Қиылысатын және қиылыспайтын түзулер
Сабақтың тақырыбы : Қиылысатын және қиылыспайтын түзулер.
Сабақтың мақсаты: 1. Қиылысатын және қиылыспайтын түзулер туралы түсініктерін қалыптастыру, жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын бекіту.
2.Баланың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға, мақсатына жетуге ұмтылдыру. Қиялын дамытуға әсер етіп, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық және өздік жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекі құралдары: интерактивті тақта, сызғыш т. б.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- II. Өтілген материалдарды қайталау.
Математикалық диктант.
350 : 50, 8 · 80, 280 : 4, 45 ·0, 12 · 6, 55 : 5, 78 : 2, 16 · 4, 7 · 60, 54: 2, 30 · 0, 342 · 1.
III. Жаңа сабақ.
- Жұмбақ жасыру.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында. (Сызғыш)
- Олай болса, бүгін бізге, практикалық жұмыс жасау үшін сызғыш керек болады екен.
- Түзу дегеніміз не?
- Дәптерге қиылыспайтын түзулер сыздыру. (Түзудің басы да, ұшы да жоқ.)
- Енді, қиылысатын түзулер сызайық. (Қиылысқан жері қиылысу нүктесі.)
- Қиылысқан екі түзуде екі қиылысу нүктесі болуы мүмкін бе? Бір нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
- Интер/тақта арқылы қиылысатын және қиылыспайтын түзулерге түсінік беру.
- Өтілген материал бойынша жұмыс.
№3 — есепті талдап, содан кейін өз беттерінше шығарту.
а) Болғаны — ? б., 5 л-ден 365 л.
Сатылғаны – 24 б.
Қалғаны — ?.,
Шешуі: 365 : 5 – 24 = 49 (б.)
Жауабы: болғаны – 73 б., қалғаны – 49 б.сүт.
Өздік жұмыс.
№4 — өрнектерді баған түрінде жазып, есептеу.
- 3 = 963 865 : 5 = 173
- 4 = 388 984 : 4 = 271
79 · 5 = 395 361 · 2 = 712
Сергіту сәті .
№5 Интер/тақтадағы кесте бойынша жұмыс. (Ауызша)
Қатысушылар | 1 — айналым | 2 — айналым | 3 — айналым |
Батыр | 1 мин 2 с | 1 мин 11 с | 2 мин 5 с |
Ержан | 1 мин 7 с | 2 мин 0 с | 2 мин 2 с |
Қайрат | 1 мин 0 с | 1 мин 1 с | 2 мин 0 с |
- Балалардың қайсысы бірінші келді?
- Жолдастары одан неше уақытқа қалып қойды?
№6 Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
— см — мм | — дм — см — мм | |
23 мм | 2 см 3 мм | 0 дм 2см 3 мм |
165 мм | 16см 5 мм | 1 дм 6см 5 мм |
800 мм | 80см 0 мм | 8 дм 0см 0 мм |
602 мм | 60см 2 мм | 6 дм 0см 2 мм |
62 мм | 6см 2 мм | 0 дм 6см 2 мм |
307 мм | 30см 7 мм | 3 дм 0 см 7 мм |
Сергіту сәті .
№ 7 — логикалық тапсырма
Сұлтан – 4 жыл 6ай үлкен
Жалғас — 6 жыл 6 ай үлкен
Перизат — ? ж ……………………….
- Сабақты қорытындылау.
„ Не оқып білдік ? ” ойыны
- Қалың дәптерде 40 бет бар. Қыз бала 1/8 бөлігіне жазды. Неше бетке жазды?
- Пойыз 45 км жүрді, бұл барлық жолдың ½ бөлігі. Барлық жол неше км?
- Пойыздың жолын қандай түзуге жатқызуға болады?
- Әлияда 10 теңге, ал Нәзирада одан 2 есе артық. Нәзирада неше теңге қалды?
- Торт пісіру үшін 500 г қант керек. 2 тортқа неше г қант керек?
- Қиылысатын түзулерге нелерді жатқызуға болады?
- Оқушыларды бағалау, мадақтау.
- Үйге: №3 ә) 128 бет