ЛОГИКА (Экономикалық математика) Күнтізбелік-тақырыптық жоспар 1 — 4 – сыныптар

Бұл авторлық бағдарлама 2011 жылы 19-21 қазан аралығында Көкшетау қаласында өткен дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары педагогтарының «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурсында жүлделі ІІ-орынды иеленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын МДБМ» ММ

ЛОГИКА

(Экономикалық математика)

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

1 — 4 – сыныптар

 

 

 

 

 

Құрастырушылар:

Сексенбаева Сауле Кенжеғалиқызы

Шахманова Қарлығаш Қанатқызы

 

 

Келісілді :                        Бекітемін:                                   Ұсынылды:

ШҚО БАИ Бастауыш       Шәкәрім атындағы облыстық      Бастауыш сынып

Білім беру кабинетінің    үш тілде оқытатын МДБМ ММ   әдіс бірлестігінің

меңгерушісі:                    директоры:                                 отырысы.Хаттама№

———————               ——————————            ————————

А.Н.Камзина                    А.Аубакирова                         бірлестік жетекшісі:

Н.Қ.Мұқанова

 

 

ЛОГИКА

(Экономикалық математика)

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

1-4-сыныптар

 

 

 

Құрастырушылар:

Сексенбаева С.К.

Шахманова Қ.Қ.

 

 

Семей – 2011

 Семей қаласындағы «Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп ММ-нің» бастауыш сынып мұғалімдері Шахманова Қарлығаш Қанатқызы мен Сексенбаева Сәуле Кенжеғалиқызы әзірлеген «Экономикалық математика» тақырыбындағы таңдау курсының бағдарламасы жайлы

 

ОЙПІКІРЛЕМЕ

Авторлар осында атап көрсетілген тақырып аясында  1995-1996  оқу жылдарынан бастап күні бүгінге дейін толассыз оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттемдік жұмыстар жүргізіп келеді.  Аталмыш зерттеушілер өздерінің жүргізген зерттеу жұмыстарының проблемалары және нәтижелері туралы ойлары мен тәжірибелерін  мектепішілік, қалалық, өңірлік, облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми — практикалық конференцияларда жария етіп, баяндаманың мәтіндері конференция материалында жарық көрді.

Бағдарламада авторлар  ел экономикасына немесе ел шаруасына тікелей қатынасы бар нарық, тауар, құн, тұтынушы, ақша, кіріс, шығыс, үлес, баға, пайыз, салық т. с. с. күнделікті тұрмыста қолданылатын экономикалық атауыш сөздердің шығу төркініне және олардың бүгінгі қолданыстың аясына айрықша көңіл бөледі.

Соңғы жылдары авторлар бірлесіп  Алаш ұранды қайраткер Міржақып Дулатұлының күні бүгінге дейін зерттеусіз қалып келе жатқан «Есеп құралы» атты екі көлемді оқулығын осы заманғы жаңартылған мектептің оқу-тәрбие жұмыстарына енгізу үшін арнайы бағдарлама құрып, енгізу үшін ат салысып келеді. Ел экономикасы, шаруашылық және нарық заманы жайлы Қарлығаш пен Сәуле өздерінің таңдау-оқу курсының бағдарламасында жан-жақты қамтыған.

Ойқорытынды: Аталмыш авторлардың таңдау-оқу курсының орта мектептің алғашқы сыныбынан бастап орта буында және жоғары сынып оқушыларына  сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда кеңінен насихаттау бүгінгі күннің өткір де өзекті мәселесі болып табылады.

 

Ойпікірлеме беруші:                                 Нұрсұлтанов Қажи Нұрсұлтанұлы

Семей мемлекеттік педагогикалық

институтының физика-математика

факультетінің математика және

математиканы оқыту әдістемесі

кафедрасының профессоры

 

 

 

А Л Ғ Ы     С Ө З

Қазіргі заманда әрбір адам мемлекеттің тағдыры жас ұрпақтың экономикалық, құқықтық, саяси және адамгершілік сауаттылығына байланысты екенін түсінеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектептің негізгі  міндеттерінің бірі — оқушыларды экономика негіздеріне оқыту.

 «Экономикалық математика» таңдау курсы бастауыш сыныптың

1-4 — сынып оқушыларына арналған.

Оқу мен тәрбие егіз жүргенде жас жеткіншектің еліне деген сүйіспеншілігін ояту негізінде ғана біз болашақ ел тағдырына әділ де адал қызмет ететін азаматтар өсіріп шығарамыз. Оқу құралы бастауыш сынып оқушыларына арналғандықтан  оқу әдісі де ойластырылып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламаға түрлі ойын элементтері енгізілген.

