Сан есім
Cабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
- Сан есімнің заттың санын, ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
- Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, ығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік жұмыс.
Көрнекілігі: электрондық оқулық, тірек-сызба, мультимедиалық кабинет, сурет.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
— оқушыларды сабаққа әзірлеу;
— балалар, қазақ тілі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық;
— психологиялық даярлау: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
- Үй тапсырмасын тексеру.
— дәптерлерін тексеріп, ауыстыру;
— балалар, бүгінгі сабақта жаңа тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы сабақ өтеміз.
— қазақ тілінде неше сөз табы бар?
— біз қандай сөз таптарымен таныстық?
— ендеше, өткен сабақтарға байланысты семантикалық картамен жұмыс жасайық:
Семантикалық карта
Сөздер | Зат есім | Сын есім | Етістік |
асхана | |||
жасыл | |||
күліп отыр | |||
қағаз | |||
бесеу | |||
ұзын | |||
жүгіріп жүр | |||
қасқыр |
— сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жасайық,
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып қонайық.
- Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
Дәптермен жұмыс
— дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ді және мен жасырған жұмбақ жауабын көркем етіп жазайық: Бесте бар, баста жоқ. Бұл қандай әріп?
— көркем жазу минуты: Ее әрпін бір жолға жазамыз да, бес сөзін екінші жолға жазамыз (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).
— әдемі, көркем етіп жазып болсақ, маған айтыңдаршы біз қай сөзді көркем етіп жаздық?
— әрине, бес, бес дегеніміз не?
— бұл сөзге сұрақ қояйықшы қанше? немесе неше? Ал мұндай сұрақтарға жауап беретін сөз табымен таныстық па?
- Жаңа сабақ.
— ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Сан есім».
Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жеті, он, жиырма, сексен бес. (хор)
Оқулықпен жұмыс
182 бет. 1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіреді? Слайд
183 бет. 3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.
Тақтада берілген жаттығуды жазайық. Өлеңді түсініп оқы.Өлеңнен сан есімдерді тауып, көшіріп жазамыз және бір сан есіммен сөйлем құрастырамыз.
— сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,
Қане, қанат жасайық,
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып-ұшып қонайық.
- Қорытындылау.
— балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
— бүгін қай сөз табымен таныстық?
— ендеше, осы сөз табына байланысты тест жұмысын өткізіп, қаншалықты түсінгендеріңді көрейік:
Тест.
Сан есім.
р/с | сұрақтары | нұсқалары | |||
а | ә | б | в | ||
1 | Сан есім нені білдіреді? | заттың сынын | заттың санын,ретін | заттың атын | заттың сапасын |
2 | Сан есімнің сұрақтарын көрсет | кім?не? кімдер?нелер? | не істеді?қайтті? | қандай? қай? | қанша?неше? нешінші? |
3 | Сан есімді көрсет | жасыл | он бес | дала | парта |
4 | 42 саны қай нұсқада дұрыс жазылған? | қырық | қырық тоғыз | тоқсан | қырық екі |
5 | 92 саны қай нұсқада дұрыс жазылған? | тоқсан үш | тоқсан екі | сексен бір | жетпіс |
— үйге тапсырма: 4-жаттығу,183 бет. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдің тиістісін сөзбен жаз. Үлгі: …(7,0) жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды. Жеті жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.
— бағалау: семантикалық карта бағасы
сабаққа белсене қатысқаны үшін баға
беттестіру тестінен алған баға