Буын.Не деу керек?

 

ПәніАна тілі
Сабақтың тақырыбы:Буын.Не деу керек?
Сабақтың мақсаты:Білімділік:Буын. «Не деу керек?» өлеңімен танысады.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, кішіпейілділікке баулу.

Тәрбиелілік:  Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.

Күтілетін нәтижеМәтінді өз беттерімен ұғыну. Түсініксіз жерлерін талдау.

Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

СілтемеОқулық 1-сынып, 67-70 беттер.
Сабақта қолданылатын материалдар:1.Оқулық

2.Тақырыпқа байланысты суреттер,интерактивті тақта.

3.Бағалау жолақшасы

Оқыту әдістері:АКТ

СТО

Оқыту үшін бағалау

1.жұппен жұмыс

2.топтық жұмыс

 

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару, түгендеу, 3топқа бөлу, бағалау жолақшаларын тарату, топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.

Психологиялық дайындық

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

Топқа бөлу:

1-топ:Дыбыс
2-топ:Әріп
3-топ:Буын

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Көрші атам» жатқа сұрау.

Сәлемдесуге байланысты қандай сөздерді білесіңдер?

1-топ:Дыбыс тобына: мұғаліммен
2-топ:Әріп тобына: үлкен атамен
3-топ:Буын тобына: досымен

Видоролик көрсетіледі.` «Сәлем- сөздің анасы»

ІІІ. Жаңа сабақ« Суреттер сөйлейді»
Слайдтан суреттерді көрсету
(Балық, уық, ыдыс, нан)арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.
ІҮ. Дәптермен жұмысКөркем жазу:бала

58-жаттығу

1-топ:  А-па, ә-же,а-та.

2-топ:  Көке, ше-ше.

3-топ: На-ға-шы,жи-ен.(туыстық атаулар)

Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

1 — топ. Дыбыс Біз көзге көрінбейміз. Құлақпен естиміз, ауызбен айтады.
2 — топ. Әріп. Оқимыз, жазамыз, көреміз.

3 — топ. Буын.  Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Ү. Тапсырма«Кішіпейілдік-кісілік белгісі»
ҮІ. Сергіту сәтіӘуенмен билеу
ҮІІОқулықтеп жұмыс59-жаттығу

1-топ: Ананың сүті- бал,

Баланың тілі-бал.

2-топ:Күннің шуағы-жылы,

Ананың құшағы-жылы.

3-топ:Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.

Видоролик  «Ана»

«Не деу керек?» 3-топқа бөліп берем

Рахмет, Кешіріңіз, Рұқсат па? Енді қайталамаймын.

Әнуарбек Дүйсенбиев(1931-1979)

Алматы облысында дүниеге келген.  «Балдырған» журналының жауапты хатшысы. «Ана жүрегі», «Қайырлы таң, балалар», «Не деу керек?» т.б.

ҮІІ. ПысықтауТоптық тапсырма буыннан сөздер құрату.
Қала, шана, нағашы, мереке,әже,ата
ҮІІІ. Қорытынды«Ағашқа» сыпайы сөздер  жазу.

 

ІХ. Үй тапсырмасы«Не деу керек»оқу. Мақалды жатқа айту.
Х. БағалауСабақ барысында алған баллдарын қорытып, бағалау. Күнделіктеріне қою