Бұл оқу құралы бастауыш  сынып оқушыларына арнаулы курс ретінде өткізуді көздейді. Бағдарламада қамтылған  материалды меңгерту арқылы жас буынның экономикалық ойлау қабілетінің қалыптасуына,

есте сақтау қабілетінің артуына, логикалық ойының дамуына зор ықпал жасаймыз. Себебі білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын  арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, өзінің туған еліне байланысты  мәселелерді қозғайды.

       «Экономикалық математика» таңдау курсын бастауыш сыныпта оқыту барысында мұғалім дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге (түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, баяндау, пікір – талас, сурет салу) жаңа технологиямен оқытудың тиімді жолдарын да қарастырады.

Бастауыш сынып оқушылары өз бетінше оқуға, ізденуге, жеке тапсырма орындауға, ұжымдық жұмыстарға үйренеді.

Білім мазмұнын ашуда оқытудың барлық әдіс-тәсілдері пайдаланылады:

  • Балалардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
  • Оқу-танымдық әрекетіне қажеттілік тудыру, әсер ету әдістері;
  • Ойын элементтерін қолдану арқылы түсіндіру әдістері.

 

 Бағдарламада берілген материалдар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне негізделіп құрылған.

Бағдарламаға қазақ халқының Алаш ұранды қайраткері Міржақып Дулатұлының «Есеп құралы» деген алғашқы қазақ тіліндегі математика оқулығындағы ел экономикасына қатысты есептері енгізілді. «Мал басының саны», «жайылымдық жер ауданы мен аумағы», «заттардың салмағына» сол заманғы нақты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне байланысты ұғымдармен танысады.

      «Логика» пәні енгізілгеннен бері он жылдан артық уақыт бастауыш сынып мұғалімдері Семей мемлекеттік педагогикалық институтымен оның ішінде математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасымен тығыз байланыс жасап келеміз. Оқу-тәрбие үрдісінде ұстаздардың шығармашылығын дамытуда әдістемелік кеңес беріп, іс-тәжірибесімен көмектескен Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Нұрсұлтанов Қажи Нұрсұлтанұлы.

      Бағдарламаны жасауда бізге негіз болған Қажи Нұрсұлтанұлының «Ертегі есептер», «Жүлдегерлік жүз есеп» деген еңбектері көп көмегін тигізді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Бұл  математикалық экономика  сабағының басты мақсаты —  бастауыш сынып оқушыларын жаңа нарықтық-экономикалық жағдайдағы өмірге бейімдеу болып табылады. Сабақ жоспарының тақырыптарын құруда  оқушылардың жас ерекшелігі және түсініктеріне сай негізгі экономикалық принциптер мен заңдылықтар негізге алынды. Пәннің негізгі міндеті — төменгі сынып оқушыларының жаңа нарықтық заманда экономикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Осы пәнді оқи отырып, оқушы ақша дегеннің не екенін, отбасы бюджеті неден құралатынын, тауардың құнын, байлық неден құралатынын және оның негізгі көздерін біледі. Осы сабақтан алған білімдері арқылы бастауыш сынып оқушылары отбасының экономикалық өміріне қатыса алады.

Алғашқы «Есеп құралы» («Математика») оқулығының авторы Міржақып Дулатұлының ел экономикасына қатысты есептерін  (мал шаруасына, еңбекті тұрмысқа, әлеумет мекемелері, алым-салықтар туралы) шығарту арқылы сол замандағы қазақ халқының  тұрмысымен таныстырып қана қоймай, экономикаға қатысты ұғымдарды да меңгерту. Алаш ұранды қайраткер Міржақып Дулатұлының математикалық еңбегі «Есеп құралы» кітабынан ел экономикасына қатысты «мал басының саны», «жайылымдық жер ауданы мен аумағы», «заттардың салмағы» т.с.с. есептер қарастырылған.

Міржақып Дулатұлының «Есеп құралы» еңбегінде қосынды, теңге, тиын, шақырым, қарыс, сүйем, пұт, қадақ, таңба  сияқты математикалық терминдер енгізілген. Осы кітапқа енгізілген есептердің барлығы қазақ ауылының өмірінен алынған. Есептердің барлығы тәрбиелік және тәлімдік мәні зор есептер. Оларды шығарта отырып оқушылардың ойлау қабілеттерін шыңдай түсеміз.        

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бәйшешек бақшасы» деп аталған есеп – өлеңі сияқты мысалдар келтіріп, шығарту арқылы бастауыш сынып оқушыларының математика сабағынан алған білімдерін тереңдете түседі.

 Мақсаты:

   Бастауыш сынып оқушыларының нарықтық қоғамдағы экономикалық ойлау қабілеті мен мәдени тәртібін тәрбиелеуді қалыптастыру.

Экономикалық білім негіздерін қалыптастыру.

(Экономика туралы қарапайым мәліметтер беру, күнделікті тұрмыста кездесетін экономикалық ұғымдар мен терминдерге түсініктер беру)

Осы жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай айналадағы отбасында, қалада, елде кезігетін негізгі экономикалық принциптер мен заңдылықтардың адам өмірінде, өзара қарым-қатынастарда кездесетін байланыстары мен шектеуліктердің себептерін түсіндіру.

