Бесік жыры
Тақырыбы: Бесік жыры
Мақсаты: 1. Бесік жыры, бесік туралы мағлұмат алады.
- Халқымыздың салт-дәстүрімен танысады, жырды мәнерлеп оқи отырып,
мазмұнын баяндайды.
- Оқушылар өз халқына, ұлтына, туған жеріне, ұлттық әдет-ғұрпына деген
сүйіспеншілікке тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: М.Жұмабаев портреті, бесік суреті, пікір ағашы, ребус, спортшылар
суреті, күнтізбе.
Барысы: І. 1.Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың жазған мазмұндамаларына тоқталу.
ІІ. Жаңа сабақ: Бесік жыры
- Психологиялық дайындық
-Балалар бүгін қай күн?
Елімізде қандай айтулы жарыс басталады?
«Азиада-2011», 7-ші қысқы ойындар. Бұл жарысқа Қазақстанның спортшылары
қатысады. Біздің спортшыларымыз жеңіске жетсін десек, біз бүгінгі ашық
сабағымызды жақсы өткізуіміз керек. Ендеше бір-бірімізге, біздің
спортшыларымызға жақсы тілектер тілейік.
( Оқушылар жақсы тілектерін айтады)
- Балалар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын тақтаға назар аударайық. Мынау
Азиаданың символы. Азиада 30 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтеді.Бұл байрақты
бәсекеде біздің спортшыларымыз спорттың 11 түрінен бақ сынасса, біз білімімізді
ортаға салып, спортшыларға жанкүйер боламыз.
- Азиаданың бірінші күні спортшылар конькимен жүгіруден жарысса, біз жұмбақ
шешеміз.
Жұмбақ
Иесі анық — сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй.
(Бесік)
2.Азиаданың екінші күні шайбалы хоккейден жарыс өтсе, біз сұрақтарға жауап
береміз
Сұрақтар:
- Бесік не үшін қажет?
- Бесіктің неше түрі бар?
Кіріспе әңгіме.
Бесік- нағыз халық мұрасы, бабаларымыздың ғасырлар бойы тұтынып келген мүлкі. Қазақ бесігі талдан, қайыңнан иіліп жасалады. Халқымызда бесіктің екі түрі кездеседі.
- Жер бесік
- Аспалы бесік, яғни әлпеншек.
- Азиаданың үшінші күні шорт-тректен спортшылар жарысса, біз бесік жырын айтамыз.
- Ананың балаға деген махаббаты не арқылы берілген?
— Балаға деген ана махаббаты «Бесік жырлары» арқылы берілген.
- Ал, сендер бесік жырларын білесіңдер ме?
— Оқушылар білетін бесік жырларын жатқа айтады.
Бесік жыры
Моынымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым,
Алла берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Моынымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жайым,
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
- Азиаданың төртінші күні мәнерлеп сырғанаудан жарыс өтсе, біз ребус шешеміз.
,,.. ..,,, ,,..
5
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Бесік жыры»
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Азиаданың бесінші күні спортшылар биатлоннан жарысса, біз «Бесік жырын» мәнерлеп оқып, мазмұндаймыз.
«Бесік жыры» өлеңін мәнерлеп оқу. Жырды мазмұндату.
-Бесік жыры қай кезде айтылады?
-Бесік жырын кім айтады?
«Бұл кім» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұндау.
- Азиаданың алтыншы күні спортшылар тау шаңғысынан жарысса, біз автор туралы мағлұмат аламыз.
Пікірлер ағашы
- Азиаданың жетінші күні спортшылар фристайлдан жарысса, біз сурет бойынша әңгіме құраймыз.
Сурет бойынша жұмыс
- Суретте кім бейнеленген?
- Ана баласына қандай жылы сөздер айтады?
- Анаң сені қалай еркелетеді?
ІІІ. Қорытынды
Біз бүгін сабақта не үйрендік?
Аналарымыз бесік жырын айиып отырып баланы Отанын сүюге, ер жігітті батыл болып өсуге тәрбиелейді.Бесік жырын тыңдап өскен біздің азаматтарымыз 7-ші «Азиада-2011» ойындарында жеңісті қолдан бермейді деген сенімдеміз.
ІV. Үйге тапсырма: «Бесік жырын» жаттау.
- V. Бағалау