Шығарма. «Көктем»
Сабақтың тақырыбы : Шығарма. «Көктем»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға берілген тақырып бойынша суретке қарап, шығарма жазғызу арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру.
- Оқушының көктем мезгілі жайындағы білетіндерін жазғыза отырып, сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс қолдануын, сөйлем мүшелерінің орнымен жазылуын қалай меңгергенін және сауаттылығын анықтау.
- Топта бірлесе жұмыс істеуге, бірін – бірі тыңдауға; табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілік құралдары : интерактивті тақтадан көктемге байланысты слайдтар .
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу- құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аудару.
- Жаңа сабақ.
1). Тақырыппен таныстыру.
2). Көктем туралы не білетіндіктерін әңгімелету.
3). Шығарманың жоспарын құру.
- Көктем айлары
- Көктемдегі өсімдіктер
- Жануарлардың көктемгі тіршілігі
- Адамдардың көктемгі еңбегі
- Көктемгі мерекелер
- Көктемгі ойындар
- Көктем қызығы
4). Шығарманы жазғызу
5). Қадағалау.
6). Дәптерді жинау, тексеру.
III. Бағалау, мадақтау.
- Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау.