Дала жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Тәрбие сағаты «Дала жұлдызы-Ыбырай Алтынсарин «

 

Тақырыбы:  Дала жұлдызы —  Ыбырай  Алтынсарин.

Мақсаты:1.Ы.Алтынсарин туралы  түсініктерін кеңейту.

2.Ы.Алтынсариннің  шығармаларымен таныстыру.

3.Білімге деген ынталарын , құлшыныстарын арттыру.

Сабақтың түрі:Аралас  сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекілігі: Суреттер

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың  зейінін,назарын психологиялық жаттығулар арқылы сабаққа аудару.
Білімдерін жан-жақты тексеру кезеңі:

  1. Жаттап келген өлеңдеріңді мәнерлеп оқып ,мазмұның тоқталу.
    Индира «Кел,балалар,оқылық!»

Назерке  «Өнер білім бар жұрттар»

Жаңа сабақ. Ы. Алтынсаринның өлеңдері мен әңгімелері.
2. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.
Жылдар маңызды оқиғалар
1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.
1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс — қазақ мектебіне барған.
1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.
1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.
1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.
1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады.
1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.
1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
1879 — 1883 жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) мектептер ашылады.
1883 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.
1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.
1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.
Ы. Алтынсарин – оқулық авторы.
1. «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар қандай бөлімдерден тұрады?
А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И. Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.
Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең — жырларынан үзінді.
В/ қазақтың мақал – мәтелдері.

Ыбырайдың өлеңдерін оқып, мазмұнын талдау.
Ыбырай өлеңдеріне байланысты кестелер толтыру.
Ыбырай сөзі қандай қасиеттерді айқындайды?
Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен
Телмірме еш адамға мұңдықпенен
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей — ақ табылар.
Өнер — білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре — тұғын.

Өлең шумақтарын әдеби талдау жасау. Шумақ, бунақ, буын.
Амина – «Өзен»
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Назерке- «Өнер, білім бар жұрттар»
Өнер — білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды.

Қымбат-«Кім сендерді балалар сүйетұғын.»
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре — тұғын.
Көрініс «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Ы. Алтынсарин өлеңдерінің ерекшелігі?
Ы. Алтынсаринды «Әңгіме шебері» деп өздерің жаңа айттыңдар. Ендеше қандай әңгімелері бар екенін еске түсірейік.
Көрініс «Әке мен бала» .
1. Сұраққа жауап.
Әңгіме неге әке мен бала деп аталған? Негізгі тақырыбы не?
Әңгімедегі бала қандай?
Әңгімедегі әкеге мінездеме беріңдер.
Еңбек туралы мақал — мәтелдер айтыңдар.
Балаға қандай кеңес берер едіңдер.
Ы. Алтынсаринның осы әңгімеге ұқсас қандай әңгімесін білесіңдер?
Шығармашылық жұмыс. Ой толғау.
1. «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»
«Оренбурскийлисток» газетінен
2. Ы. Алтынсаринды неге «Балалар әдебиетінің атасы» деп атаған?
3. Ыбырай атама хат.
Қосымша дерек.
Қазақ әдебиетінде педагог — жазушының көркем бейнесі жасалуда.
Мысалы, белгілі ақын Ғафу Қайырбеков » Дала қоңырауы» поэмасын, М. Ақынжанов » Ы. Алтынсарин » пьесасын, Жайсаңбек Молдағалиев «Алғашқы ұстаз» романы жазды, Кинофильм түсірілген. Қостанайда ескерткіші бар т. б.
Үй тапсырмасы: Ы. Алтынсарин әңгімелерін талдау.

» Дүние қалай етсең табылады »

Өнер — білім бар жұрттар

Ыбырай Алтынсарин

 

Бет 1 . Барлығы 2 бет
Өнер — білім бар жұрттар
Тастан салай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып — жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі — дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;

 

Бет 2 . Барлығы 2 бет
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.

