Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бертагина Алтынай Амангелдіқызы
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
А) білімділік: оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.
Ә) дамытушылық: ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін-бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ребустар,кестелер, слайдпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару
— Оқу құралдарын дайындату
-Кезекшінің жұмысын қадағалау
-Сабақтың мақсатын хабарлау
ІІ.Жаңа сабаққа дайындық:
-Өткен сабаққа шолу жасау
Өткен сабақта біз қандай сөз табын өттік?
Зат есім
Жалпы Жалқы
Кім? Не?
-Мысал келтірейікші?
-Жетісу-көркем өлке.
-Ендеше балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадын жазып алайық.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері».
-400-жаттығуға назар аударайық. Суретке қара. Әр сүреттегі заттардың санын анықта.
Қоян Қояндар балапан балапандар
-Сөздерді салыстырып оқиықшы? Олардың бір-бірінен қандай айырмасы бар?
(Оқушылар жауабы)
Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:
аталар, құстар, түйелер.
84
М: Суреттерге назар аударайық.
-Бірінші суретте неше үйрек бар?
-Біреу
-Үйрек сөзінесұрақ қойайықшы?
-Не?
-Екінші суретте неше үйрек бар?
-Үшеу
-Үйректер сөзіне сұрақ қойайықшы?
-Нелер?
-Келесі суретке қарайық.Неше қыз бала бар?
-Біреу
-Ал екінші суретте неше қыз бала бар? Қандай сұрақ қоямыз?
-Біреу. Кімдер?
Зат есім
жекеше көпше
кім? не? кімдер?нелер?
401-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.
М: Қарамен жазылған сөздердің астын сызамыз.Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырайық. Қарамен сызылған сөздер қайсысы?
О: ағалар, апалар.
М: Балалар бұл қай ақынның өлеңі?
О: Әнуарбек Дүйсенбиев.
М: А Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?
О:А. Дүйсенбиев 1931 жылы Алматы облысы, Қарақастек атты тау етегінде дүниеге келген. Балалар ақыны Ә.Дүйсенбиев Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. «Сыйлық», «Не деу керек?», «Қайырлы таң балалар» өлеңдері бар. Дүйсенбиевтің өлеңдер жинағы қырғыз, татар, украин тілдерінде де басылып шыққан.
М: Тақтаға назар аударайық. (Слайдта ереже жазылған.)
Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:
аталар, құстар, түйелер.
402- жаттығуды орындау үшін тақтаға назар аударайық. (Слайдта жазылған жаттығудың тиісті жалғауларын жазады.)
Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз.
Ауданда суретші (-тер,-дер, -лер) жарысы өтті. Бала(-лер, -дар,-лар) сурет салуды жақсы
үйренген. Жеңімпаз (-дар,-дер, -тар) ға сыйлық (-тар, -дар, -тер) тапсырылды.
85
403-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
(Инеліктер)
-Инеліктер ұшатын жәндік.
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту.
-Балалар бүгінгі сабағымызды «Ойлан, тап!» ойыны арқылы қорытындылаймыз.
ІV. Үйге тапсырма беру.
-Балалар үйден 405- жаттығуды орындап, ережені мысалмен бірге жаттап келеміз.(133-бет)
V.Бағалау.