Нарықтық қоғамдағы тұтынушы ретінде алғашқы практикалық дағдыларын үйрету.

Жоғары сыныптарда экономиканы оқып-үйренуде терең негіз қалыптастыру.

 

 Міндеті:

 

Логика («Математикалық экономика») таңдау курсы екі аптада бір рет өткізіледі. Оқу жылындағы сағат саны – 17.

1- сынып бойынша заттарды топтастыру, нақты белгілерін табу, берілген белгілері бойынша затты анықтау, заттар мен құбылыстарды салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу сияқты тақырыптар қарастырылады. Сонымен қатар әр түрлі логикалық қызықты сөзжұмбақтар мен ребустар шешкізіледі.

2 – сынып бойынша экономикаға қатысты қажеттілік, мүмкінділік, тауарлар, айырбас, бартер ұғымдарына анықтама беріліп, мысалдар келтіру арқылы  өмірдегі әр түрлі жағдайлардан шығуға тырысады.

3 – сыныпта қарастырылатын мәселелер ақша, шығу тарихы, Қазақстан ақша бірлігінің шығу тарихы, байлық, шығыс, кіріс, негізгі көздері, отбасы бюджеті маңызды болып табылады.  Осы сыныпта Міжақып Дулатұлының ел экономикасына қатысты есептері берілген. Мал шаруасына, еңбекті тұрмысқа, әлеумет мекемелері, алым – салықтарға байланысты есептер шығартылу жоспарланған.

4 – сыныпта аймақтың ресурстары, өнеркәсіп, тауар, кәсіпкерлік, меншік, банк пен банк иеленушілер, жеке кәсіпорын, бағалы қағаздар, кедендік баж, салықтар туралы білім беріледі.

          Бастауыш сыныптардың логикасы мектептің негізгі сатысындағы математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған сәйкес бастауыш мектепте логиканы оқыту мынадай жалпы мақсаттарға жетуді көздейді:

  • «Логика» пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;
  • Оқушының ақыл-ойының логикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
  • Логиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
  • Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру;

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған осы мақсаттар мен міндеттер бастауыш логикалық білімнің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлерін анықтаудың қажеттігін көрсетеді.

 

 

                Ұсынып отырған бағдарламаның мазмұны:

 

  • Төменгі сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес;
  • Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай;
  • Қоршаған ортаның, математикалық экономиканың әдет-ғұрып элементтерін пайдалануға мүмкіндіктерін береді.
  • Есептер мен оларды шешудің әдістері: жай есептерге сәйкес амалды анықтау және оны негіздеп беру; құрама есептің жоспарын құру; экономикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу; логикалық есепті арифметикалық жіне алгебралық тәсілдермен шығару

Берілген тапсырмалардың міндеті – оқушылардың ой-өрісін, тілі мен сөйлеуін 3 бағытта дамыту: логикалық, жаңалық ашуы, шығармашылық.

Сонымен қатар сабақтағы экономикалық тапсырмалар олардың психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, мектеп бағдарламасында алған білімдерін толықтырады.

Таңдау курсының соңында бастауыш сынып оқушылары мемлекет және оның адам үшін маңызы, мемлекеттік салықтар, түрлері, кедендік салықтар, акциялар, құнды қағаздар т.б. экономикалық ұғымдар мен заңдылықтар туралы түсініктері қалыптасу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзектілігі: 

 

    Бастауыш сыныпта логикалық, математикалық ұғымдар түйсіну арқылы қалыптасады. Математика (логика) пәні логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады. Логикалық есептерді шығарту арқылы оқушылардың танымдық іс-әректетін, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттырып, топпен жұмыс істеуге үйренеді. Осы пәнді оқыта отырып, есте сақтаудың түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастырып дамытады.

Бастауыш сынып оқушылары оқу икемі мен дағдыны пайдаланып, жаңа шешімдерді іздеп, қажетті нәтижеге жету үшін ерекше тәсілдерін табады.

 

 

Жаңалығы:

     Логика (экономикалық математика) пәнінің бағдарламасында нарық заманы және ел экономикасына қатысты ұғымдар мен заңдылықтары түсінікті және жүйелі түрде берілген.

Алғашқы қазақ тілінде басылып шыққан математика оқулығын «Есеп құралы» деген атпен М.Дулатұлы шығарған. М.Дулатұлының «Есеп құралы» оқулығындағы ел экономикасына қатысты (мал шаруасы, еңбекті тұрмыс, әлеуметтік мекемелер, алым-салықтар) есептерін шығарту арқылы оқушылардың таным қабілетін арттырып, логикалық ойлауларын дамытамыз.

