В дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

  1.     В дыбысы,әрпімен танысу,берілген сөздерді оқу                                                       және жазуға,буын оның түрлерін ажырата білуге үйрету

 

  1. Ой — өрісін ,сын тұрғысынан ойлау            қабілетін,сөздік қорын тіл байлығын дамыту

 

  1.   Сауатты көркем жазуға,үлкенді сыйлап,кішіге    қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі:    суреттер,текшелер,кеспе әріптер,слайд.

        Сабақтың әдіс-тәсілдері:     түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап,                                                                       талдау

 

Сабақтың түрі:         Жаңа сабақ.

 

Сабақтың барысы:

І Ұйымдатыру.

А) сәлемдесу

Ә) түгендеу

Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

В) психологиялық дайындық

 

                                     ІІ Өткен  сабақты пысықтау.

 

«Бәйге» ойынын ойнату.

Мақсаты:Өткен сабақта алған білімдерін тексеру.

Ойынның шарты:Орналасу ретімен кез-келген бір санды атап,сұрағына жауап беру.

 

  1. Һ дыбысы қандай дыбыс?
  2. Қаһарман сөзін буынға бөл.
  3. Қазақ қаһармандарын ата
  4. «Қаһарман» мәтінінде не туралы айтылған?
  5. Һ дыбысын қатыстырып сөз ойла
  6. Жұмбақты шеш

Теуіп-теуіп қалдым

Алысқа ұзап бардым.                    Жауабы: Велосипед

 

 

                                  ІІІ Жаңа сабақ

 

— Велосипед туралы әңгімелеу.Шығу тарихын айту.

Велосипед сөзін буынға бөліп қай дыбыстан басталғанын сұрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.Мақсатын хабарлау.

  • В- ұяң,дауыссыз дыбыс.Орыс тілінен енген дыбыс.
  • Жаңа сөздермен таныстыру.Суреттерін көрсете отырып,мағынасын ашу.

Вагон,трамвай,автобус,аквариум,велосипед,вокзал.

  • Сөздерді буынға бөліп,неше дыбыс,неше әріп бар екенін анықтау
  • В дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі.

 

                           ІV Оқулықпен жұмыс.

 

  • Суретке қарап,әңгімелеу.Вокзал туралы білетіндерін сұрау.
  • Мәтінмен жұмыс.

А) Өзім оқимын

Ә) Мәтінді талдау.

Б) Іштей оқу,дауыстап,тізбектеп оқыту.

— «Үлкенге құрмет-балаға міндет» мақалының мағынасын ашу.

 

 

 

                    V  Сергіту сәті

                   VІ  Дәптермен жұмыс.

 

Ауада жазу.Жазу жолындағы әріптерді жазу. В в әрпін балалардың әдемі,таза,сауатты жазуларын қадағалау.

 

                  VІІ  Топпен жұмыс

 

Топпен жұмыс жүргізу мақсатында әр топқа жеке-жеке тапсырмалар үлестіремін.

 

1-топ «Волейбол» сөзіндегі дыбыстарды  қатыстырып сөз құра.

2- топ. Буын ұйқасын тап.

 

-гон,-гон,-гон                                       рет,-рет,-рет

Келіп қалды………                                Мен саламын……..

 

3-топ.Суретке қарап әңгіме құрастыр.

 

                VІІІ   Ой-толғаныс.

 

Топтастыру стратегиясын қолдану.

В дыбысы бойынша не үйрендік,не білдік?

 

 

трамвай                                                орыс тілінен енген дыбыс

велосипед                            В           барлық буындарда кездеседі

 

           аквариум              ұяң дауыссыз дыбыс

 

 

 

        ІХ     Сабақты    қорытындылау

 

Сабақта сөз жұмбақ арқылы қорытындылаймын.

  1. Түйе сүйіп жейтін шөп. (Жантақ)

2.Бір-бірімен қора үйлер тіркесіп

Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп                (Вагон)

 

  1. Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар                                 (трамвай)

 

  1. Поездға қай жерден мінеміз? (Вокзал)

 

  1. Суда жүзетін көлік (Қайық)

 

  1. Ең жақсы баға (Бес)

 

  1. Үй жануары (Мысық)

 

Сөз жұмбақтың шешімі :   Жарайсың

 

                  Оқушыларды мадақтау