Брейн-ринг
Тақырыбы: Брейн-ринг
Мақсаты: оқушылардың білімін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты
дамыту, ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бейнетаспа, жануарлар суреттері, сұрақтар, топ аттары жазылған плакат
Барысы:
Сыныптағы оқушылар 7 оқушыдан екі топқа бөлінеді.
І топ: Ұлан
ІІ топ: Балдырған
(Топтпр өздерінің қысқаша сәлемдерін жолдайды)
І топ: Бастары куомпьютердей,
Бойлары бәрі бірдей.
Жастықты бірге өткізген
Құрбыларға өрімдей бір сәлем!
ІІ топ: Келешекке үмітіміз талапты,
Атақ-даңққа бөленеміз қарап тұр.
Сегіз қырлы, ойшылдар боп туғандар
Оза шауып, бәйге атындай жарап тұр
Мұғалім: Енді ойынның бөлімдерімен таныс болыңыздар
І бөлім: «Блиц-турнир»
ІІ бөлім: «Брейн-ринг» ойыны
ІІІ бөлім: Көрнекі-бейнелеп ойлау
IV бөлім: Көрнекі-әрекеттік ойлау
V бөлім: Қисынды ойлау
Мұғалім: Олай болса, құрметті қонақтар, оқушылар жарыс ойын сабағымыздың бірінші бөлімі «Блиц-турнирді» бастаймыз.
Бұл бөлімде қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек.
І топ сұрақтары:
- ҚР-ның мемлекеттік тілі?
- «Кел балалар, оқылық!» өлеңінің авторы?
- Күйді орындаушы адам? (күйші)
- Орман дәрігері? (тоқылдақ)
- Қазақша жыл басы? (тышқан)
- Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)
- 1 кг тас ауырма, әлде 1 кг мақта ауырма? (бірдей)
- Келесі жыл қандай жыл? (ұлу)
- Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра)
- Жылқының пірін ата? (Қамбар ата)
ІІ топ сұрақтары:
- ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін ата
- Көру мүшесі? (көз)
- «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы?
- 100 жыл. (ғасыр)
- Өткен жыл қай жыл? (барыс)
- Қазақстанның жер көлемі? (2 млн 724 мың км)
- 9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)
- Сиырдың пірі? «Зеңгі баба)
- Баян 8 жаста, Бағлан 6 жаста. Кім үлкен, кім кіші? (Баян үлкен, Бағлан кіші)
- Ұясы жоқ құс? (көкек)
Мұғалім: Сайысымыздың бірінші бөлімі аяқталды. Ұпай сандарын анықтап, келесі бөлімді бастаймыз.
ІІ бөлім: «Брейн-ринг»
(Әр топ көрермендердің бейнетаспа арқылы берген сұрақтарына жауап береді. Әр топқа 3 пән бойынша сұрақтар қойылады)
Екі топқа да осы мектептің бастауыш сыныптар мұғалімі бейнетаспа арқылы үш пән бойынша сұрақтарын қояды.
І топ:
Ана тілі пәні бойынша
- Мағжан Жұмабаев қай жылы, қай жерде өмірге келген?
( 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған)
Қазақ тілі пәні бойынша
- Балықшылар деген сөзді сөз құрамына талда
Математика пәні бойынша
- Болаттың 20 қояны бар еді. Ол оның алтауын Асқарға берді. Болатта неше қоян қалды?
ІІ топ:
Ана тілі пәні бойынша
- Қазақ халқының үш биін ата
(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
Қазақ тілі пәні бойынша
- Оқулықты деген сөзді сөз құрамына талда
Математика пәні бойынша
- Айгерімнің 55 теңгесі болатын. Ол 50 теңгеге дәптер сатып алды. Айгерімнің неше теңгесі қалды?
Мұғалім: Жарысымыздың екінші бөлімін бағалап, келесі бөлімге көшсек.
ІІІ бөлім: Көрнекі – бейнелеп ойлау
Бұл бөлім дүниетану сабағымен байланысты. Екі топқа ортақ сұрақ.
— Қандай жабай аңдарды білесіңдер?
І топ:
Ор қоян – орман-тоғайлар мен далалы жерлерді мекендейді. Ол едәуір ірі аң. Оның салмағы алты килограмға дейін жетеді.
Суыр – сүйкімді аң. Суырды терісі мен майы үшін аулайды. Оның майы ем ретінде қолданылады. Терісінің түсі сарғыш немесе сарғыштау сұр болып келеді.
ІІ топ:
Барыс – мысық тұқымдастарға жататын жыртқыш аң. Денесінің ұзындығы 130см. Ол арқар, елік сияқты аңдармен қоректенеді. Барыс – бағалы аң.
Түлкі – Айлакер, қу аң. Түсі қызғылт, сары болады. Тышқан, қоян, саршұнақ сияқты аңдармен қоректенеді. Оның құйрығы ұзын.
Мұғалім: Үшінші бөлімді қорытындылап, келесі бөлімге көшеміз.
IV бөлім: Көрнекі-әрекеттік ойлау
Бұл бөлімде үй жануарлары туралы жұмыс жүргізіледі.
— Қандай үй жануарларын білесіңдер?
Қазір геометриялық фигуралардан әр топ үй жануарларын құрастырады. Қай топ бірінші аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
Мұғалім: Төртінші бөлімді бағалап, келесі бөлімді бастаймыз.
V бөлім: Қисынды ойлау
Бұл бөліміміз көп ойлануды талап етеді. Әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ: «Ұлан» тобына тапсырма
- Мектеп, аурухана, мұғалім, дәрігер, емдеу, білім беру.
І топ: (құрама сөздің жауабын тап)
Алғашқы буыны-заттың түсі
«Жылпос» деп ұқ- екіншісі
Көлдің сәні – сымбатты құс,
Атын тауып, айқындай түс. (аққу)
ІІ топ: «Балдырған» тобына тапсырмалар
- Сиыр, апам, жылқы, сауды, сүті, қымыз, жасады.
ІІ топ: (құрама сөздің жауабын тап)
Бірінші буыны – жылға кірмей қалған
Екінші буыны — әуелеп ұша алатын
Таптың ба, кәне, балақай,
Сонда бұл қай құс болады? (түйеқұс)
Мұғалім: Біздің жарыс-ойын сабағымыз аяқталды. Қай топ жеңгенін анықтаймыз. Екі топты ортаға шақырып, жеңімпаздарды марапаттаймыз.