 

 

 

 


ЛОГИКА

1 — сынып

І – жарты жылдық

 

р/с

 

 

Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

 

Мерзімі

 

1Экономика ғылымы1
2Қажеттілік пен мүмкіндіктер1
3Отбасы дегеніміз не?1
4-5Отбасы мүшелерінің міндеттері (Отбасы: толық, толық емес отбасы мүшелері.)2
6Отбасы мүшелерінің бір-бірімен тәуелділігі1
7Байлық. Отбасы кірісі1
8Менің отбасымның демалысы1

 

 

              ІІ – жарты жылдық

 

 

р/с

 

 

Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

       Мерзімі

 

1«Қажет» және «Керек» сөздерінің анықтамасы1
2-3«Қажет» және «Керек» ұғымдарының біреуін таңдап аламын2
4«Қажет» және «Керек» ұғымдарына байланысты қызмет көрсету қайдан шығады?1
5Экономика – шаруашылықты басқару1
6Экономикалық есептеу1
7Отбасы мүшелерінің атқаратын қызметі және мамандығы1
8Біздің үйдегі экономика1
9Біз отбасымыз туралы не білеміз?1

 

ЛОГИКА

2 — сынып

І – жарты жылдық

 

р/с

 

 

Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

 

Мерзімі

 

1Адам аяғы баспаған аралға саяхат1
2Қажеттіліктер және мүмкіндіктер1
3Шектеулілік дегеніміз не?1
4Тауарды кім шығарады және кімдер қызмет көрсетеді?1
5Экология ғылымы және оның біздің қажеттілігімізге әсері1
6Қажеттілік және мүмкіндіктер туралы не білеміз?1
7Табиғи шаруашылық еліне саяхат1
8Табиғи шаруашылық еліндегі айырбас. «Айырбас» ойыны1

 

 

ІІ – жарты жылдық

 

р/с

 

 

Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

       Мерзімі

 

1Бартер аралына саяхат1
2Қоғам қалай жұмыс істейді1
3Кондитер фабрикасы1
4

 

Қаптама1
5Жаңа дәптер қалай пайда болады?1
6Үкіметтің рөлі1
7«Шешімдер ағашы»1
8«Теңгенің жорығы»1
9Қорытындылау. Біз не үйрендік? Ол біліміміздің біздің өмірімізге әсері.1

 

 

ЛОГИКА                                 

                                           3-сынып

                                    І — жарты жылдық

 

 

р/с

 

 

Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

 

Мерзімі

 

1.Нарық. Нарық дегеніміз не?1   
2.Нарықта әркім өз ісін қалай жүргізу керек?1 
3.Ақша. Ақшаның шығу тарихы.1 
4.Ақша не істей алады? Ақша не үшін қажет?1 
5.Қазақстан ақша бірлігінің тарихы1 
6.Байлық. Отбасы кірісі.1 
7.Кірістің негізгі көздері. Еңбекақы1 
8.Шығыстар. Отбасы бюджеті1 

 

                                         ІІ – жарты жылдық         

 

 

р/с

 

 

Сабақ тақырыбы

 

Сағат

саны

 

Мерзімі

  1.

 

М. Дулатовтың мал шаруасына қатысты есептері1 
   2.М. Дулатов. Еңбекті тұрмысқа берілген есептер1

 

 

 

3.

 

М. Дулатов. Әлеумет мекемелері туралы есептер1

 

 

 

4.Алым-салықтар туралы есептер1 
5.Қайталау сабағы1 
6.Аймақтың ресурстары. Өз аймағымызды оқып, үйренеміз1 
7.Аймақ қалай жұмыс істейді?1 
8.Біз шешім қабылдаймыз.1 
9.Қайталау сабағы1 

                        

 

 

                                           ЛОГИКА

                                           4 – сынып

 

р/с

 

 

Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

        Мерзімі

 

1Нарықта есептеу жұмыстары қалай жүргізіледі?1
2Нарық қожайыны кім?1
3Нарықта өз ісіңді қалай жоспарлау керек?1
4Жекеменшік – кірістің негізгі көзі.1
5Сақтандыру. Кездейсоқ жағдайлардан өзіңді және мүлкіңді қалай қорғайсың?1
6Өнеркәсіп қалай жұмыс істейді?1
7Тауардың саяхаты. Кәсіпкерліктің түрлері1
8Меншікті жоғалту1

                                    І – жарты жылдық

 

 

                                     ІІ – жарты жылдық

 

р/с

 

 

Сабақ тақырыбы

 

 

Сағат          саны

        Мерзімі

 

1Банк пен банк иеленушілер1
2Жеке кәсіпорын1
3Сыбайластық. Жарнама – сыбайластықпен күрестің бір түрі1
4Бағалы қағаздар.  Аукцион1
5Коммерциялық құпия1
6Жылжымалы және жылжымайтын көліктерден түсетін салық1
7Кедендік баж1
8Жоспарлау – табысқа жетудің жолы1
9Қорытынды.

