Web-парақ құру
Сабақтың тақырыбы: Web-парақ құру
Сабақ түрі: Ойын сабақ
Сабақта қолданылатын жұмыс түрлері: топпен, тікелей жұмыс, зерттеу, сергіту сабағы.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрсету материалдары: интерактивті тақта, компьютер
Шараның негізгі мақсаты – пәнге деген қызығушылығын жоғарлату.
Міндеттері:
- Негізгі түсінікті ойын түрінде қайталау.
- Игерген білімді стандартты емес жағдайларда қолдану, ұжыммен жұмыс жасай білу.
- Оқушылардың қарым-қатынасын, мәдениетін тәрбиелеу.
- Берілген әдістеме 7 класс оқушыларына қолданылуына болады.
- Ойынға 2 топтан 5 адам қатысады. Әр топ өздерінің атын, ұранын, эмблемасын, топ басшысын сайлайды.
Ұйымдастырушылар шара өтетін орынның безендірілуі және қажет материалдарды дайындауға жауап береді.
Шараны ұйымдастыру бөлімі:
- Топтармен танысу
- Сөзжұмбақты шеш
- “Қатені тап” тауы
- Келесіге өту
- “Сәйкестікті тап ” көлі
- “ Бос орынды толтыр” өзені
- “Иә жоқ” батпағы
- Қорытындылау
Шараның өту барысы
Ұйымдастырушы комитет
Жүргізуші әділ-қазылар құрамын жариялап, ортаға топтарды шақырады.
Топтармен танысу
Әрбір топ өзінің атын, ұранын және эмблемасын көрсетеді.
Жүргізуші:
Спутниктен жаңа аралды байқағаны жайында хабарлама келді. Жаңа объектілерді зеттейтін комитеттен (әділ-қазылар) жаңа хабарлама жасалынды.
Хабарлама!
Зерттелмеген аралды зерттеуде қатысқысы келетін 7 класс оқушылары 3 желтоқсан күні сағат 10 да, арал жағалауына апаратын кеме бортына шақырылады.
Алдын-ала тіркелу сәуірдің 1-і мен 4-і № 512 аудиторияда жүргізіледі.
Жүргізуші:
Сонымен, жузуге аттанамыз.
Сіздерге осы аралды зерттеп, жақсы ғалымды анықтау керек. Бізді және зерттеушілер тобын аралға арнайы транспортпен апарып, арал жағасына жеткізеді.
Жүргізуші:
Жағаны бақылау кезінде топ жағада мына жазуы бар белгіні тапты: “Сөзжұмбақты шеш және қазына аралының атын тап”
- Оң жаққа туралау
- Қаріп түсі
- Құжат тақырыбы
- Қаріп түрі
- Құжаттың жазылуы
- Құжат мазмұны
- Сырғымалы жол
- Құжат аты
- Сол жаққа туралау
- Кесте құру
- Қаріп өлшемі
- Ортасыны туралау
Әр командаға сөзжұмбақ беріледі.
(Әрбір дұрыс шешілген сөзге 1 жетоннан, және негізгі сөзді шешсе (аралдың аты)– 1 жетон беріледі)
Жүргізуші:
Сосын, біз аралдың атын тапқаннан кейін оны дауыстап оқыдық, сол кезде бір таңғажайып нәрсе болды. Алдымызда аралға саяхат жасауға шақыратын жол ашылды. Жол басында оралған қағаз жатты, оны ашқанда, біз аралдың картасын көрдік…
Жүргізуші:
Әрі қарай сол жолмен жүре бергенде, біз “Қатені тап” деген таудың етегіне келдік.
“Қатені тап” тауы
Html құжат құрылымы 5 бөлімнен тұрады.
құжаттың жабылу тегасын білдіреді.
Тізімдерді құру
Нөмірленбеген тізімдер тегтері арасында жазылады.
Нөмірленген тізімдер тегтері арасында жазылады.
Мұнда әрбір белгіленетін мәтін жолын ішкі тегімен бастау керек.
Әрі қарай саяхатымызды жалғастыру үшін біз осы қатені табуымыз керек.
(Әрбір табылған дұрыс жауапқа – 1 жетон беріледі)
Жүргізуші:
Осы тапсырма орындалысымен біз жолдың көлге апаратын жалғасын көрдік. Жағада өсетін ағашқа арқанмен байланған 3 қайық болды.
Жүргізуші:
Ағашқа байланған 3 кайықты босату үшін сәйкесін табу керек.
Тапсырма 3
“Сәйкестікті тап” көлі
(Әрбір табылған сәйкес сөзге – 1 жетон беріледі)
Жүргізуші:
Ағашқа байланған 2 кайықты босатып, ағыс бойымен төмен қарай түскенде алдымызға өзен кездесті.
Өзеннің жағасынан біз әрі қарай зерттеуге жол ашылатын тапсырма таптық.
Бұл тапсырмада біз бос орынды толтыруымыз қажет.
Тапсырма 4
“ Бос орынды толтыр” өзені
(Әрбір толтырылған бос орынға – 1 жетон беріледі)
Жүргізуші:
Алынған мәліметтерді хатпен жіберу керек “Хат жіберу”.
Жүргізуші:
Топ картамен қарағанда аралды зеттеу ісі аяғына жақындаған еді, бірақ оларға мақсатына жету үшін “Иә жоқ” батпағынан өту керек.
Әр топтың топ басшылары шақырылады.
Егер топ басшысы сұраққа жауап бере алмаса, онда жауап беру мүмкіндігі топ мүшелеріне беріледі.
Егер топ басшысы жауап берсе – топ 2 жетон, ал топ мүшелері жауап берсе – 1 жетон ұтып алады.
“Иә жоқ” батпағы
- html тілінің алғашқы нұсқасын Еуропадағы ең кіші қарапайым түіршіктер физика лабороториясының қызметкері Тимом Бернерсом-Ли жасаған болатын.
- Интернет желісімен жұмыс істеу үшін тышқан, пернетақта, монитор қажет.
- Ең көп тараған броузерлер ТСР және ІР.
- html тілінің тегалары блокнотта жазылады.
- Web парақтар пішімінің кеңейтілуі .htm
Жүргізуші:
Батпақтан өтіп, зерттеушілерді үйіне жеткізетін кеме тұрған жағаға жетті.
Қорытындылау уақыты (7мин)
Ойынның нәтижесін айтып, мақтау қағаздарымен марапаттайтын, әділ-қазы алқасына сөз беріледі.
Әуен ( шараға қатысушыларға орындалады).