Сөйлем туралы берілген білімді тиянақтау
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем туралы берілген білімді тиянақтау
Сабақтың мақсаты:Сөйлем туралы алған білімдерін пысықтау,бекіту.
білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдерді,тұрлаулы,тұрлаусыз
мүшелерді нақты ажырата білу.
тәрбиелік: ұйымшылдыққа,ынтымақтастыққа,өзбетімен жұмыс жасауға,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
дамытушылық:балалардың сауаттылығын,ауызша және жазбаша тілдерін
дамыту.Сөздік қорын молайту.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, тірек-сызба
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:интерактивті әдіс,талдау,сұрақ-жауап,ассоциация
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
а) психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айнала нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз –білім алу,
Міндетіміз-еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5»-ке қолды жеткізу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
-Ойдан екі хабарлы сөйлем және екі сұраулы және екі лепті сөйлемдер жазып келу.
(4-5 оқушыдан үй тапсырмасын сұрау)
3.Негізгі бөлім
-Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Сөйлем туралы білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
Көркем жазу ССС сссс су сөйлем
Самал сағат сегізде саябақта серуендеді.
Ой қозғау
СӨЙЛЕМ |
-Әр оқушы өзінің ойын жазады.
Мағынаны тану
-Балалар,қазір жылдың қай мезгіл?
-Күз. Күзде қандай өзгерістер болады?
(Жаңбыр жауады, жапырақтар түседі.)
-Ендеше, бүгінгі сабақтағы білімдеріңді жапырақтар жинау арқылы бағаланады.
3.«Орнын тап» ойыны 143-жаттығу (ауызша орындау)
Тауық шақырды. Мұғалім сыныпқа кірді.
Мырзабек берді. Сәресіде тауық шақырды.
Ол оқыды. Ол өлең оқыды.
Жел соқты. Суық жел соқты.
4.Оқулықпен жұмыс 144-жаттығу (өзбетімен жұмыс)
Жирен құлын кісінеді. Екі бала ойнады. Өзеннің суы тұнық. Темір қақпаақпа ашылды. Түнде күн күркіреді.
-Бұл сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелер қай сөз?
-Қандай сөз табына табады?
145-жаттығуды «Кім тез табады?» ойыны арқылы орындау.Сөйлемдердің тұрлаусыз мүшесін тауып,сөз құрамына талдау.
Тұрлаусыз мүшенің сөйлемдегі қай сөзбен байланысты екенін айт.
Шашыраған сөздерден сөйлемдер құрау.Берілген суреттермен байланыстырып құрату.
Ағам отын жарды. Ағам балтамен отын жарды.
Дулат жем шашты. Дулат балапандарға жем шашты.
Айнаш су әкелді, Айнаш шелекпен су әкелді.
Атам аңға шықты. Атам қансонарда аңға шықты.
Осы сөйлемде бізге таныс емес сөз қай сөз?
Қансонар-алғашқы қар жауған кезде қардың бетіне аңның ізі түскен кезде аңшылар аң аулауға шығады.Аң аулауға нағыз қолайлы кезді айтады.
-Осы сөйлемдердің айырмашылығы неде?
-үш сөзден және төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдер.
— үш сөзден құрылған сөйлемде бір тұрлаусыз мүше, ал төрт сөзден құрылған сөйлемде екі тұрлаусыз мүшелерден тұрады.
- Бекіту. БиС технологиясының қиылысу сұрақтары арқылы сабақты бекіту.
- «Табиғат жақсы ма?»-бұл хабарлы сөйлем (жоқ, сұраулы сөйлем)
- Сөйлем мағынасына қарай 3-ке бөлінеді (иә)
- Сөйлем дыбыстан тұрады? (жоқ,сөзден)
- Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады? (иә)
- Сөйлемнен соң нүкте,леп,сұрақ белгісі қойылады (иә)
- «Біз аулаға шықтық.» -жалаң сөйлем. (жоқ,жайылма сөйлем)
- Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем лепті сөйлем(жоқ,сұраулы сөйлем)
- Бастауышты екі сызықпен белгілейміз (жоқ,бір сызықпен)
- Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден тұрады.(иә)
- Сөйлемнің бірінші сөзі кішкентай әріппен жазылады.(жоқ,бас әріптен)….
Әр сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға ұпай (жапырақтан) беріледі.
7.Үйге тапсырма: 146-жаттығу Жайылма сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау.
8.Қорытынды.
9.Бағалау. Әр оқушының жинаған жапырақтар санын есептеп бағалау.