 

 

І — тарау

Нарық дегеніміз не?

 

Балалар, кәне танысайық. Мен – математика профессорымын, менің фирмам Бизнесменов сендерді Эколандия еліне саяхатқа шақырамын. Ол ертеде пайда болған, ол елде ежелгі адамдар өмір сүрген. 10 мың жылдай бұрын жер өңдеушілер аңшылар тайпасын ығыстыра бастады. Адамдар өздері тұрған мекендерде әр түрлі өнер түрлерін дамыта бастады. Әр мекенде өнердің бір түрі басым дамыды: қыш құю, ұсталық немесе балық аулау. Бірақ балықшыға ау, ұстаға – қыш, жер өңдеушіге таға керек болды. Сондықтан әрқайсы өзі өндірген затты басқа затқа айырбастауға тура келді. Басқа затқа айырбастауға арналған зат – тауар деп аталды. Енді тауар айырбастау барысында адамдар әр түрлі нәрселерді сан жағынан салыстыруды үйренуге тура келді. Сонымен Эколандия елінде сан және      пайда болды. Алдымен саусақпен санауды үйренді, бір саусақ – 1-ді, 10 саусағын бүксе – 10-ды көрсетті. Ал жүзге дейін санау үшін қанша қолдың саусағын санау керек болды десеңші? Сондықтан санауға тастар, сүйектер, ракушкаларды пайдаланды. Айталық ракушкалар ондықтарды көрсетсе, тастар – бірліктер санын көрсетті. Мынадай оқиғаны тыңдаңдар. Эколандияның солтүстігіндегі Балықшылар елінде Осетров деген балықшы тұрды. Ол бірде көп балық аулап үйіне келсе, әйелі Марфаға : «Бізде 2-ақ құмыра қалды. Терінің бәрі тозды, күз болса келіп қалды. Аттың тағасы болса жұқарып, екі аяғы ақсап жүр. Сен болсаң балық аулағаннан басқа шаруа бітірмейсің, — деп ұрсып ала жөнеледі.»Құмыраны – Құм аулынан , тағаны – Темір аулынан, ал теріні – Жолбарыс аулынан алу керек болды. Ашуланған Осетров әйелі Мардаға былай деді: «Мен балық аулаудың орнына күнде тауар іздеп анда-мұнда жүрем бе? Сен өзің бір жағдай ойла, әрбір тауар өндіруші керегін іздеп шарқ ұрмау үшін не істеуге болады.»  Марфаға  бір күн ойлайды, екі күн ойлайды, үшінші күні бір шешімін табады. «Еркектертауарларын айырбастау үшін бір-біріне барғанша, мен бәрін Балықшы аулына әкеліп қояйын, таға да, құмыра да, тері де осыдан табылса, бәрі керегін бір жерден табады.»  Енді Марфа тауар өндірушілерге барса, ешқайсысы тауарын бергісі келмейді, айырбасқа тауар сұрайды. Марфаға бір жақсы ой келді. Ол Талернада тұратын оқымысты Монетов, монета басатын станок ойлап тапқаны есіне түседі. Ең ірі монета – 1 талер деп атады. Ол 100 ұсақ монетадан – форинтын тұрады. Ғалым Марфаға ұсыныс айтты: Біздің еліміздегі барлық қолөнершілер тауарлар талерге немесе форинтке айырбас-тасын. Сонда бәр жерде тауарға айырбастайтын ақша пайда болады. Осы уақыттан бастап Эколандияда ақша айырбасы басталып, Марфа алғашқы көпес деп танылды. Айырбастауға тауарларын әкелетін жер «Рынок алаңы» деп аталды. Енді көпестер мен «Рынок алаңдарын» Эколандияның басқа елді мекендерінде де пайда болды. Экономика грек сөзінен алынған, үй шаруашы-лығын жүргізе білу деген ұғымды білдіреді. Елде қолөнершілер мен көпес-тердің, қолөнершілердің өз арасында экономикалық қатынас орнады. Осыдан соң экономика ұғымы турасында экономикалық қатынастар есепті жақсы білуді ғана емес, өз тауарларын қайда апарған пайдалы, өз шаруашылығына қажет заттарды – ауды, темірді, сазды – ұтымды түрде алуды ойлауды талап етті.

  1. Қыш құюшы Горшков 8 құмыраны 1 қап бидайға айырбастай алады.

Ол 8 құмыра бидай алу үшін қанша құмыра жасау керек?