Өзен

ЫбырайАлтынсарин

Тауларданөзенағарсарқыраған,
Айнадайсәулеберіпжарқыраған.
Желсоқса, ыстықсоқсабірқалыпта,
Аралап тау мен тастыарқыраған.
Көңіліңсуынішсеңашылады,
Денеңде бар дертіндіқашырады.
Өксіген оттай жаныпжануарлар
Өзенненрақаттауыпбасылады.
Қынардатілсізтұрғантоғайлар да
Шуылдапжелменбірге бас ұрады…
Он мың мал айдапөтсең лай қалмайды,
Тасыса су бармағансай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көкшығыпшөпбітпегенжайқалмайды.
Ел қыстапкүнкөредіжаныбында,
Дәмболаралуан — алуанбалығында…
Тастаста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.
Құдіретінқұдайымныңкөресінбе?
Не нәжістоқтарөзенденесінде…
Арыстандемалуғасуғакірсе,
Балықтаршымшыпойнартерісіне…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кел, балалар, оқылық

Ыбырай Алтынсарин

Бет 1 . Барлығы 4 бет
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.

Бет 2 . Барлығы 4 бет
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған…
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған…
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Надандықтын белгісі —
Еш ақылға жарымас.

Бет 3 . Барлығы 4 бет
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас…
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқу деген шыны — ды,
Тұрған сайын шыныққан…
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан…
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Әлпештеген ата — ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата — енең картайса —
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..

Бет 4 . Барлығы 4 бет
Оқубілгентаниды
Біржаратқанқұдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағымабайболгайдеп,
Ата — енеңжылайды,
Баладанқайырболмаса,
Баланы неге сұрайды.

ЫбырайАлтынсарин – Кел, балалар, оқылық

 

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық ,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Істің болар қайыры

Бастасаңыз алдалап,

Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Мал дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстың байлығы,

Күннен- күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Сисакөйлекүстіңде

Тоқуменен табылған…

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған…

Өнер- білімбәрі де

Оқуменен табылған.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Надандықтынбелгісі —

Еш  ақылғажарымас.

Жайылыпжүргенайуандай

Ақ, қаранытанымас.

Аяңшылатарымас,

Білімдегенқарымас…

Жөнбілмегеннаданға

********** дарымас.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Оқудегеншыны – ды,

Тұрғансайыншыныққан…

Оқубілгенадамдар

Май тамызған қылыштан…

Білмегендібілуге

Есті бала тырысқан,

Есер бала ұрысқан.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Әлпештегената – ана

Қартаятынкүнболар.

Қартайғанда жабығып,

Мал таятынкүнболар.

Ата – енеңкартайса  —

Тіреуболарбұлоқу,

Қартайғанда мал тайса

Сүйеуболарбұлоқу.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Оқубілгентаниды

Біржаратқанқұдайды,

Танымаған құдайды

Не ғылғанда ұнайды?

Шырағымабайболгайдеп,

Ата – енеңжылайды,

Баладанқайырболмаса,

Баланы неге сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарға мен түлкі

ЫбырайАлтынсарин

Ашылыптүлкіжүрдіжапандарда,
Тамақіздепжолшектісапарларға…
Ешнәрсенікөреалмайкележатса,
Көзінетүстіалыстанжалғызқарға.
Жүгіріптүлкісоғанжетіпкелді,
Қарғаағаштыңбасындамұныкөрді.
Тістегеніаузындатәттіірімшік,
Оны көріп түлкі — екеңсөйлейберді.
«Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын.
Сырттанхалқаңтілейдібарша халқың.
Қарға әніңдейәуезжоқдеп.
Осылайшышығадысыртқадаңқың.
Сандуғаш, бұлбылдардыкөріпедім,
Жүзіңдібіркөругекеліпедім,
Даусыңдыбіршығаршышаттанайын,
Сырттанасықболғаннанөліпедім».

Басынсалып, құйрығынбұлғаңдатып,
Екікөзінқарғағақылмаңдатып.
«Қарғатақсыр, көзжасымкөріңіз»,- деп,
Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
Масаттаныпбұлқарғасілкінеді,
Ішінтартыпмиықтанбір күледі.
«Арып — ашыпалыстанкелгеншығар,
Көңілітыныпкетсінші, шіркін», — деді.
Мақтаусөзгесеміріп, судайтасып,
Пәрменінше « қарқ » еттіаузынашып;
Қарқеткенде, ірімшікжергетүсіп,
Оны кеттітүлкі — екеңалдықашып.