Дара және күрделі етістік

Дара және күрделі етістік

Білімдік: Оқушыларда  дара және күрделі етістіктер жайлы  түсінік пайда болады, білімдері жетіледі.                                                          Дамытушылық: Білімге деген қызығушылықтары оянады және тілдік қорлары дамиды.                                                                             Тәрбиелік: Оқушылардың табиғаттқа деген сүйіспеншіліктері артады, топтық жұмыс жасап, достық қарым-қатынаста бір-біріне көмектеседі, сыйластық қалыптасады, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
 

 

СілтемеҚазақ тілі -2 сынып, «Атамұра» баспасы, http://www.youtube.kz
 Етістікке байланысты жазып келген сөйлемдерін ұсынады . Етістік ережесін айтады (үш топ мысалдар келтіреді)                                                                                         Үй жұмысын және өтілген материалдарды пысықтау барысында тірек  сызбасы арқылы  жұмыстар жүргізу.                                                                       
 Оқушыларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінен үзіндісі бейне таспадан көрсетіледі.           Бейне таспа бойынша оқушының ойы тыңдалады.

Оқушылар үзіндіден етістікті табады. Тапқан етістікті күрделі етістікке айналдыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамын, ереже шығартамын.

Оқушыларға 375-жаттығуды  ауызша орындау арқылы дәлелдетемін.

 Көркем жазуға  «Табиғат» сөзін жаздыртамын.

376- жаттығуды жаңа сабақты бекіту мақсатында тақтаға орындатамын. Берілген дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыртамын. Мысалы: Ұшты-ұшып кетті, ұшып барады, ұшып келді.

АКТ қолдану  «Ква-ква» би ырғағымен
Тақтаға  377- жаттығуды орындатамын. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрауға ұсынамын. Жазылған сөйлем ішінен етістікті тапқызамын. Етістіктің сөйлем ішінде келгенде баяндауыштың қызметін атқаратыны туралы мағлұмат беремін.
Топтық жұмыс. Оқушыларға монитор арқылы  бейне сюжет көрсетемін. Сол бейне сюжеттің желісі бойынша етістіктерді тапқызамын да, күрделі етістікке айналдыртамын.
 

Семантикалық карта бойынша жұмыс (5 минут)

Оқушының аты-жөні____________________________________

 

             сұрақтар     

           

сөздер

Зат есімЖалқы есімЖалпы есімЕтістікДара етістікКүрделі етістік
Кесе++
Қонды++
Астана++
Сатып алды++
Сапырды++
Шауып болды++
Үйге тапсырма                 (1 минут)

 

Сабақты сұрақ- жауап әдісі бойынша қорытындылау. Оқушыларды мақтау-мадақтау әдісі бойынша бағалау. Үйге ереже жаттап келу және 379 жаттығуды орындап келу.                             
(2 минут)

 

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жапырақ стикерлерге жазып,ағашқа іледі.

 

 

 

                 Семинар сабақтан көрініс