  1. Аңшы Тигров бір маусымда тиіннің 48 терісін дайындады. Әрбір 4 теріні 1 қап бидайға, әрбір 2 теріні – 8 тағаға айырбастауға болса, 4 атты
  2. Қыш құюшы Горшков айырбастау үшін 82 құмыра дайындады. Күзге қарай оның отбасына 3 қап бидай және түлкінің 4 терісі қажет. Егер әрбір құмыраны 1 қап бидайға, ал 14 құмыраны – 1 теріге айырбастауға болса 82 құмыра жеткілікті ме?
  3. Қыш құюшы Песков әрбір 8 құмыраны 1 қап бидайға немесе 5 тағаға айырбастай алады. Жазда өз шаруашылығына оған 4 қап бидай мен 20 таға керек. Ол қанша құмыра дайындау керек?
  4. Аңшы Волков 12 терінің әрқайсысын 14 түрлі түсті ракушкаға айырбастады. Ал түскен ракушкаларын әрбір қап бидай үшін 16 ракуш-кадан айырбастады. Неше қап бидайға айырбас жасады?
  5. Фермер Баранов айырбастау үшін 216 кг қарабидай дайындады. 36 кг тартатын 1 қап қара бидайды 8 құмыраға айырбастаса, фермер неше құ-мыра алады?
  6. Аңшы Львов бір маусымда 48 аң терісін дайындады. Оның жартысын ол 4 қап бидайға, ал қалған терінің жартысын оғы мен 6 садаққа айыр-бастады. Қалғаны өз шаруашылығында қалды. Қалған терінің саны қанша?
  7. Аңшы Тигров оғы мен 2 садақ және 3 атқа таға алу керек. Садақ оғы мен 1 талер 2 форинт, қос таға бір талер 15 форинт тұрады. Тигров барлығына қанша ақша төлейді?
  8. Қыш құятын айналмалы дөңгелек 12 талер тұрады. Оны сатып алуға ауылға келген Гоншаров балықшы Окуневпен кезігеді, ол жаңа ғана аулаған балығын, әр өлшемін 1 талер 36 фунтқа ұсынады. Бір өлшем

2 кг болады. Горшков қыш құятын дөңгелек және 3 өлшем балық алды, бәріне қанша ақша төледі?

  1. Балықшы шортанға қарағанда карасьтың үшеуін артық аулады.

Барлығы 29 балық ауласа, қанша шортан, қанша карась аулады?

  1. Балықшы шортанға қарағанда екі есе көп және тағы үшеу артық карась ұстады. Барлығы 30 балық ұстаса әр балықтан қаншадан аулаған?
  2. Баланың 3,5 форинттен тұратын барлығы 12 дана тиыны болды. Ақша-сын санағанда 57 форинт болды. Ол қателескен жоқ па?
  3. Ұста 3 сағатта 72 таға жасайды, ал оның шәкірті осы жұмысқа екі есе көп уақыт жұмсайды. Екеуі бірігіп осы жұмысты, 72 тағаны қанша уақытта істейді?

 

ІІ тарау

                        Нарықта жұмысты қалай жүргізу керек?

Эколандия елінде ақша – талер мен форинт пайда болды. Ақшаның пайда болуымен шаруашылықты жүргізу мүмкіндігі туды. Қыш құюшы Горшков бәрін айырбастау үшін қанша құмыра керек екендігін анық білмеді. Кейде товар айырбастауға ұсталар, балықшылар келгенде құмыра болмай қалады. Кейде дайын құмыралар көп тұрып қалып, не сынып, не жарылып жатады. Ал «Марфа» дүкені ашылған кезде бұл мәселе шешілді. Ол әр 10 күнде «Марфа» дүкеніне 200 құмыра өткізеді. Дүкенде 2 қойма бар: біреуінде ыдыста, тағалар, садақтар сақталса, екіншісінде қант, тұз т.б. сақталады. Енді Горшков күніне 30 құмыра құятынын анық білді. Иә, неге 30 20 емес. Ол өзі есептеп үйренді. 10 күнде 100 құмыра дүкенге апармай көршілеріне сатады. Құмыраны қаншаға сату керек? Есеп былай болады:

Таза саздың бір арбасын 10 талерден алады. Бір арба саздан 1000 құмыра құяды, яғни 1 құмыраға 1 форинт кетеді. Қыш құятын дөңгелек 100 талер, ал бұл дөңгелек 10000 құмыра құюға жетеді, яғни 1 құмыраға 1 форинт жұмсал-ды. 100 құмыраны күйдіру үшін жұмсалған көмірге 1 форинт жұмсалды. Яғни әр құмыра жасауға кеткен ақша, яғни оның өзіндік құны – 3 форинт. Қыш құюшы әр құмыраны 3 форинтке сатса оған не пайда түседі?

Әр адам, сату не айырбастау жасауда өзіне пайда түсіруді ойлайды. Яғни шыққан шығынының үстіне пайда түсіру керек. Сондықтан ол әр құмыраны

4 форитнттен сатады. Әр 10 күнде көршілеріне сатқан құмырадан 1 талер пайда түседі.

