедің сен маған.

 

Біздің Конституцияның басты ерекшелігі оның тұрақтылығы мен беріктігінде және ол мемлекетімізді одан әрі нығайтуға тірек болмақ.

Қазақ әлі

Туымен тұғырлы

Елтаңбасымен еңселі

Әнұранымен айбатты!