Дене тәрбиесі сабағында

Сабақтың тақырыбы: Дене тәрбиесі сабағында

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жіктік жалғаулыран меңгерту, «дене тәрбиесі сабағында» тақырыбында сөйлесуге үйрету.

Дамытушылық: Тілдік қатынас арқылы сөйлеу әрекетін дамыту, ауызекі тілдесімдік, еркін, жүйелі сөйлеуді үйрету, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: қазақ тілін мақтан тұтуға баулу, ардақтауға үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, әңгімелеу, сырттай саяхат

Сабақтың әдісі: Модульдік технология, деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап, диалог, түсіндірме, аударма, мәнерлеп оқу, коммуникативтік танымдық жұмыс түрлері

Сабақтың көрнекілігі: Грамматикалық кесте, сөздік, деңгейлік тапсырма, дене тәрбиесіне қажетті құрал-саймандар.

Пәнаралық байланыс. Дене тәрбиесі

Сабақ барысы:

І. Үйымдастыру кезеңі: Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету. Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Бүгін кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Бүгін ауа райы қандай?

-Бүгін нешесі?

— Көңіл-күйлеріңді көрейін. (Оқушыларға арнайы көңіл-күйін білдіретін қағазды әр қайсысына таратып беру.)

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын анықтау. Слайд көрсетіледі.

а) Сұрақ-жауап арқылы тексеру

б) Жаңа лексиканы тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ:

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  • Сендердің ойларынша қандай сабақ қалды?
  • Таңертең тұрғанда не істейсіңдер?
  • Денелеріңді шынықтырасыңдар ма?

Жаңа лексикамен жұмыс:

  • жеке-жекеоқып, хормен қайталау.

 

Дене тәрбиесі сабағы – урок физкультуры

Жүгіремін – побегу

Секіремін – прыгаю

Шынығамын – закаляюсь

Жаттығу — упражнение

 

2) сөздермен, сөз тіркестерін құру

3) сөз тіркестерінен сөйлем құру

4) сөздердің синонимін және антонимін табу.

 

ІҮ. Ойын ойнау. Қағазға жазылған спорт түрлерін оқуышыларға көрсетпей, ыммен түсіндіру, ал оқушылар соны табу керек. Сөздер: шаңғы, футбол, теннис, хоккей, күрес, шатнгкөтеру.

 

Ү. Грамматикалық тақырыппен жұмыс:

2 – тапсырма. Сөздерді жіктеу.

3 — тапсырма. Буынға бөл, буын түрлеріне қарай бөл.

 

ҮІ. Сергіту.

Қолда белге қояйық,

Басты оңға бұрайық.

Басты солға бұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалыпқалайық.

 

ҮІІ. Деңгейлік тапсырмамен жұмыс.

1 — деңгей.

  1. Нүктенің орнына жіктік жалғауын дұрыс жалға.

Мен ауылға бара….

Дүкеннен дәптерді сен сатып ала….

Айгерім үй жұмысын жаса….

Ауруханаға сіз бара…

  1. Дене тәрбиесі сабағына диалог құр.

2-деңгей.

  1. Нүктенің орнына есімдікті дұрыс орналаастыр.

….  оқисың.

….  жүгіреді.

…. жазасыз.

…. ойнаймын.

  1. Сөздерді сәйкестендір.

Дауысты             буын

Ашық                  тәрбиесі

Дене                    дыбыс

Жіктік                 жылғау.

3-деңгей.

  1. Сөздерді сәйкестендір.

Мен                жүгіресің

Ол                  секіресіз

Сіз                  ойнайды

Сен                 жазамын

  1. Буынға бөліп, түрлерін жаз.

Дене тәрбиесі сабағы.

ҮІІІ.БЕКІТУ: Гүл шоғына жазылған жаңа сөздерді дұрыс тауып, тақтаға магнитпен орналастыру.

ІХ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ: 1) Сөздік жаттау, сөз тіркесін құру

2) 4-тапсырма. Суреттердің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді жаз.

Х. ҚОРЫТЬІНДЬІЛАУ:  -Нені өттік?

-Нені үйрендік?

-Нені білдік?

 

ХІ. БАҒАЛАУ. Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай, ынтасына қарай, білім деңгейіне қарай бағалау.

ХІІ. РЕФЛЕКСИЯ

Оқушының жеке көңіл-күй жағдайын, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.

Сабақтың басында берген адамның көңіл-күйін білдіретін қима қағаздарды оқушылар көрсету арқылы көңіл күйлерін көру, сабақтың ұнағанын байқау.