«Марфа» дүкеніне өткізген тауардан 10 күнде тағы 1 талер пайда көреді. Марфа оған әр 100 құмыраға 3 талер 50 форинттен беріп, өзі 4 талерден сатады. Сонда Марфа әр 100 құмырадан 50 форинт пайда көреді. Бұл пайданы Марфа тек сауда қызметі үшін көрді.

Рыноктағы ең басты қызмет келесі тарауда айтылады.

 

ІІІ тарау

                   Нарықта есеп жұмысы қалай жүргізіледі?

Көптеген жылдар өтіп Рыбачье елі Степногорск қаласына айналды. Енді рынок алаңында «Марфа» дүкенінен басқа дүкендер, зергерлік, аяқ-киім, тігін лавкалары пайда болды. Тігінші Портнов оқушыларды жинап, тігін тігуге үйрету үшін тігін шеберханасын ашты. Мұнда кафтан, камзол, жилет-тер тікті.

Ал шаштараз Банкенбардов тұрғындардың шаштарын, сақал-мұртын алумен айналысты. Әшекей бұйым тағу үрдіске айналған кезде зергер Жемчуг зергерлік шеберханасын ашты. Тігінші де, шаштараз да, зергер де – өздерінің клиенттері балықшы, қыш құюшы, фермерлерге тұрмыс қажет-терін көрсетіп, ол үшін ақы алды. Тұрмыс қажетін өтеу де тауар болып табылды. Шеберхана иесі әр іске адамдар ала бастады, олар жалдамалы қол-өнершілер еді. Олар өз еңбектері үшін ақша және бір бөлігін өңдірген өнім-мен алып отырды.

Мынадай жағдай қарастырайық. Тігін шеберханасының иесі Жилетов тігінші Егорды 1 жылға жалдады және еңбегіне 12 талер және 1 кафтан бер-мекші болды. Егор 7 айдан соң Степногорскіден кетпекші болды да, есеп айырысуын өтінді. Жилетов оған 5 талер 1 кафтан алуды ұсынды. Егоров өзінде кафтан бар екенін бар екенін айтып, барлық еңбек ақысын ақшамен беруін сұрады. Қожайын келістіде 1 кафтан қанша ақша тұратынын есепте деді.

Егоров кафтанның бағасын қалай есептеуді әрі ойлап, бері ойлап шебер-ханадағы Смышленниковқа барды. Ол былай есептеді. Қалған 5 айға 7 талер төлеу керек. Әр ай сайын 1 талер 40 форинт болады, онда 1 жылда 16 талер 80 форинт болар еді. Ал ақшамен 12 талер алар болса, кафтан 4 талер

8 форинт тұрғаны.

 

                                                       IV тарау

                                     Нарықтың мырзасы кім?

      Эколандия елінде жыл өткен сайын Степногорск елді мекені ірі және әдемі қалаға айналды. Рынок алаңында көп қабатты үйлер пайда болып, бірінші қабатында дүкендер, шеберханалар орналасты. Біз Марфаның баласы Егор туралы тарихты баяндаймыз.

Егор  Степногорскідегі мектепте өте жақсы оқыды. Мептеп бітірген соң ол «Марфа» дүкенінде қатардағы сатушы болып істейді. Ол мына жағдайды байқады. Кейде дүкенде тауар толып тұрса да, шеберлер үсті-үстіне әкеп жатады. Оларды қайтарып беру ыңғайсыз, кері алып қайтуда оңайға түспей-ді. Бұзылмайтын тауарлар қоймада тұра береді, бірақ қоймада орын жетпейді. Ал бұзылатын тағамдар сүт, ет, балықты не істеу керек? «Марфа» дүкенін бірнеше рет банкрот бола жаздады. Ол не үшін? Әрине тауарлар көп, оларды алушылар аз, немесе кейбір тауарлар тапшы болады. Сосногорскіде алғашқы қос ат не үш ат жеккен арбалар пайда болды. Жол жаман болғандықтан таға-лар тез желініп, жарылып жатты. Сондықтан тағаға деген сұраныс артты. Дүкендегі барлық таға сатылып кетті. Олардың бағасы да өсті. Енді Егор алыс ауылдардан тағаны өзі әкеле бастады. Егор дүкенде сатушы болып тұрғаннан да, сауданы ұйымдастырудың тиімді түрін ойлауға кірісті, өз клиенттерін қуантуды ойлады. Ең алдымен дүкендегі әр тауарға сұранысты білу керек, әр күн сатылатын тауар, қоймадағы тауармен бірдей болу керек,- деп шешті Егор.  Сүт туралы: 1.2,3,4,5 адамнан тұратын неше отбасы  «Марфа» дүкенінен  сүт алады?

  1. Әрбір үлкен адам және әрбір жас бала күніне қанша сүт пайдаланды.

