Қанат туралы хикая
Сабақтың тақырыбы: Қанат туралы хикая
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру,оқу талдау,бекіту.
2.Тәрбиелік.Табиғатты аялауға, ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру.
3.Дамытушылық.Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
Сабақ типі:Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының элементтері.
Сабақтың көрнекілігі:Ф.Оңғарсынованың суретті,мазмұнға сай суреттер.әңгімелесу картасы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылырды түгелдеп,құрал-жабдықтарын даярлату
2.Психологиялық дайындық
Қай баланың «бесі» көп,
Сол баланың есі көп
Кімдер алса «төртті» көп,
Сана сынып көркі деп-шумағын баяу,шапшаңырақ,тез(өте жылдам)3 рет айту.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Алтын сөз» өлеңін мәнерлеп оқып,оқушылардың жаттап келген баталарын айтқызу.
ә)Сұрақ-жауап алу:
-Бата қайда айтылады?
-Батаны не үшін айтады?
-Батаны кім береді?
-Бата туралы қандай нақыл сөз білесің?
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Кіріспе
-Балалар қазір мен бір шумақ өлең оқимын,кімдікі және қалай аталатынын айтасыңдар?
Жер бетінің ғұмыры
Күн нұрымен арайлы
Біздің үйдің жылуы
Анамыздан тарайды.
-Ф.Оңғарсынова «Жылу»атты өлеңі.
-Ендеше бүгінгі сабақта Ф.Оңғарсынова апамыздың тағы бір өлеңімен танысамыз.
-Ф.Оңғарсынова 1939 жылы Атырау обылысы,Исатай ауданында дүниеге келген.Қазақтың дарынды ақыны.
Ақынның тұңғыш кітабы 1967 жылы шыққан.Жас оқырмандарға арналған өлең-жырлары өте мол.
2.Қызығушылығын ояту.
а)Тақырыпты ашу.
Тақтаға өлең тақырыбы жазылады.
-Қанат деген сөзді қалай түсінесіңдер?Ал хикая деген не?
ә)Сурет бойынша әңгіме құру.
-Осы суретке қарап отырып,өлең не жайында айтылады, соған болжам жасайық.(жұпта өз ойларын талқылай отырып,әңгіме құрастырылады)
3.Мағынаны ажырату.
а)Өлеңді мұғалім оқиды.
ә)Оқушылар іштей оқиды,сосын бірнеше оқушы дауыстап, мәнерлеп оқиды.
б)Сұрақ-жауап:
-Өлең не туралы?(балапан,ата-ана,бала туралы)
-Балапанға не болды?(балапан құлап қанатын сындырды)
-Балапанға көмек берілді ме?(ия,оның қанатына дәрі жағып,байлады)
-Оның ата-анасы қарлағаш не істеді?(жылап,шырылдап ұшты)
-Балапан қанатын көріп,бала не ойлады?(менің де екі қанатым бар екен-ау деп ойлады)
-Адамның екі қанаты кім?(Ата-анасы)
-Қос қанатың түгел болса қандай болады ?(өмірің жарасым тауып,бақытты болады)
-Ал біреуі жоқ болса нендей жағдай туады?(мәңгілік ұша алмай,мүгедек болып қалады)
-Өлеңде ата-анаға қандай тілек айтылған?(екі қанатым ата-анам сау болсын)
в)Көркем сөздермен жұмыс.
Сұрақ қою арқылы көркем сөздерді бөліп алу.
1.Қарлығаш баласы жерге құлап қалғанда не істеді?(жылады)
-Жылады сөзі тура мағынада айтылып тұрған жоқ.Мұнда қандай мағынада тұр?
Жан ұшырды | |
Жылады | Қатты үрейленді |
Шырыл қағып, дамыл таппады |
2)Дәрі жағып көмек берген соң балапанның халі қандай болды?(күш жинады)
Әлденді | |
Күш жинады | Денсаулығы жақсарды |
г)Көркем ойлармен жұмыс
-Осы өлеңнен ата-анасын қанатқа теңеген жолдарды тауып оқыңдар.
Оң қанатым-әкем де,
Сол қанатым-анашым.
Бірі түссе қатерге,
Мәңгі ұша алмай қаласың.
-Ата-анасын қанатқа қалай теңейді?
ІҮ.Бекіту.
1.Топтық жұмыс.
І.топ:Әке-шеше туралы өлеңдерді еске түсіріп айту.
ІІ.топ:Ата-ана туралы мақал-мәтел ойлау.
ІІІ.топ: «Әке-шешем және мен» тақырыбына мәтін жазу.
Топтың жұмысы талданады.
2.Семантикалық картаны толтыру.
Өлеңнің аты | Авторы | Кейіпкерлер | Оқиға орны | Өлең несімен ұнады | Өлеңдегі мақсат не? |
Қанат туралы хикая | Ф.Оңғарсынова | Балапан, ата-ана,бала | Далада | Баланың балапанды емдеп жібергені | Баланың балапанға берген көмегі, ата-анаға тілеген ақ тілегі мен адал қымбат жан жоқ |
Ү.Үйге тапсырма
а)Оқушыларды бағалау.
ә)Өлеңді мәнерлеп оқу.Ата-анаға тілейтін ақ тілектерін жазып келу.