Аялаңыз ананы

 Аялаңыз ананы

Ару… Ана. Бүкіл  әлемнің  әдемілігі, бар тіршіліктің мәні  осы  екі  ұғыммен  өзектесе  жатады  екен. Ару деген сөз  адалдық,  арлылық,  асқақтық  атты  қасиеттермен қабысып жатса, ана  сөзінің  аясында асыл,  аяулы, ардақты, құдіретті  сезімдер  тоғысары  ақиқат. Ақ  тілеулі, кең пейілді  аналарымыз   өмірдің  бастауы, тіршіліктің  сәні. Әрбір  адам  тіршілігінің  ғұмыры да, тәлімнің  өмір  нәрі де ана  болмысынан  бастау  алады.

 

Құс   екеш  құс  та ұясын  тыныш,  жылы   мекенге салады.  Ана  да  отбасының,  елінің тыныштығын тілеп, аналық  ақ   жүрекпен   болашаққа   жол  салады.

 

Расуллаһ  соңғы қажылығында:  «Жәннат  сендердің аналарыңның аяғының астында.  Ал, сендердің  апа-қарындастарың, нағашы,  жиен   әйел   туыстарыңның барлығы  да  ана   емес   пе?»  -деп айтқан. Яғни, саналы адам  әйел  кісіні  жылында бір  күн  немесе  өмірінде  бір жыл  емес,  өмір  бойы  сыйлауы  тиіс.

Ана жыр, ана-ән толғайды,

Көңілде қайғы-мұң қалмайды

Аруана ананың сүюін

Ешбір күш тоқтата алмайды.

Күйзелсең көңілі жабығар,

Құлаған жартастай қамығар,

Құрбан ғып шалатын ананың,

Сен үшін шығарда жаны бар.

Ия  өмір  құмға  сіңген  су  сияқты,  су  құйып жиналғанша,   сіңіп  үлгереді.  Сондықтан  да  өмірдің  әрбір сәтін  ұтымды  пайдаланып,  ана деген    асыл  да  ардақты есімді  аялай  білейік!