Осы мәліметтерге сүйеніп күніне қанша сүт сатылатынын білген соң фермер-лерден сол мөлшерде сүт алып отырды, сауда барысы түзеле бастады. Бұл іс барысында Егор бір оқпен екі қоянды атты: 1-ден, клиенттер дән риза, 2-ден, дүкендегі тауар қолма-қол сатылып, пайда өсе бастады. Егор маркетингпен айналысты (ағылшын тілінен market — рынок), Маркетинг клиенттердің қажеттілігін және оны қанағаттандыру жолдарын зерттейтін ғылым. Біз сүт тауарына деген маркетингті қарастырдық, ал тауарлар туралы есептер шыға-

ру арқылы танысамыз.

V тарау Қорытынды.

Осымен Эколандия еліне саяхатымыз аяқталды. Сендер іскер адамдар Марфа, Егор, балықшы Осетров, қыш құюшы Горшков, фермер Баранов және т.б. қалай іс жүргізуді үйренгенін, жұмыс істегенін, демалғанымен таныстындар.

Ең бастысы: бұл елдегі адамдар егер жақсы жұмыс істесең пайда табуға болатынын, жақсы өмір сүруге болатынын білді. Тапқан пайдасынан іскер адамдар қайырымдылық жасауды ұмытпады. Саудагер Марфа өз табысына ауылда мектеп салғызды, одан кейін стадион, концерт залы салынды, оған Марфадан басқа да іскер адамдар өз үлестерін қосты. Осы саяхатымызда алған білімдеріңді пайдаланып сендер жауап берсің деп сұрақтар мен есептер дайындадым. Мен профессор Бизнесменов сендер бұл тапсырмаларды орын-дай аласыңдар және алдағы уақытта сендерден үлкен бизнесмен шығады деп сенемін. Өмірден бірнеше оқуға қарастырайық.

  • Сен ата-анаңмен сүт кафесіне бардың. Мұнда тауарға не жатады?
  • Сен математикадан есеп жазып жүрген дәптер тауарға жата ма?

«Орыстың халық ертегілері» кітабының өзіндік құны 2 талер 30

форинт тұрады. Осы кітапты қандай бағаға сатуға болады.

Сенің отбасыңның

  • Сүт өнімдеріне;
  • Картофельге;
  • Нанға деген сұранысын қалай есептеуге болады?

 


 

Алда күтілетін нәтижелер

 

Бағдарламада қамтылған материалды материалды меңгерту арқылы жас буынның экономикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, есте сақтау қабілетінің артуы, логикалық ойлауының дамуына, зор ықпал жасаймыз.Себебі білім мазмұнының тақырыптары оқушылардың дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарастарын қалыптастыратын өзінің туған еліне байланысты мәселелерді қозғайды.

Бұл экономикалық математика таңдау курсының соңында  бастауыш сынып оқушылары  Экономика- ғылымы бұл нақты есептеу және негізгі экономикалық заңдылықтар мен ұғымдарды меңгеру керек.Балалар мемлекет және оның адам өміріндегі маңызы, салықтың мемлекетке төленетін өтемақы екенін, тауар өндіруші мен сауда-саттық, сұраныс, жарнама туралы ұғымдарды меңгеру керек.Бастауыш сынып оқушылары формальды логиканы экономикалық логикадан ажырата білу керек.Экономикалық есептерді шығарғанда және экономикалық байланыстарды орната білу керек.

Оқушылардың бартер мәселесін ақшаның көмегімен шешетін ақшаның қасиеті мен қызметі, ақшаның шығу тарихы туралы мағлұмат беру.Елге әлеуметтік көмек зейнетақы,шәкіртақы туралы білімдерін кеңейту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Экономика для младших школьников. И. А. Сасова, И. И. Нагуманова. 1 — класс. Москва,2002
  2. Экономическая игротека на уроках математики. 1-4 классы. Учебная модификационная программа. Г. А. Сафронова. Учитель,2003
  3. Міржақып Дулатұлы. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-том. Мектеп,2003
  4. Жүлдегерлік жүз есеп.  Н. Нұрсұлтанов, Қ. Нақышбекова.Алматы, Таймас баспа үйі, 2009.
  5. Ертегі есептер. Н. Нұрсұлтанов. Алматы, Таймас баспа үйі,2008.
  6. Начала экономики. И. В. Ермакова, Т. А. Протасевич. Издательство Новосибирского университета, 1997.
  7. Ойнайық та, ойлайық. Р. Кашенова. Поиграем, поговорим. Алматы, Ана тілі, 1996
  8. Экономические знания-школьникам. С. Нысанбаев.Алма-ата, Мектеп,1976
  9. Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты

тапсырмалар. Ә. Наурызбайқызы, Қ. Әубәкірқызы, С. Мұқамбетқызы.

2-сынып. Рауан, Алматы, 1994

  1. Қуыр — қуыр,  қуырмаш. Сейсенбек Ахметов. Өнер, Алматы, 1993